4.Қазбек Айгерім Қоғамымызға адал, арлы адамдар, білімі жоғары мамандар қажет. Əрбір азамат адамгершілігі жоғары болып, қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінуі тиіс.
Еліміздің,ұлтымыздың болашағын,ұрпағымыздың ертеңін ойласақ,алдымен осы уақытта келешек мамандарымыздың білімді де білікті маман болып өсуі шарт.Ал келешек мамандарды тәрбиелейтін,білімді де білікті болуына жол ашатын ол әрине қазіргі таңдағы мамандарымыз,қазіргі кәсіби қызметкерлеріміз,жастарға жүйелі білімді де тәрбиені де берер ол-ұстаз,мұғалім.Менің де қазіргі уақытта оқып жатқан салам,кәсіби қызметім-ұстаздық.Әрбір ұстаз алдында заман талабымен болашақ мамандарды іскер, өмірге бейім, адамгершілік қасиеті мол, жеке басының мүмкіндіктерін бағалай білетін, саналы, əдепті азамат етіп тəрбиелеу міндеті тұр.Ең алдымен ұрпақты сол қасиеттерге тәрбиелеу үшін,ұстаздарымыздың бойынан заманауи маманға тән тапқырлық,алғырлық,шығармашылық белсенділік,ұстаз ретінде балалармен тату қарым қатынас құра білу,сөйлеу мәдениетін білу шарт.
Мұғалім — бұл әр кезде де ең алдымен кəсіби деңгейі жоғары, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Қай заманда, қандай реформа болмасын мектептің басты тұлғасы мұғалім. Олай болса, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындаудың жауапкершілігі өз алдына өзекті мəселе болып қала бермек.
5.Киргизбай Жанерке Бүгінгі студент — ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан, қазіргі кездегі жоғары білім беру алдында студенттер мен оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген. «Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді» Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру. Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.