Эксплуатациялық талаптар (сенімділік). Сенімділік киімді пайдалану процесінде оның сапасын сақтау дәрежесімен анықталады. Сенімділік бұйымның қайтарымсыздығын, ұзаққа сақталатынын, жөндеуге келетіндігін анықтайды. Сенімділік теориясындағы негізгі ұғым-қабыл алмау ұғымы, яғни кенеттен немесе бірте-бірте жұмысқа қабілеттілігінің жоғарлауы. Сондықтан киім конструкциясын жасау барысында киімнің түйіндері мен бөлшектерінің форматтұрақтылығын, материалдарының тозуға төзімділігін, тігістердің физикалық ауырлыққа тұрақтылығын киім конструкциясы қаблеттілігін ескеру керек.
Техникалық-экономикалық талаптар. Киім сапасына қойылатын техникалық-экономикалық талаптар оны өндіру мен эксплуатациялауға кететін шығындарды есепке ала отырып, киім дайындаудың технологиясы мен жобалау әдістерінің, конструкциясы жетілуінің техникалық дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл талаптар бұйымның еңбексыйымдылығы мен материалсыйымдылығын, механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесін, қазіргі конструкциялау мен технология дәрежесін көрсетеді.
2.3. Нысан модельдерінің модификациясын жобалау
2.3.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы
Киімнің сыртқы пішіні оның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Киімнің сыртқы пішініне мынадай факторлар әсер етеді:
матаның фактурасы, түр- түс, әшекейлер, сызықтар, әрлеулер, көрінетін тігістер:
адам денебітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін көрсететін оның еркіндік дәрежесі:
пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылым:
адам денебітімінің сыртқы пішіні.
Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамасы. Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрі пішіндерге ие. Олар пішіннің құрамдас бөліктерінің өлшемдері арқылы ажыратылады. Киім пішіні құрастыру және сәндік сызықтармен анықталады. [14]
Силуэттік сызықтар (бұйымның иығы, кеудесі, белі және етегі) киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы кескінінің пропорциясын сипаттайды.
түзу, бел сызықтарының қатысынсыз, иық сызығының кеңейтілуімен сипатталады:
жартылай қынамалы, кеуде сызығы бойынша кішілеу көлемді мықын және бел сызықтары бойынша азырақ кеңейтілуімен сипатталады:
трапенция негізді, етегі тарылтылған немесе кеңейтілген.
Достарыңызбен бөлісу: |