Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы



Pdf көрінісі
бет72/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   166
Пияз қосылған қаймақ тҧздығы. Пиязды турап, дайын 
болғанша шала қуырады, тҥсінің ӛзгеруіне жол берілмейді, 
дайын тҧздыққа «Южный» тҧздығын қосып, қайнатады. 
Мҧндай тҧздық лангетке және котлет массасынан жасалған 
тағамдарға ҧсынылады. 
 
 
 
 
 
Пияз және қызанақ қосылған қаймақ тҧздығы. Ҧсақтап 
туралған пиязды шала қуырады, қызанақ езбесін қосып, тағы 
да 5 ... 7 минут шала қуырады, қаймақ тҧздығымен біріктіріп,
қайнатады. 
Кӛкӛністер 
мен 
тефтельдерді 
әзірлеуде 
пайдаланады.
Ақжелкек қосылған қаймақ тҧздығы. Ҧсақталып 
ӛткізілген ақжелкек майда қыздырылады, сірке суы, бҧршақты 
қара бҧрыш, лавр жапырағы қосылып, 3 ... 5 минут 
қайнатылады. Бҧрыш пен лавр жапырағын алып тастағаннан 
кейін, ақжелкекті қаймақ тҧздығына шығарып қайнатады. 
Тҧздықты пісірілген етке, тілге, ветчинаға, орамаға ҧсынады.
7.3.4. Сірке қышқылы негізіндегі тҧздықтар 
Қызанақ 
қосылған 
маринадталған 
тҧздықтар.
Кӛкӛністер ҧзынша туралады, толық әзірленгенге дейін майда 
шала қуырылады, кейін қызанақ қосылған езбе салынып, тағы 
да 7 ... 10 минут шала қуырылады. Бҧдан кейін балық 
тҧздығы мен сірке суы, хош иісті бҧрыш пен лавр жапырағы 
қосылып, 15 ... 20 минут пісіріледі. Дайын болған кезде тҧз 
бен қант қосылады. Оны «Маринадталған қуырылған балық» 
атты салқын тағамдарды әзірлеуге қолданады. 
Қызанақ қосылмаған кӛкӛніс маринады. Жоғарыда 
сипатталған тҧздық сияқты әзірленеді, бірақ қызанақ 
қосылмайды, оның орнына суық сумен араластырылған 
крахмал немесе бидай ҧны қосылып, қою болғанға дейін 
қыздырылады.
Қызылша қосылған маринад. Қызылшаны қабығымен 
бірге қайнатады, бҧдан кейін тазалап, ҧзынша турайды. Сәбіз 


90
 
бен пиязды да майдалап турап шала қуырады, соңынан 
қызылша, қызанақ езбесін қосып, 5 ... 7 минут шала қуырады.
Бҧдан кейін сірке қышқылын қҧйып, тҧз, хош иісті бҧрыш,
қалампыр, даршын қосып, 15 ... 20 минут қайнатады. Пісірудің 
аяқтайтын кезде, лавр жапырағын қосып, қанттың кӛмегімен 
дәмін келтіреді және суық сумен араластырылған крахмал 
қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет