«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен тест сұрақтары 1. Нарықтық түрлендірулердің табыстылығы мен сәтсіздігі арасындағы өзгешелік және олардың тереңдігі көбінесе неге байланысты?
а) реформалар жүргізу стратегиясы мен тактикасына;
ә) мемлекеттің экономикасына;
б) президенттің ақылдылығына;
в) үкіметтің құрамына;
г) парламенттің құрамына;
2. Өткен он бес жылда Қазақстанның да экономикалық саясаты нарықтық экономиканың қай үлгісімен жүргізілді?
а) нарықтық экономиканың неоклассикалық үлгісімен;
ә) кейнсианстықпен;
б) қытай үлгісімен;
в) ресей үлгісімен;
г) жоспарлық жүйемен.
3. Үкімет қабылдаған нарық үлгісі қандай кемшіліктерге толы болды?
а) өндірістік ғаламат құлдырауына, жұмыссыздықтың артуына, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуіне;
ә) өндірістік ғаламат құлдырауына;
б) жұмыссыздықтың артуына;
в) халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуіне.
4. Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ) ұсынған түзілген экономикалық түрлендірулердің теориялық тұжырымдамасы нарықтық экономиканың қай түрінде қолдануға болар еді?
а) тек тұрақты нарықтық экономикада ғана;
ә) өтпелі кезеңде;
б) жер байлығы көп елде;
в) жоспарлы экономикасы бар елде.
5. Жедел түрде жекешелендіру неге әкеліп соқты?
а) ірі өндірістік кешендерінің ыдырауына алып келді; ә) экономиканың дамуына;
б) өндіріс әлеуетін күшейтуге;
в) дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге.
6. Ақша көлемімен қаржылықты тұрақтандыру неге алып келді?
а) қарыздың өсуі мен төлем қабілетті сұраныстың азаюына себепші болды;
ә) қарыздың өсуіне себепші болды;
б) төлем қабілетті сұраныстың азаюына себепші болды;
в) еңбекақының өсуіне.
7. Нарықтық реформаларды жүзеге асыру барысындағы ең үлкен қателік - бұл
а) мемлекеттің нарықты реттеу мен өтпелі үдерісті басқарудағы рөлінің төмендеуі;
ә) жергілікті басқарудың нығаюы;
б) заңдылықтың күштілігі;
в) кәсіподақтың күштілігі.
8. Экономикадағы реформалық өзгерістердің басты критерийі?
а) стратегиялық мәселелерді шешуге қолдау көрсету өлшемі;
ә) тактикалық мәселелерді шешуге қолдау көрсету өлшемі;
б) оралымдык мәселелерді шешуге қолдау көрсету өлшемі;
в) өндірісті дамытуға қолдау көрсету өлшемі.
9. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін капитализмнің әлемдік жүйесі қандай өзгеріске ұшырады?
а) трансұлттық компаниялардың пайда болуы;
ә) дүниежүзілік ұйым құруы;
б) барлық мелекеттердің дамуы;
в) халықтардың төлем қабілетінің өсуі.
10. Жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдік экономикадағы басым үрдістері – бұл
а) индустриялық экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға өту;
ә) жаhандық бәсекенің кемуі және өңірлік жекешеленуі;
б) көп елдердің қиыншылықсыз нарық экономикасына өтуі;
в) мемлекетаралық көмектің молаюы.
11. Халық шаруашылығы басымдылықтарының мақсатын ғылыми негіздеу кімнің атқарымдық қызметінің ерекше саласын құрайды?
а) мемлекеттің;
ә) жергілікті органдардың;
б) мәжілістің;
в) ұлттық банктің.
12. 1929 –1933 ж.ж. дағдарыстан шығу үшін АҚШ-та маңызды құрал ретінде нені пайдаланды?
а) бағаны реттеу;
ә) бағаны бос жіберу;
б) барлық салада басқаруды өз қолына алу;
в) бірлестіктер құру.
13. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық аспектісі нені қамтиды?
а) экономикалық және әкімшілік әдістерінің ара қатынасы туралы мәселелерді;
ә) экономикалық әдістерінің қатынастары туралы мәселелерді;
б) әкімшілік әдістерінің қатынастары туралы мәселелерді;
в) орталықтан басқару.
14. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағын басқаратын органдар - бұл
а) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
ә) мемлекеттік;
б) мемлекеттік емес;
в) мәжіліс.
15. Стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамаларын, қағидаларын, әдістері мен әдістемесін өңдеу қай органге жүктелген?
а) Стратегиялық жоспарлау Агенттігіне;
ә) индустрия және сауда министрлігіне;
б) энергетика министрлігіне;
в) жергілікті органдарға.
16. Шетел инвестициялары мен несиелерін тарту және пайдалану бойынша мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қай органге жүктелген?
а) Стратегиялық жоспарлау Агенттігіне;
ә) индустрия және сауда министрлігіне;
б) энергетика министрлігіне;
в) жергілікті органдарға.
17. Адамдар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметін қалай деп атаймыз?
А) кәсіпкерлік;
В) өндіріс;
С) сауда;
Д) оқыту;
Е)көлік айдау. 18. Өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігін қалай таймыз?
А) еркін өнеркәсіп кәсіпорны;
В) мемлекеттік кәсіпорны;
С) жоғары оқу орны;
Д) мемлекет жұмыс орны;
Е) лауазымды жұмыс орны.
19. Белгілі бір өндіріс өнімін шығару, не болмаса жұмыс атқару, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу кімнің мақсаты болып саналады?
А) кәсіпорындар мақсаты;
В) жоғары оқу орнының мақсаты;
С) мемлекет ұйымының мақсаты;
Д) жеке бастың мақсаты;
Е) облыс әкімінің мақсаты.
20.Бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару кәсіпорынның қандай мақсаты болып табылады?
А) негізгі;
В) қосымша;
С) жанама;
Д) көмекші;
Е) немқұрайлы.
21. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығыбар ұйымдарды қалай атаймыз?
А) заңды тұлғалар;
В) жеке меншік;
С) мелекеттік ұйым;
Д) жеке акционер;
Е) артықшылығы бар акционер.
22. Өкілдік мәртебесі бар заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелерді қалай атаймыз?
А) филиалдар;
В) цехтар;
С) бөлімдер;
Д) басқарушылар;
Е) делдалдар.
23. Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеслі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті қалай атаймыз?
А) толық серіктестік;
В) сенімгерлік серіктестік;
С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Д) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Е) акционерлік қоғам.
24. Серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұратын серіктестіктерді қалай атаймыз?
А) сенімгерлік серіктестік;
В) толық серіктестік;
С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Д) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Е) акционерлік қоғам.
25. Өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап беретін серіктестіктерді қалай атаймыз?
А) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
В) сенімгерлік серіктестік;
С) толық серіктестік;
Д) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Е) акционерлік қоғам.
26. Серіктестестің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда - қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкімен жауап беретін
серіктестіктерді қалай атаймыз?
А) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
В) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
С) сенімгерлік серіктестік;
Д) толық серіктестік;
Е) акционерлік қоғам.
27. Қандай қоғам акционерлері акционерлік қоғамның міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты тәуекелділіктен алған зияны бойынша жауапкершілік олардың акцияларының құнымен шектеледі?
А) акционерлік қоғам;
В) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Д) сенімгерлік серіктестік;
Е) толық серіктестік;
28. Бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайлар (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік қалай аталады?
А) өндірістік кооператив;
В) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Д) сенімгерлік серіктестік;
Е) толық серіктестік;
29. Кәсіпорында оңтайлы техника – технологиялық жүйе құру мақсаты қалай аталады?
А) өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
В) еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
С) басқаруды ғылыми ұйымдастыру;
Д) өндірісті басқару;
Е) бөлімді басқару.
30. Қызметкерлер ұжымында шынайы бір-біріне сенген қатынастар қалыптастыру мақсаты қалай аталады?
А) еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
В) өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
С) басқаруды ғылыми ұйымдастыру;
Д) өндірісті басқару;
Е) бөлімді басқару.
31. Кәсіпорынның материалдық және адами ішкі жүйелеріне мақсатты түрде ықпал етуді қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық және қоғамдық құралдар жүйесін жасау мақсаты қалай аталады?
А) басқаруды ғылыми ұйымдастыру;
В) еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
С) өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
Д) өндірісті басқару;
Е) бөлімді басқару.
32. Табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
А) материалдық өндіріс өнімі;
В) өндіріс;
С) өндіріс бөлімшелері;
Д) жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелері;
Е) ұтымды өндіріс құрылымы.
33. Цехтар қандай топтарға бөлінеді?
А) негізгі, қосымша, қосалқы, көмекші;
В) негізгі, қосымша;
С) негізгі, көмекші;
Д) негізгі, қосалқы;
Е) негізгі, қосымша, көмекші;
34. Сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары қай цехта өтеді?
А) негізгі;
В) қосымша;
С) көмекші;
Д) қосалқы;
Е) өндірісте.
35. Қай цех негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді?
А) көмекші;
В) негізгі;
С) қосымша;
Д) қосалқы;
Е) өндірісте.
36. Қай цех негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді?
А) қосымша;
В) көмекші;
С) негізгі;
Д) қосалқы;
Е) өндірісте.
37. Қай цех негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді?
А) қосалқы;
В) қосымша;
С) көмекші;
Д) негізгі;
Е) өндірісте.
38. Өндірістік құрылымның қай түрінде кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады?
А) заттық;
В) технологиялық;
С) аралас;
Д) заттық, технологиялық;
Е) аралас, технологиялық;
39. Дәрменсіздігі сотпен белгіленген немесе несие берушілермен келісім бойынша соттан тыс тәртіппен борышкер деп ресми түрде жариялаған борышкер.
А) банкроттық;
В) дәрменсіздік;
С) қарыздар;
Д) төлеуге қабілетсіз;
Е) кәсіпкер.
40. Шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кез-келген пропорциядағы) сандық өзара қатынасы нені білдіреді?
а) өндірістің экономикалық тиімділігін;
ә) кәсіпорынның айналмалы қорлары;
б) пайда;
в) тиімділік коэффициенті;
г) өтелу мерзімі.
41. Пайызбен өрнектелген жылдық пайданың негізгі және айналмалы қорының орташа жылдық құнының сомасына қатынасы нені көрсетеді:
а) өндіріс табыстылығы;
ә) кәсіпорынның айналмалы қорлары;
б) пайда;
в) тиімділік коэффициенті;
г) өтелу мерзімі.
42. Пайызбен өрнектелген, өнімді сатудан түскен пайданың өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы бұл:
а) өнімнің табыстылығы;
ә) қор қайтарымы;
б) өніріс табыстылығы;
в) қор сыйымдыльғы;
г) қарқындылық.
43. Пайда алу үшін кәсіпкерлік іс-әрекет нысандарына салынатын зияткерлік құндылықтар, мүліктік құқықтар, ссондай-ақ материалды - техникалық қорлар және қаржы салымының барлық түрлері қалай аталады?
а) инвестициялар;
ә) өндіріс үшін қажетті шикізаттар;
б) негізгі қорлар;
в) жалақы;
г) болшақтағы кезеңдегі шығындар.
44. Шығындардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі келесі шығындарды салыстыру жолымен анықталады:
а) өндірістік шығындарды;
ә) тікілей шығындарды;
б) үстемелі шығындарды;
в) айнымалы шығындарды;
г) тұрақты шығындарды.
45. Салыстырмалы экономикалық тиімділіктік көрсеткіші не болып табылады?
а) ең аз келтірілген шығындар;
ә) өнімнің өзіндік құны;
б) өндіріс табыстылығы;
в) өндірістік қуат;
г) өнім өндірісі.
46. Микродеңгейде экономикалық тиімділік келесі формула бойынша анықталады:
а) қосымша тапқан пайданы күрделі қаржыға бөлу арқылы;
ә)күрделі қаржыны қосымша тапқан пайдаға бөлу арқылы;
б) күрделі қаржыдан қосымша тапқан пайданы алу арқылы;
в) қосымша тапқан пайдаға күрделі қаржыны қосу арқылы;
г) күрделі қаржыны қосымша тапқан пайдаға көбейту арқылы.
47. Күрделі шығындардың өтелу мерзімі қалай анықталады
а) күрделі қаржыны пайдаға бөлу арқылы;
ә) пайданыкүрделі қаржыға бөлу арқылы;
б) күрделі қаржыдан пайданы алу арқылы;
в) күрделі қаржыға пайданы қосу арқылы;
г) күрделі қаржыны пайдаға көбейту арқылы
48. Өнімнің табыстылығын көрсететін қатынас:
а) пайданың өзіндік құнға;
ә) пайданың айналым қорларына;
б) пайданың негізгі қорларға;
в) пайданың тұтынушылар санына;
г) пайданың жұмыскерлер санына;
49. Күрделі салымдардың өтелу мерзімі қалай анықталады?
а) күрделі салымдардың пайдаға қатынасымен;
ә) пайданың өзіндік құнға қатынасымен;
б) пайданық өндірістік қорларға қатынасымен;
в) өндірілген өнімнің құнының орташа тізімдік жұмыскерлер санына қатынасымен;
г) негізгі қорлар құнының жұмыскерлер санына қатынасымен;
50. Күрделі салымдардың пайдаға қатынасы қалай аталады?
а) өтелу мерзімі;
ә) қор қайтарымы;
б) өндіріс табыстылығы;
в) өнім табыстылығы;
г) меншікті күрделі салымдар;
51. Өндіріс тиімділгінің салыстырмалы үлгісі:
а) бір кәсіпорынның бірнеше жылдардағы қызметін салыстыру;
ә) белгілі бір уақыт аралығында бір қатар кәсіпорындар қызметін салыстыру;
б) бірнеше өндірістік-шаруашылық міндет шешімінің ең жақсы нұсқасын таңдау;
в)белгілі бір уақыт аралығында және бірнеше жыл ішінде бірқатар кәсіпорындар қызметін салыстыру;
г) бір кәсіпорынның бірнеше жылдағы қызметін салыстыру және бірнеше өндірістік-шаруашылық міндет шешімдерінің ең жақсы нұсқасын таңдау.
52. Өндіріс тиімділігін сандық көріністе былай бейнелеуге болады:
а) шаруашылық қызмет нәтижесі арқылы;
ә) өндіріс тиімділігі (пайдасы) арқылы;
б) шығындармен салыстырғанда шыққан нәтижесі арқылы;
в) басқа кәсіпорындармен салыстырғандағы кәсіпорын қызметінің әсері арқылы;
г) кәсіпорын ресурстары мен шығындарын салғастыру арқылы.
53. Актив айналымдылығына көбейтілген сату пайдалығы/табыстылығы нені сипаттайды:
а) активтер табыстылығын;
ә) дивиденд төлеу көрсеткішін;
б) табыстылық коэффициентін;
в) ағымдағы жағдайының көрсеткішін;
г) сату пайдалылығын.
54. Болашақ ақша көлемінің ағымдағы құны мен инвестициялауға жұмсалатын бастапқы шығын айырмашылығы нені білдіреді:
а) таза келтірінді (ағымдағы) құнын;
ә) өндіріс әсерін;
б) өндіріс нәтижесін;
в) инвестиция пайдалылығын;
г) дисконттау коэффициентін.
55. Әлеуметтік-экономикалық нәтижеліліктің сараланған көрсеткіші қалай аталады:
а) өнімнің табыстылығы;
ә) пайда;
б) өнімді өткізуден түскен табыс;
в) өнімнің өзіндік құны;
г) өнімнің материал сыйымдылығы.
56. Кәсіпорын активіне жұмсалған әрбір теңгеден 15 тиын пайда алынса ол қандай көрсеткіш:
а) меншік капиталының табыстылығы;
ә) сату пайдалылығы;
б) капитал табыстылығы;
в) активтер айналымдылығы;
г) капитал айналымдылыгы.
57. Капитал табыстылығы мына формуламен анықталады:
а) таза табыс / активтердің жылдық орташа құны арқылы;
ә) активтердің жылдық орташа құны / өнім өткізуден түсетін табысы арқылы;
б) таза табыс / өткізілген өнімнің өзіндік құны арқылы
в) таза табыс / акционерлік капиталдың жылдық орташа құны арқылы;
г) таза табыс / өнім өткізуден түсетін табыс арқылы.
58. Өтімділік көрсеткіші- бұл:
а) капитал айналымдылығы.
ә) акцияға пайда;
б) активтердің табыстылығы;
в) сыни баға көрсеткіші;
г)активтердегі қарыз қаражатының үлес салмағы;
59. Табыс пен шығынды уақыттың бір сәтіне келтіру - бұл:
а) дисконттау;
ә) саралау;
б) әртараптандыру;
в) өндіріс тиімділігі;
г) өндірісті мөлшерлеу.
60.Кәсіпорынның айналым қаражатын басқарудың қысқа мерзімді міндеттемесін орындау мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштер- бұл:
а) өтімділік;
ә) қаржылық тұрақтылық;
б) оңтайландыру;
в) тиімділіктің сараланған көрсеткіштері;
г) айналым қаражатының айналымдылық көрсеткіші.
61.Таза табыстың акционерлік капиталға қатынасы нені білдіреді:
а) меншік капиталының табыстылығын;
ә) кәсіпорынның ағымдағы жағдайының коэффициентін;
б) өнімнің табыстылығын;
в) өндіріс табыстылығын;
г) сату табыстылығын.
62.Активтердің айналымдылығы мына формула бойынша анықталады:
а) өнім өткізуден түсетін табыс / активтердің жылдық орташа құны;
ә) (таза табыс - өзіндік құн) / акционерлік капитал құны
б) таза табыс (пайда) / өткізілген өнімнің өзіндік құны;
в) активтердің жылдық орташа құны / өткізілген өнімнен түсетін табыс;
г) өткізілген өнімнің өзіндік құны / активтердің жылдық орташа құны.
63.Нарықтық экономика жағдайында күрделі қаржының ең тиімді жұмсалуын көрсететін критерийі:
а) өтелімділік өлшемі;
ә) пайдалылық өлшемі;
б) пайдалылық өлшемі және өтелімділік өлшемі;
в) онтайландыру өлшемі;
г) еңбек өнімділігінің өсу өлшемі.
64.Кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған 100% шығыннан 25% таза табыс болады. Бұл:
а) өнім табыстылығының көрсеткіштері.
ә) сату табыстылығының;
б) капитал табыстылығының;
в) активтер табыстылығының;
г) өндіріс табыстылығының;
65. Жалпы (абсолюттік) тиімділігі мынаны сипатгайды:
а) кәсіпорынның тек жалпы шығындарын пайдалану деңгейін;
ә) жекелеген және жиынтықты шығын мөлшерімен салыстырғандағы экономикалық әсердің. жалпы көлемін;
б) кәсіпорын шығындары мен ресурстарының тек жекелеген түрлерін пайдалану деңгейін;
в) шаруашылық міндетті шешудің екі (және одан да көп) нұсқасының ьіреуінің техника-экономикалық артықшылығын;
г) капиталды жұмсаудың баламалы нұсқаларының ең таңдаулысын.
66. Негізгі қорлар-бұл:
а) ұзақ мерзімді уақыт кезеңінде (1 жылдан жоғары) пайдаланылатын және өзінің құнын шығарылған өнімге бірте-бір ауыстыратын еңбек құралдары;
ә) өнім өндіру үшін қажетті еңбек қорлары және заттары;
б) өндірістік запастарды алу үшін пайдаланылатын кәсіпорын қорлары;
в) өнім өндірісі үдерісінде қолданылатын барлық өндірістік ресурстар;
г) кәсіпорынның өндірістік іс - әрекет үшін жасайтын қорлар;
67. Амортизация - бұл:
а) НҚ (негізгі қорлардын) тозуын ақшалай өтеу, олардың құнының бір бөлігін өнім өндіруге кететін шығындарға қосу;
ә) НҚ тозуын ақшалай өтеу, олардың толық құнын өнім өндіруге кететін шығындарға енгізу;
б) НҚ моралді тозуын өтеу олардың құнын өнім өндіру шығынына енгізу;
в) НҚ физикалық тозуын өтеу олардың құнын өнім өндіруге кететін шығындарға енгізу;
г) моралді және физикалық тозу;
68. НҚ тозу деңгейіне сәйкес жететін және ақшалай өрнектелетін шама келесідей болып аталады:
а) амортизациялық аударымдар;
ә) жойылу құны;
б) амортизация мөлшері;
в) амортизациялық құн;
г) қалдық құн.
69. НҚ пайдалану көрсеткіштеріне жататындар:
а) экстенсивті, қарқынды және интегралды пайдалану көрсеткіштері;
ә) экстенсивті және интегралды пайдалану көрсеткіштер;
б) қарқынды және интегралды пайдалану көрсеткіштер;
в) құрал - жабдықтар жұмысының ауысымдық тәртібі мен жүктемесінің көрсеткіштері;
г) құрал - жабдықтардың уақыты бойынша және оның қарқынды жүктемесі бойынша пайдалану көрсеткіштері;
70. Қор қайтарымының кері шамасы:
а) өнімнің қорсыйымдылығы;
ә) еңбектің қормен жабдықталуы;
б) жұмыскерлердің еңбек сыйымдылығы;
в) НҚ орташа жылдық құны;
г) материал қайтарымы.
71. Негізгі қорлардың белсенді бөлігіне не жатады:
а) машина және құрал- жабдықтар;
ә) ғимараттар, құрылғылар, саймандар;
б) қорқайтарымы;
в) жеткізу қондырғылары;
г) құралдар.
72. Негізгі қорлардың енжарлы бөлігіне не жатады:
а) ғимараттар және құрылғылар;
ә) спорт нысандары;
б) құрал жабдықтар;
в) машиналар мен құрал- жабдықтар;
г) есептегіш техникалар.
73. Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнын олардың төмендегідей уақыттағы құны арқылы анықтайды:
а) жыл басындағы, негізгі өндірістік қорлардың жыл ағынындағы енгізілген және шығарынған орташа жылдық құнын ескергендігі;
ә) жыл басындағы;
б) жыл соңындағы;
в) жыл басындағы, жыл ағымдағы қорлар құнын енгізумен бірге;
г) жыл басындағы және қорлардың жойылу құны.
74. Экономикалық үдерісте негізгі қорлардың тозуының қандай түрлері ескеріледі:
а) табиғи және сапалық;
ә) табиғи;
б) табиғи және әлеуметтік, табиғи, сапалық, әлеуметтік;
в) сапалық;
75. Қорқайтарымы өндірілген өнім құнының келесілерге қатынасы арқылы аықталынады:
а) НӨҚ орташа жылдық құны;
ә) бастапқы құны;
б) орнын толтыру құны;
в) қордың құны;
г)жылдық құны
76. Негізгі қорлардың табиғи тозуы неге негізделген:
а) пайдалану үдерісіндегі өндірістік тұтынуына;
ә) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін олардың құнының кемуіне;
б) кәсіпорын жұмысының тәртібіне;
в) бұйымды дайындаудың еңбек сыйымдылығына;
г) материал сыйымдылығына.
77. Негізгі қорлардың сапалы тозуы неге негізделген:
а) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі олардың құнын кеміуіне;
ә) негізгі қорлардың өндірістік тұтынылуына;
б) табиғаттың табиғи күштерінің ықпалына;
в) құрал-жабдықтың қызмет ету мерзіміне;
г) кәсіпорын жұмысының тәртібіне.
78. Амортизациялық аударымдар - бұл:
а) негізгі қорлар құнының тозу деңгейіне сәйкес келетін, өндірістің тұрақты шығындарының бөлігі;
ә) әлеуметтік қажеттіліктерге бөлулер;
б) арнайы қорларға аударымдар, материалдарға кететін шығындар;
в) жылуға қажетті шығындар;
79. Қорсыйымдылығы қалай анықталады:
а) негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өндірілген өнім құнына қатынасы;
ә) пайданың өзіндік құнға қатынасы;
б) пайданың негізгі қорларға қатынасы;
в) өндіріс көлемінің құнына көбейтіндісі;
г) өнім санына бағаның көбейтіндісі.
80. Қормен жабдықталу қалай анықталады:
а) негізгі қорлардың орташа жылдық құнын өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлер санына қатынасымен анықталады;
ә) пайданың өзіндік құнға қатынасы;
б) пайданың күрделі салымға қатынасы;
в) бағаның өнім көлеміне қатынасы;
г) айнымалы шығындар.
81. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті қалай есептелінеді:
а) нақты уақыт қорының жоспарлы уақыт қорына қатынасы;
ә) өнім көлемінің негізгі қорларға қатынасы;
б) негізгі қорлардың өнімге қатынасы;
в) пайда рентабльділі.
82. Құрал-жабдықтарды пайдаланудың қарқынды коэффициенті қалай есептеледі:
а) нақты өндіріс көлемінің серпілістік мөлшері бойынша өндірілген өндіріс көлеміне қатынасы арқылы;
ә) нақты өндіріс көлемінің өзіндік құнға қатынасы арқылы;
б) сағаттық өнімділіктің құрал-жабдық санына көбейтіндісі арқылы;
в) машина санының нақты машина паркіне қатынасы арқылы;
г) ауысымдық коэффициенті арқылы;
83. Құрал-жабдықтың нақты уақыт қорының күнтізбелі уақыт қорына қатынасы бұл төмендегіні анықтайды:
а) құрал-жабдықтың экстенсивті пайдалану коэффициентін;
ә) қор қайтарымын;
б) қор сыйымдылығын;
в) құрал-жабдықтың қарқынды коэффициентін;
г) қормен жабдықталуын.
84. Құралдардың пайдалануын уақыты мен өнімділігін сипаттайтын және құралдарды қолданудың экстенсивті және қарқынды коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықтайтын көрсеткіш - бұл
а) құралдарды қолданудың интегралдық коэффициенті;
ә) құралдарды жабдықтау коэффициетті;
б) ауысымдық коэффициенті;
в) экстенсивтік коэффициент;
г) қарқынды коэффициент.
85. Негізгі қорлардың бастапқы құны-бұл:
а) жеткізу мен құруды есептегендегі көтерме баға бойынша машиналар мен құрал-жабдықтардың құны;
ә) тозуды ескергендегі машина мен құрал-жабдықтардың құны инфляцияны ескергендігі машина мен құрал- жабдықтар құны;
б) қосымша құн салығын ееептегендегі машина мен құрал-жабдықтар саны;
в) құрал-жабдықтың қалдық құны;
г) белсенді активтің құны.
86. Негізгі қорлардың құндың бағалаудың келесідей түрлері бар:
а) толық бастапқы, толық орнын толтыру және қалдың құны бойынша бағалануы;
ә) толық бастапқы, толық орнын толтыру, толық қалдың құны бойынша бағалануы;
б) толық бастапқы, толық орнын толтыру және жоюлу құны бойынша бағаланады;
в) толық бастапқы, қалдық және жоюлу құны бойылша бағалануы;
г) бастапқы және орта жылдың бойынша бағалануы;
87. Жылдың амортизациялық аударымдардың негізгі қорлардың теңдестік құнына қатынасы, пайызбен төмендегідей болып аталады:
а) амортизация мөлшері;
ә) амортизациялық аударымдар;
б) НҚ экстенсивті пайдалану коэффициенті;
в) НҚ қарқынды пайдалану коэффициенті;
г) НҚ тозу коэффициенті.
88. Негізгі қорлардың қалпына келтіру құны-бұл:
а) қазіргі жағдайдағы баға индексімен есептегендегі машиналар мен құрал- жабдықтар құны;
ә) жеткізу мен құрастыруды есептегендегі көтерме баға бойынша машиналар мен құрал-жабдықтардың құны;
б) жеткізу мен құруды есептемегендегі машина мен құрал-жабдықтардың құны
в) тозуды ескергендегі машина мен құрал-жабдықтардың құны
г) жөндеуге кеткен қаржының құны.
89. Жылдық аударымдар сомасын анықтайтын, негізгі қорлардың құнын қайтарып отыратын және пайыз түрінде көрсетілетін өлшем қалай аталады?
а) аммортизация мөлшері
ә) өзіндік құн
б) өтелу мерзімі
в) қор қайтарымы
г) қор сыйымдылығы
90. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда негізгі қаржы ресурстарының көзі болып табылатындар:
а) пайда және амортизациялық аударымдар;
ә) зиянды қорлар;
б) бюджеттік қорлар;
в) ұзақ мерзімді несие;
г) қысқа мерзімді несие.
91. Көптеген өндірістік циклға қызмет ететін, өзінің құнын дайын өнімге тозуына қарай бөлшектеп өткізетін еңбек қоры- бұл:
а) негізгі өндірістік қорлар;
ә) еңбек заттары;
б) өндірістік ресурстар;
в) айналмалы қорлар;
г) өндірістік запастар.
92. Негізгі кұрал-жабдықтың негізгі қызмет ету мерзімінің соңында қалған сынықтардың немесе көмекші бөлшектердің болжамды құны:
а) өткізу құны;
ә) ағымдағы құн;
б) өтімділік құны;
в) теңдестік құны;
г) қалпына келтіру қүлы.
93. Өндіріс қорының қайсысы негізгі капитал құрамына жатады:
а) еңбек құралы;
ә) еңбек заты;
б) ақшалай қаражат;
в) жұмыс күші;
г) дайын енім.
94. Негізгі құрал-жабдықтарының бастапқы құны мен жинақталған амортизация қүнының айырмасы:
а) теңдестік құны;
ә) ағымдағы құны;
б) жойылу құны;
в) қалпына келтіру құны;
г) өткізу кұны.
95. Амортизацияны есептеудің бірқалыпты әдісінде амортизациялық аударым сомасы мынаған байланысты:
а) негізгі құрал-жабдықтардың қызмет мерзіміне;
ә) негізгі капитал-жабдықгардың тозуынан;
б) орындалған жұмыс көлеміне;
в) негізгі құрал-жабдықтардың жылдық орташа қүнына;
г) жоғарыда аталған мөлшерлемелерге.
96. Жинақталған амортизация сомасының негізгі капиталдың бастапқы кұнына қатынасы не деп аталады:
а) тозу коэффициенті;
ә) ауысымдық коэффициенті;
б) жабдыкты қарқынды пайдалану коэффициенті;
в) жарамдылық коэффициенті;
г) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті.
97. Жинақталған амортизация сомасының негізгі құрал-жабдықтың бастапқы кұнына қатынасы:
а) тозу коэффициенті;
ә) ауысымдық коэффициенті;
б) жабдыкты қарқынды пайдалану коэффициенті;
в) жарамдылық коэффициенті;
г) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті.
98. Кәсіпорынның негізгі құрал-жабдығының жылдық орташа қүнының тауарлы өнім көлеміне қатынасы:
а) өнімнің қорсыйымдылығы;
ә) өнімнің материалдық сыйымдылығы;
б) өнімнің капитал кайтарымы;
в) өнімнің қор қайтарымы;
г) өнімнің табыстылығы.
99. Құрал-жабдықтың тиімді (пайдалы) уақыт қоры мынаған тең:
а) күнтізбелік уақыт қоры мен жоспарлы тоқтау уақытының айырмашылығына;
ә) кұнтізбелік уақыт қоры мен атаулы/режимді уақыт қорының айырмашылығына;
б) атаулы уақыт қоры мен күнтізбелік уақыт қорының айырмашылығына;
в) режимді уақыт қоры мен жоспарлы токтау уақытының
сомасына;
г) режимді уақыт қоры мен жоспарлы тоқтау уақытының
айырмашылығына.
100. Кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін қандай ресурстар негіз болып табылады
а) шикізат, материалдар, отын және энергия
ә) еңбекақы
б) амортизациялық аударымдар
в) амортизациялық мөлшер
г) негізгі қордың жұмыс істеу уақыты