Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы


Балықтардың кейбір тҥрін ӛңдеудің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет43/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   166
Байланысты:
64. Шильман Аспаздық өнімнің технологиясы. Оқулық

Балықтардың кейбір тҥрін ӛңдеудің ерекшеліктері
Жайын, 
нәлім, 
жыланбалық. 
Бҧл 
балықтар 
қабыршақсыздарға жатады, бірақ олардың терісі қатқыл, 
жылумен ӛңдегеннен кейін терісі тҧрпатсыз тҥрге ие болады, 
сондықтан турамамен толтыруға арнап шортандікі сияқты 


60
 
«шҧлықша» оны алып тастайды. Содан кейін балықты 
қарындағы тілігі арқылы ішек-қарыннан тазартады, жуып-
шаяды, басын, қҧйрығын шауып тастайды, қанаттарын кесіп 
алады. Жайындардың ҧсақ тҥрлерінің терісін алмаса да 
болады.
Жыланбалық. Бҧл балықтың ішек-қарнында азықтың 
қатты қалдықтары болмайды, сондықтан оны ішек-қарыннан 
тазартпайды. Бірақ, балықтың терісі жауып тҧрған шырышы 
улы болуы мҥмкін. Сондықтан балыққа тҧз сеуіп, шырышы 
кӛптеп бӛлінуі ҥшін біраз уақыт тҧзда ҧстайды және жақсылап 
жуып-шаяды.
Навага. Наваганың ӛт қабы қарнына ӛте жақын 
орналасқан. Сондықтан ҧсақ балықтарда тӛменгі жағын қарын 
бӛлігімен бірге кесіп тастайды, пайда болған тесік арқылы 
ішек-қарыннан тазартады, әбден жуып-шаяды. Содан кейін 
терісін омыртқаны бойлай балықтың екі жағынан басынан 
қҧйрығына дейін сыпырып алады (бірақ, балықтың 
бҧлшықеттік тіндерінің қҧрылысын ескере отырып, теріні 
арқасынан қарнына қарай сыпырған ыңғайлы). Арқа қанатын 
алып тастайды.
Ірі балықтың басын шауып тастайды, пайда болған тесік 
арқылы ішек-қарыннан тазартады, жуып-шаяды, терісін және 
арқа қанатын алып тастайды, қабаттайды. 
Тоңазытылған балықты жібітпей бӛледі.
Кӛкбас. Бҧл балықтың қҧрсақ қуысын қара жҧқа 
қабықшадан тазартады, ол кейде улы болады. 
Камбала. Балықтың ақшыл жағын қабыршағынан 
тазартады, басын және қарын бӛлігін кесіп тастайды. Пайда 
болған тесік арқылы балықты ішек-қарыннан тазартады, 
жуып-шаяды, қанаттарын кесіп тастайды. Қара жағынан 
терісін сыпырып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет