Байланысты: Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қызметтер эссе
9.Абдуали Аида Ұлтымыздың болашағын, ұрпағымыздың келешегін ойласақ, ең алдымен бүгінгі жеткіншектеріміздің білімді, білікті азаматтар болып өсуіне қам жасау — басты мұратымыз болуы тиіс. Қазіргі дүние қарыштай дамып, қай салада болмасын, ұдайы өзгерістер жүріп жатыр. Білім де тез ескіретін болды, оны үнемі жаңартып отыру керек. Яғни, үздіксіз оқып, өз деңгейіңді үнемі арттырып отыруың қажет. Тура мағынада айтсақ, өмір бойы оқу қажеттілігі туды. Өйткені білім арқылы ғана адамның əлеуетін көтеріп, тұрмысын жақсартуға болады. Қазіргі уақытта ұрпақтан ұрпаққа өмір тəжірибесін беруді жүйелі жүргізетін — мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, əрі педагогика мен əдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мəнін жойған жоқ.
Кəсіби білім берудің негізгі міндеті — болашақ кəсіби оқыту педагогының субъект функциясына сəйкес құралдарды жүзеге асыру жəне оларды практикалық іс-əрекетте қолдану іскерлігін қалыптастыру, педагог бойындағы кəсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттерді дамыту.
Осыған орай білім беру ісімен ұлттық тəрбиені ұштастыра отырып, болашақ мамандарды іскер, өмірге бейім, адамгершілік қасиеті мол, жеке басының мүмкіндіктерін бағалай білетін, саналы, əдепті азамат етіп тəрбиелеу міндеті тұр. Бұл үшін адам өмірінің түрлі аспектілері жайлы білімнің болуы, интеллектуалды жəне физикалық құралдарды игерудің тəжірибесі, əр түрлі жағдайларда əр түрлі адамдармен əрекеттесу қабілеті болу керек.
Мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кəсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық шығармашылық қабілеті мол тұлға. Қай заманда, қандай реформа болмасын мектептің басты тұлғасы мұғалім. Олай болса, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындаудың жауапкершілігі өз алдына өзекті мəселе болып қала бермек.
Ұстаздық шеберлікке баулу, жоғары педагогикалық оқу орындарында жекелеген мамандыққа байланысты пəндерді оқытумен жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл пəндердің негізінде болашақ мамандардың кəсіби білім, білік дағдыларын қалыптастыруда оқытудың белсенді əдістері маңызды орын алады. Болашақ педагогтар кəсіби мамандықты меңгерумен қатар педагогикалық шеберліктің өзіне тəн ерекшеліктерін білуі қажет. Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесінде білім берудің жаңа модулін құру мен сынақтан өткізудің, оны енгізудің жауапкершілікті міндеті тұр.