Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»


  Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке



бет128/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   280
221 

Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке 

тәрбиелеу жағдайлары 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесі белгілі бір 
жағдайларда тиімді болуы мүмкін. Оларды қарастырайық.
Балалардың рахаттанып жұмыс істеуі үшін, эмоционалды-


жағымды атмосфераны құру қажет. Бала ересектердің сүйсініп
жұмыс

жасайтынын,


қиындықтарда 
«наразылық
білдірмейтінін», сәттілікке, нәтижеге қуанатынын көргенде, сол 
сияқты жұмыс істегісі келеді. Еңбек үдерісінің өзі балаларға
қуаныш сыйлайтыны маңызды. Бұл үшін музыканы пайдаланған 
жақсы. Көп ақыл-ой жүктемесін талап етпейтін еңбек уақыты
кезінде тәрбиеші үнжазбадан, күйтабақтан балалардың сүйікті 
әндерін немесе тыныш әдемі әуенді (егер балалар қол еңбегімен
айналысып жатса) немесе көңілді сергек музыканы (мереке 
алдында топтық бөлмені тазалап жатса) қосады. Музыка қатты
дыбысталмауы керек. Бұл көңіл-күйді қалыптастырудың аясы 
болуы керек. Өкінішке орай, тәрбиешілер балалар еңбегін
ұйымдастыруда осы маңызды факторды бағаламайды. 
Балалармен ересектер, әсіресе ата-аналар бірге жұмыс
істегенде, эмоциялық қызу артады. Демек, ата-аналарды үй-
жайларды тазалауға, алаңды көгалдандыруға, шырша
ойыншықтары мен маскарад костюмдерін дайындауға шақыру 
әрқашан қажет. Барлық баланың ата-аналары әрдайым келуі
міндетті емес. Әрбір бала өз анасы мен әкесінің онымен бірге 
жұмыс істеуге келетінін білгені маңызды.
Еңбектің нәтижелерін талқылау, марапаттар тапсыру арқылы 
жақсы эмоционалдық атмосфера пайда болады. Еңбегі үшін
сыйақы моральдық болуы мүмкін, материалдық та болуы 
мүмкін. Мысалы, жақсы жұмыс істегендердің барлығы
белгішеге ие болады. Өз бастамасы бойынша жолдастарына 
көмектескен «қолы алтындарға» - «Кімге көмек керек?» деген
белгіше және т.б. Тәрбиеші балалармен бірге осындай көптеген 
марапаттарды ойлап тауып, жасай алады. Барлығы үшін марапат
бірге отырып шай ішу түрінде де бола алады. Әдемі 
орналастырылған және ыдыстар талғаммен қойылған үстелдер,
гүлдер және «арнайы біз үшін Татьяна Михайловна
дайындаған» тоқаштар мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Еңбек қызметінің тербиелеу жетістігін қамтамасыз ететін 



222 
шарттар материалдық орта мен еңбек жабдықтарын 


ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жабдықтарына -
олардың мөлшеріне, материалына, түсіне және мектеп жасына 
дейінгі балалардың жұмысын ұйымдастыруға белгілі бір
талаптар бар. Талаптарды міндетті түрде орындау керек, себебі 
бұл балалар денсаулығының, ал кейде өмірінің кепілі болып
табылады(Балабақшада 
балалардың
адамгершілік-еңбек 
тәрбиесі / Р.С.Буре ред. — М., 1987 кітабының қосымшасын
қарау). Адамгершілік тәрбие тұрғысынан қарағанда, жабдықты 
дұрыс таңдау да маңызды. Бұл жағдай еңбектің нақты
ұйымдастырылуына, еңбекке уақытында қосылуға ықпал етеді.
Жабдық барлық балалар үшін жеткілікті болуы тиіс. Әрине,
балаға: «Күте тұр, қазір Сережа қазсын, сосын күректі саған 
береді. Содан кейін сен қазатын боласын»,- деп айтуға да
болады. Бірақ тәрбиешінің жабдықты қажетті мөлшерде алдын-
ала таңдағаны, ал егер жеткіліксіз болса, басқа балалар не
істейтінін ойлағаны дұрыс. Дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек 
балаларға
кедергі

келтіреді


және

жұмысқа
деген

қызығушылығын төмендетеді. Мүмкін болса, тұрмыстық
техниканы пайдалану қажет.Балалар құрал-жабдықты қолданар 
алдында оларға тиісті әдістер мен амалдарды үйрету керек:
оларды қолында ұстауға, тіпті ойнап көруге мүмкіндік беру, 
содан кейін іс-қимыл тәсілін көрсету. Осыдан кейін ғана
жұмыстың басталуы туралы жариялайды. 
Еңбек тапсырмаларын орындау кезінде баланың жасай
алатын жұмыс жүктемесін ескеру өте маңызды. Балаларға аса 
көп жұмыс жүктеу қауіпті. Баланың өзіне өте ауыр су, құм толы
шелектерді көтеруін, ұзақ әрі көп қазуын, ұзақ уақыт бойы бір 
қалыпта отыруын және т.б. мүлде болдырмау керек. Шаршау
жұмысқа

қызығушылықты


азайтады, 
сонымен
қатар

денсаулыққа зиян тигізеді. Дегенмен, керісінше, балаға ол үшін


оңай міндеттер ұсынылғанда немесе кішкентай балаларға 
жарамды «балалар» құралдарын ұсынғанда немесе ауыр
жұмысқа жарамсыз болып келетін ойыншық құралдарды берген 
дұрыс емес.
Балалардың жұмысқа деген ұмтылысын қолдайтын жағдай
осы немесе басқа еңбекке бейім жеке мүдделерді қарастыру
болып табылады. Бұл мәселе әрдайым мамандар үшін пікірталас 
тақырыбы болып келді және осылай қала береді. Балалардың
мүдделерін есепке алу қажет пе, себебі оларды кез-келген 



223 
жұмысты ықыласпен және қызығушылықпен атқаруға үйрету 
керек пе? Бұл сұраққа жауап бастапқы әдістемелік ұстанымға
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Егер біз дара тәрбие үлгісін 
қолданатын болсақ, онда балалардың мүдделерін ескеру қажет.
Әрине, балаға көп нәрсені білетін және қандай да бір жұмыстан 
бас тартпайтын адамның артықшылығын көрсету қажет. Баланы
жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болмайды. Тәрбиелік әсердің 
шеберлігі баланың жұмыс істеуге құлшынысын оята білген
педагогтың қабілетімен өлшенеді. 
Еңбекпен жазалауға жол берілмейді. Бұл ережені А.С.
Макаренко енгізген еді, бірақ ол бүгінгі күні өзектілігін 
жоғалтпады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбек - пайдалы және 
маңызды қызмет. Бұл баланың жалпы дамуына: танымдық
салаға, ерікті, эмоционалдық даму; эстетикалық сезімдерді, 
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, өзін-өзі бағалауды
дамытуға ықпал етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет