арттыруды жақсартуға.
59
қажеттіліктеріне сәйкес білімді таңдау еркіндігін, әрбір адамның
өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасауын, оның қабілеттерін
еркін дамуын және т.б. бекітеді.
Үзіліссіз білім беру
Өмірінде
бір рет оқып, білім алу мүмкін бе деген мәселе
қоғам үшін жаңалық болып табылмайды. Үздіксіз (өмір бойы)
оқыту идеясы бұрыннан пайда болды. Үйрену қажеттілігі
туралы алғашқы ақыл-кеңес ежелгі жазбаларда (Киелі кітап,
Құран, Талмұт), Платон,
Аристотель пікірлерінде, «Білімді
бесіктен тесікке дейін ізден» сияқты халық сөздерінде үнемі
қамтылады.
Үздіксіз
білім
берудің
заманауи
тұжырымдамаларының алғышарты – Я.А.
Коменскийдің
педагогикалық көзқарастары болды. «Адамзат істерін түзету
туралы жалпы кеңес» трактатында ғалым былай деп жазды:
«Ғасырдың басынан бастап соңына дейін адамзаттың барлық
түрі үшін бүкіл әлем - мектеп болса, онда бесіктен бастап көрге
дейін әрбір адам үшін оның өмірі – мектеп; Сенекпен бірге:
«Кез келген жаста оқуға кеш емес,» - деу жеткіліксіз, Былай деп
айту керек: әр жас білім алуға арналған,
және сол шектер адам
өмірінде және адам мектебінде байқалады».
Осылайша, үздіксіз білім беру идеясы бұрыннан пайда
болған, бірақ адамзат үшін оны жүзеге асыру өзекті қажеттілігі
ХХ ғасырдың
аяғында сезіле басталды. Бұл қазіргі заманғы
Достарыңызбен бөлісу: