«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия



бет4/16
Дата14.02.2023
өлшемі47,92 Kb.
#67637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қызметтер эссе

6.Қожамбиева Гүлнұр
Кəсіби біліктілік — бұл кəсіби оқу педагогының беделі мен абыройы, хабардар болу деңгейі, оқыту-тəрбиелеу мəселелерін тиімді етіп шешуге көмектесетін маман қызметкерлерді дайындау процесінде пайда болатын жəне басқа адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда көмек беретін қасиеттер. Кəсіби біліктіліктің құрылымына мыналар кіреді: кəсіби-техникалық дайындығы, қоғамдық-саяси жағынан хабардар болуы, психолого-педагогикалық білімдарлық, педагогикалық техника, кең профильдегі жұмыс маманы бойынша іскерлік пен дағды деңгейі жəне т.б. Осы бөлімдегі міндеттің психологиялық негізі — əрқашанда өз біліктілігін жоғарылатуға дайын болуы, яғни жоғары дəрежелі маман болуға дайындығы. Кәсіби біліктілігін арттыру үшін төрт айда 1 реттен тест тапсырған жөн. Елімізге мықты, білімді мұғалімдер қажет. Кəсіби білім стандартын жүзеге асыруға көптеген мүмкіндік береді:
базалық деңгейді қалыптастыру, білімді жалғастыру, және де маманның қажетті минималды кəсіби деңгейі;
білім беруге ынталандыру, есебінен мамандарды дайындау сапасын арттыру;
кəсіби білім беру жүйесінің барлық субъектілерді дайындау
кəсіби білімнің мемлекет ішінде жəне шетелде дəрежесінің артуы халықаралық еңбек нарығына қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған, біліктілігі жоғары өзін әрдайым жетілдіріп, даму үстіндегі маман болу қажет. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдау үшін қабілеттілігін, дамуын, психологиялық және педогогикалық тәжірбиелерінің даму шарты болып табылады. Білім беру реформасы педагог мамандығына арналған. Баланың білім ордасының аяқ басқаннан шешім таңдауға , оңды солды білуге, ел тағдырына жанашырлық пен қарауға көмектесетін мамандық.
7.Ерменбекова Ақжан
Кәсіби қызмет дегеніміз мемлекеттік қызмет.Мемлекеттік қызмет иесі болғың келсе заман талабына сай болуың керек.Мемлекеттік қызметтің бірі өзім таңдаған мұғалім мамандығы.Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Заман кез келген адамнан әмбебеп болуды талап етеді. Оның ішінде мұғалімдер де заман ағымымен бірге өзгеруі керек.Мұғалім заман ағымына ілесуі керек: өз жұмысында инновацияларды, әр түрлі әдістерді қолданып, материалды еркін меңгеруі керек. Негативті мектепке кірерде табалдырықта қалдырып, балаларға мейірімділік пен жылулық сыйлауы тиіс. Болашақ осы мұғалімдерге тікелей байланысты.Қазіргі мұғалім – ол кәсіби маман. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның кәсіби қажеттілігімен анықталады. Қазіргі мұғалімнің, ұстаздың айрықша ерекшеліктері – оның үнемі өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі сынауы, эрудициясы және жоғары жұмыс мәдениеті. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінсіз мұғалімнің кәсіби өсуі мүмкін емес. Қазіргі мұғалім қол жеткізген нәрсеге ешқашан қанағаттанбауы керек. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ алға ұмтылу да өте маңызды, өйткені мұғалімнің жұмысы – шексіз шығармашылықтың көзі.Бүгінгі таңда мұғалім білім көзі ғана емес, сонымен қатар оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы болуы керек. Мұғалімнің міндеті – әр баланы оқу процесіне қатыстырып, оны тыңдай білу, көмекшісіне айналдыру, оқушының көзімен оны мазалайтын мәселеге үңілу. Әдісті жақсы меңгерген мұғалім ғана педагогикалық әрекетті дұрыс ұйымдастыра алады, сабаққа дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет