45
3.4.3.
Туралған таза ет массасы және одан жасалатын
жартылай фабрикаттар
Туралған таза ет массасын әзірлеу ҥшін
котлеттік етті
сіңірлер мен қатты дәнекер тінінен тазартады. Майы аз
котлеттік етке май қосылады (ет массасының 5...10%).
Шошқаның етінен әзірленген котлеттік етте майдың тіні 30%,
дәнекер тіні - 5% аспауы тиіс. Сиыр еті, қой еті, бҧзау етінің
котлеттік етінде майлы және дәнекер тінінің мӛлшері 10%
аспауы керек.
Әзірленген котлеттік етті ет тартқышпен ҧсақтайды, су,
тҧз,
бҧрыш
қосып
араластырады
және
жартылай
фабрикаттарды пішіндейді.
Туралған бифштекс: сиырдың етінен әзірленген ҧсақтап
туралған котлет етіне ҧсақ текшеленіп туралған (5 х 5 мм)
шошқаның шпигі, тҧз, бҧрыш, су немесе сҥт
қосылады,
барлығы араластырылады, ҥлестерге бір-бірден домалатпалар
тҥрінде бӛледі (дӛңгелек жалпақ формада).
Еттен әзірленген бҧршақ еттер: массаны сиыр немесе қой
немесе шошқа етінен әзірлейді. Етті ет тартқышпен 2-3 рет
ӛткізеді, алынған туралған етке шикі ҧсақтап туралған пияз,
шикі жҧмыртқа, су, тҧз және бҧрыш қосып, жақсылап тҧрып
араластырады, массасы 8...10г қҧрайтын шарлар пішіндейді.
Жылумен ӛңделгеннен кейін бҧл бҧршақ еттерді кӛжеге де
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: