Кәсіпкерлік сананы сипаттау



Дата10.12.2023
өлшемі20,43 Kb.
#135724

Кәсіпкерлік сананы сипаттау
Кәсіпкерлік табиғи жолмен құрылған, ал кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен әдістері ұзақ мерзімді әлеуметті-экономикалық реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерге қарағанда Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту тарихы он төрт жылдың көлемінде саналады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы стратегиялық мәселе және басым бағыт болып табылады. Кәсіпкерліктің сәтті дамуы тек мемлекеттің оған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси шарттарды жасауының нәтижесінде мүмкін болады. Мемлекет экономиканың болашағы зор секторы шағын кәсіпкерлікке зор көңіл бөледі. Бұл сала қызметті ұйымдастырудың икемдірек, динамикалы, жалпыға сәйкес түрі болып табылады, әрі нарықтық экономиканың тиімді қызметінің кепілі.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік тарихи қысқа мерзімде белсенді әрі кәсіпкер қоғам бөлігінің арқасында экономикасмыздан берік бағытты иемденді. Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау кепілдіктері өз жемісін берді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі мен олардың экономикаға қосқан үлесі соның дәлелі.
Дегенмен еліміздегі шағын кәсіпкерлік дамуы саласында теңсіздіктер байқалуда, атап айтқанда шағын кәсіпкерліктің даму құрылымында сауда мен қызмет көрсету саласы 50 пайызды иемдеуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы мемлекеттің алдында тұрған мәселе – ғылым мен техниканы қолдануға негізделген, ақша-несие механизмдерін жетілдіру, кәсіпкерлікті инвестициялық қолдау, ғылыми-әдістемелік, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз етуге негізделген өндірістік инфрақұрылымды құру арқылы кәсіпкерлікке жағдай жасау. Ол үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың барлық деңгейіне біртұтас инфрақұрылым жүйесін қалыптастыру қажет.
Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту мақсатында мемлекет Президентімен шағын кәсіпкерлікті жақын жылдарда қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды.Оның ішінде жоғары қосылған бағалы өндірісті құру жекеменшік саласын ынталандыратын кәсіпкерлік климатты, бәсекелестік ортаны және қоғамдық институттар жүйесін құру.
Таңдалған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңдағы нарықтық экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің елеулі орны (ЖҰӨ-ге әсері) мен оны дамытуды қолдаудың Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан шараларының маңыздылығына орай анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдарын анықтау болып табылады. Жұмыс мақсатының салдары ретінде негізгі міндеттер болып келесі бағыттар анықталады:
— Мемлекет ынтасы бойынша құрылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін талдау («Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ; «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ; «Қазақстанның даму Банкі» АҚ; технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ)
— Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік емес ұйымдардың түрлері және қызметін қарастыру («Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ; «Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ; «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ)
— Халықаралық және шетел ұйымдарының еліміздегі кәсіпкерлік секторды дамытуға әсерін талдау (Жаңғырту және дамытудың Еуропалық банкі (ЖДЕБ); халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі (USAID); «Еуразия» қоры;әлемдік банк;техникалық қарым-қатынас бойынша Германдық қоғам (gtz); тәуелсіз мемлекеттерге техникалық қолдау бойынша Еуропалық Комиссия Бағдарламалары (ТМТҚЕКБ))
— Жанама қолдауға бағытталған коммерциялық ұйымдардың қызметі (екінші деңгейлі банктер, шағын несиелеу, несиелеу серіктестіктері, лизингтік компаниялар).
Курстық жұмыстың тақырыбы жалпы сипатта болғандықтан әрі кәсіпкерлікті дамытудың нұсқаларының алуан түрлілігіне орай, жұмыс әр нұсқаға сипаттама беріп, мақсаты мен қызметін анықтау нысанында жазылды.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі екі бөлімнен құралады:
— Кәсіпкерлік ұғымы, оның ел экономикасындағы орны.
Бұл бөлім екі бөлімшеден тұрады, бірінші бөлімше кәсіпкерлік қызметтің мәні, сипатты белгілері және қызметіне арналады. Ал екінші бөлімше тікелей Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, бағдарламалары қарастырылады.
— Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары, яғни курстық жұмыстың негізгі түйінді мәселелерін ( курстық жұмыс міндеттерін қамтиды) шешуге бағытталған.
Курстық жұмыс ҚР Сауда және Индустрия Министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің қолдауымен шығарылған әдістемелік құралды (“Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы” әдістемелік құрал, 2005) негізге ала отырып жазылды, теориялық аспектілерде Осипова М.Ю “Основы предпринимательского дела”, В.Я. Горфинкель “Курс предпринимательства”, отандық әдебиеттерден А.Нурсейт пен А.Темирбекованың “Теория рыночной экономики: предпринимательскии аспект” еңбектеріне жүгіндік. Кәсіпкерлікті дамыту жолдарын анықтауда электронды үкімет пен Сауда және Индустрия Министрлігінің сайттары (http://www.e.gov.kz/business/small_bus/inf_structure;http://www.mit.kz/index.php?p=docs&id_mm=41&id_sm=88&lang=3) ақпараттың көзі ретінде қолданылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік туралы заңдар мен елбасы жолдаулары, бизнес-анықтамалар мен аударма сөздіктер көмекші құрал болды.
1 КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒҢЫ РОЛІ
1.1 Кәсіпкерлік қызмет: мәні, сипатты белгілері және қызметі
Алғаш рет “кәсіпкерлік” және “кәсіпкер” (ағылш. “business”) терминін 18-ші ғасырдың аяғы 19-шы ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Р.Кантильон “кәсіпкер” деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын, нарықта өндіріс құралдарын сатып алып, оны капиталға айналдыратын адамды айтады. Капитал қызмсетінің нәтижесі өнім болып, ол нарықта шығындарды жабатын бағадан жоғарырақ бағамен сатылады.Өндірілген өнімнің нарықтық құны әуелде белгісіз болғандықтан, кәсіпкер әрқашан тәуекелділікте болады. Ұлыбритания заңнамасы бойынша кәсіпкер — “өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам”.
А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зертеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында қызмет ететін меншік иесі деп сипаттайды.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан тағы бір әйгілі экономист Ж.Б.Сэй (1767-1832) болып табылады. Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама береді де кәсіпкер (бизнесмен) мен менеджер (басқарушы) функцияларын шектеген. Сэйдің пікірінше кәсіпкердің табысы өнімді өткізу мен ұйымдастырудың қабілеті үшін алатын сыйақы болып табылады.
1934 жылы американдық экономист Йозеф Шумпетер кәсіпкерді жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл тұлға ретінде қарастырады. Ол кәсіпкердің қызметін ең алдымен жаңалықтар мен жаңа немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әртүрлі мүмкіндіктерін қолданатын, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша отырып, өндірісті реформалаумен немесе түбірімен өзгертумен байланысты іс-әрекет деп есептейді./1;17-б./
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады. Бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі ретіндегі роліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің өз ісіне дамудың, экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы реурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.
Сонымен қатар кәсіпкер шығармашылық қызмет немесе ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер өз ісіне жаңа идеяларды қолданып қана қоймай,алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінінің 10-бабының 1-тарауына сәйкес кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама береді: “Кәсіпкерлік — меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.” Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Анықтаманы толықтыра түсу үшін кәсіпкерліктің сипатты белгілерін айқындаса жеткілікті:
1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Ұйымдық дербестік – кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі.
2. Тәуекел. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды, бұл кәсіпкерлік тәуекел табысты жұмысқа ынталандырушы себеп болуы мүмкін.
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4. Кәсіпкерлік субъектілері табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ кәсіпкерлік көп қырлы болғандықтан және оның бағыттарын кқрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды.
5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.
Ал кәсіпкерлік қызметтің негізгі құқықтық принциптері оны әділетсіздіктен арашалуаға мүмкіндік береді:
— Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі; ҚР Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкердің айналымнан шығармаған мүлкінің кез-келген түрін қолдана отырып, кәсіпкерліктің кез-келген саласында заңмен көзделген кез-келген нысанда өз ісін бастауына және жүргізуіне құқығын анықтайды.
— Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі; Конституцияның 6-бабында белгіленген: “ҚР мемлекеттік және жеке меншік түрі танылады және бірдей қорғалады” әрі шектеулер мен артықшылықтар белгілеуге тйым салынады.
— Бәсекені ұстау, монополизация мен жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу (Конституцияның 26-бабы); сол арқылы нарықтық экономиканы дамиды және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырылады. Мұнда ҚР 19.01.2001 “Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы” заңына маңыз беріледі.
— Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу;
— Заңдылық принципі; ол арқылы кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатаң сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс; мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс./2;14-б/
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер:
— 30.08.1995ж. ҚР Конституциясы;
— 27.12.1994ж. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім);
— 12.06.2001ж. №209-11 ҚР “Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” кодексі;
— 30.01.2001ж. №155-11 ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексі;
— 17.04.1995ж. №2200 ҚР “Лицензиялау туралы” заңы;
— 10.12.1999ж. №493-1 ҚР “Қазақстан Республикасның еңбек туралы” заңы;
— 28.02.2004ж. №528-11 ҚР “Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы” заңы./2;15-б/
Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендй, кәсіпкер ретінде іскер, перспективалы ойлары, идеялары бар адамдар таңдалады. Олар жоғары коммерциялық және қаржылық тәуекелге бара отырып, өндірістің жаңа түрлерін игереді, жаңа нарықтар ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет