Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»


Үздіксіз білім беру - бұл білімді алуға, әр түрлі әлеуметтік



бет37/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   280
Байланысты:
С. А. Козлова, Т. А. Куликова-emirsaba.org

Үздіксіз білім беру - бұл білімді алуға, әр түрлі әлеуметтік 

және кәсіби міндеттерін орындау үшін үйрену және 

дайындау қабілеттерін қалыптастыруды, сондай-ақ елдің 

масштабында және бүкіл әлемде әлеуметтік дамуға 

қатысуды қоса алғанда, оның жеке тұлғасының барлық 

жақтарын және қабілеттерін дамытуға бағытталған адам 

қызметі. 
Үздіксіз білім берудің негізгі қағидаларын келесі түрде 


қарастыруға болады:

білім беру жүйесін адамға, оның кейбір жеке және базалық

қажеттіліктеріне бейімдеу;



білім беру жүйеснің кең демократиялығы, әркімді жынысына,

әлеуметтік жағдайына, ұлтына, физикалық жағдайына және


т.б. қарамай, білім берудің барлық кезеңдері мен түрлерінің
қолжетімділігі, ашықтығы;


61


халықтың әртүрлі санаты мүдделерінің ерекшеліктеріне,


сондай-ақ оқытудың стильдері мен қарқынына білім беру
жүйесінің жылдам жауап беруі;

әрбір қызығушылық танытқан адамға оған қолайлы түрде,

қажетті көлемде, қолайлы жерде, барлық уақытта


пайдалануға мүмкіндік беретін білім беру қызметінің түрлі
формаларын дамыту;

білім берудің ресми және бейресми түрлерінің (шаруашылық-

есептік курстар, мүдделер бойынша үйірмелер, клубтар және


т.б.) біртұтастығы, қоғамды «оқытушыларға» айналдыратын
«білім беру даласын» құру;

адамдар өмірінің кез келген кезеңінде білім алуды

қамтамасыз ету үшін электрондық техниканы пайдалану.


Қазіргі уақытта адамға білім берудің барлық факторларының
өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесі
әзірленуде. Осы факторлардың қатарындағы жетекшісі ретінде 
әр мемлекетте білім берудің жүйесі болып қалыптасқаны
саналады, ол әр адамның әртараптандырылған дамуына негіз 
болады, білім беру мен өздігінен білім алу үшін негізді
қалыптастырады. Үздіксіз білім беру жүйесінде өздігінен білім 
алу ерекше орын алады, сондықтан адамның өз бетімен білім
алуға, ақпаратты іздеуді жүргізуге, қайнар көздермен жұмыс 
істеуге және т.б. қабілеттілігін дамыту маңызды.
Білім берудің үздіксіздігі үшін алаңдаушылық көптеген 
мемлекеттердің әлеуметтік саясатының орталығы болып
табылады, ал үздіксіз білім берудің өзі оқу, жұмыс, демалыс 
уақытында интеграцияланған жаппай қозғалысқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет