«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия



бет5/16
Дата14.02.2023
өлшемі47,92 Kb.
#67637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қызметтер эссе

8. Бекболат Нұрсая
Әр мамандық жоғарғы сапаны,ерен еңбекті талап етеді.Себебі пайдалы,сарасы жақсы тауарды халық ешқашан жерге тастамайды.Мысалы,көкөніс өсірумен айналысатындар сапалы өнім беру үшін,шығынға ұшырамас үшін жағдай жасап өсіруге тырысады.Ал оны халық бағалап сатып алады және солай жемісін жейді.Олар үшін ең басты қасиеттер-төзімділік,күтіп,сабырлықпен баптау.Сол сияқты әр мамандыққа қажетті қасиеттер міндетті түрде болады.
Мұғалім мамандығы қазіргі таңда халықтың аузынан да,есінен де шықпайтын мамандық.Себебі,сонау жылдардан бері халықтың көзін ашып,өмір сүріп,аяғын нық басуына көмектескен бірден-бір мамандықтардың бірі.Мұғалімнен қашанда болсын талап етілетін нәрсе ол - білім.Неге деп сұрақ қою әбестік болар.Себебі оқушы бойына сіңіріп отқан білімі мөлдір бұлақтай таза болмаса,мәні бар,сапасы бар болмаса баланың мектепке барғанынан не пайда?!Сондықтан балаға беретін біздің ең басты нәрсеміз-білім,оны сапалы,толық,нәтижемен беруіміз керек.Содан соң ол қазіргі таңдағы ең актуальды тақырып балаға жеке әрекет жасау.Бұрынғы замандағыдай ұрып,соғып?ұрысу арқылы біз қазір ештеңе үйрете алмаймыз.Себебі психологиялық жағынан қазір балалар өте әлсіз,ұрып-соғумен ештеңе шеше алмайсыз.Олармен сөйлесіп,алға тартып,араласып,түрлі әдіс тәсілдер қолданып әрекет ету керек.Келесі қасиет ол жаңалықтарға құштар болу.Қазіргі уақытта күннен-күнге өзгеру процессі жүруде,жаңа құрылғылар,әдістер тағысын тағы түрлі нәрселер пайда болуда.Сол себепті жаңалық үшін әрлайым ашық болу керек.Ең басты қасиеттердің бірі деп айтсамда болады ол-төзімділік.Себебі бала сізді әрдайым,міндетті түрде бәрі тыңдайды деген сөз емес.Кейде балалар өзі түсінбейтін пәнді тыңдамай,өзге нәрселерге назар аударып жатады.Сіз бұны тәрбиесіздік немесе ақымақтық,сыйламау деп түсінбеңіз.Бала қанша өзі тырысқанмен,өзіне қызық емес пән,түсіндіре алмайтын мұғалімді ешқашан тыңдамайды,егер сіз оны қызықтыра білмесеңіз.Сондай уақыттарда ашу,ыза іште толтырмай төзімділік,сабырлылық таныту керек.
Қорытындылай келе,әр кәсіп,тек қана мұғалім емес өз ісінің маманы,шебері болуы қажет.Біз таңдап,өзімізге табыс көзі болғаннан соң да,жауапкершілік алуымыз керек.Ең бастысы әр мамандықты төзімділік керек.Тау бірден тұрмайды демекші бізде жәймендеп өзімізді қалыптастыра келе шебер боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет