«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия



бет7/16
Дата14.02.2023
өлшемі47,92 Kb.
#67637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қызметтер эссе

10.Дүйсенбай Құралай
Еліміз тəуелсіздігін алған отыз жылдан асқан уақытта асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда кәсіби қызметтегі заманауи маманға қойылатын талаптар да арта түсуде.
Егеменді кезеңнің ерекшелігі — адамшылық, адамгершілік, азаматтық сияқты қасиеттер сынға түсуде. Қоғамымыздың өзгеруі үшін адамдар, олардың мінез-құлқы жаңаруы керек, сонымен қатар əрбір қоғам азаматы өзінің қолынан келген көмегін беріп, оның əрі қарай жандануы үшін аянбауы тиіс. Экономикалық жəне əлеуметтік табыстардың түп тамыры моральдік жəне мəдениеттік шарттарында жатыр.
Қоғамымызға адал, арлы адамдар, білімі жоғары мамандар қажет. Əрбір азамат адамгершілігі жоғары болып, қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінуі тиіс. Оған жан-жақты араласу үшін, өмір талабын жүзеге асырарлықтай қабілеті болу керек. Ал қабілеттілік адамның қолы оңай жете беретін қасиет емес. Ол тарихи дамуды игерудің, соған бейімделіп, еңбек етудің нəтижесінде келеді.
Кәсіби қызметтегі заманауи маманның көптеген әлеуметтік іс - әрекет түрлерінің ішінде кәсіби іc - әрекет мәселесі және соған байланысты жеке адамның дамуындағы кәсіби өзіндік анықталу сұрақтары маңызды орын алады. Кез келген кәсіби іс- әрекет белгілі бір талаптар, ниеттер негізінде жүзеге асады. Әрбір кәсіби ic - әрекет - жеке адамның қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты жеке бастық кәсіби бағдарды, іскерлікті, кәсіби сана қалыптастыруды, білімділікті, шеберлікті талап етеді. Кәсіби іс- әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге жеке бастық қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады.
11.Қадырбек Бақжан
Қазіргі таңда жаһандану дәуірінде білім мен ғылымның,әсіресе біліктіліктің маңызы күннен күнге орасан зор болып келеді. Білім әрқашан күн тәртібіндегі басты бір өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді,талап өзгерді. Бүгінгі жас-ертеңгі ел болашағы.Ондай болса,білім деңгейімен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет. Осы орайда , жазушы Ә.Кекілбаевтың "Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры . Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар,ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс"-деген сөзін еске алсақ ,осындай үлкен іс атқарар бір сала-мектеп және оның мұғалімі.Менің ойымша педагогикалық іс-өте нәзік,қасиетті іс.Себебі ол сезімталдықты,балаға деген сүйіспеншілікті,бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр-марғаулықты көтермейтін ғасыр . Демек,әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр,шапшаң дара тұлғаның тағдыры біздің ,яғни мұғалімдердің қолына аманат ретінде тапсырылып отыр.Аманатқа қиянат жасамау-халқымыздың ізгі ұлылық дәстүрі.
Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол,ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады .Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай ,жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек ? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай ? деген сұрақтарға жауа ізделік. Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлығы мен күрделігі қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін педагогикалық біліктілік қажет.Менің пікірімше педагог білім мен дағдының , қаблеттің тұтас комплексіне ие болған жағдайда ғана маман бола алады.Себебі мұғалімдік мамандық - бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,шым шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,тарихи танымдық,педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп , оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.
Қорытындылай келе,мұғалім-елдің болашағын көркейтіп,рухын биікке көтеретін,жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық деп айтсақ қателеспейміз.Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып,көкірегі жақсылыққа тола,мейірімді,білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз,адамгершілігі жоғары адам болуы керек.Болашақ педагогтерге сәттілік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет