Кесте ґнері ќолданбалы ќолґнер тїрініѕ бірі


Ал, енді еңбек және технологияны оқыту мен үйретудің әдістерін қарастырайық



бет3/6
Дата11.04.2023
өлшемі24,53 Kb.
#81548
1   2   3   4   5   6
Ал, енді еңбек және технологияны оқыту мен үйретудің әдістерін қарастырайық.
Технологиядан сабақ беру әдістемес элементтерін мақсатты түрде үйлестірген жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәне мен технологиялық негізділігін ойластырып отыру қажет. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мүнда: әрбір нақты жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету үшіы әр түрлі жұмыс әдістері қолданылады.
Технология мұғалімдерінің жұмыс сараманында оқытудың түсіндіру-безендіру және репродукциялау /суреттерді көшіру/ әдістері өте жиі кездеседі.
Түсіндіру-безендіру әдістері. Мұғалім түсіндіру-безендіру әдістерін дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оған әңгіме. Түсініктеме, оқулықтар мен басқа көрнекі дүниелерді көрсету, нүсқау карталармен жүмыс жатады.
Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары мен көрнекі құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылады. Компьютермен әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасау жолдары мен тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік туды.
Репродукциялау әдістері. Бұл әдістер негізінен оқушылардың дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай әдістерге жаттығу, лабораториялық жұмыстар, нұсқамалар жатады.
Іздестіру-зерттеу әдісі. Бұл әдіске технология пәнінің жаңа тарауы-шығармашылық жоба жатады. Ол оқушыларға дербес, шығармашылық- пен жұмыс істеуге, өзінің күш-жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оны шешуге мүмкіндік береді.
Әңгіме. Мұғалім оқу материалының бір бөлігін әңгіме үлгісінде жеткізді, балаларға фактілерді белгілі бір жүйемен хабарлайды.
Бұл әдісті, мысалы, оқушыларды тұрмыс қызметімен, яғни аспаздық цехтардың, нан зауыттарының, химиялық жолмен киім тазалау және қызмет ету саласындағы ғылыми жетістіктермен, жаңа жабдықтармен т.б таныстыру керек болған жағдайда пайдаланады.
Әңгімені материалды баяндау арқылы түсіндіру талап етілген сабақтарда пайдалану қолайлы әрі тиімді.
Түсіндіру. Түсіндіруді көбінесе практикалық жұмысты ұйымдастыру алдында қабылдайды. Түсіндіру әр түрлі көрнекі құралдарды, еңбек ету тәсілдері мен іс-қимылдарды көрсету арқылы жалғасады. Жаңа материалды түсіндіргенде, оны бағдарламаға сәйкес, анық, ғылыми негізделген және дәйекті баяндау керек екенін есте сақтау қажет.
Бұл әдісті қолдану тиімділігі көп жағдайда материалды баяндаудың әсерлілігіне байланысты болмақ. Өйткені әсерлі сөз оқушылардың жаңа материалды зерттеп, түсіну ықыласын тудырады.
Жаңа материалды әңгімелеп, түсіндіру белгілі бір талаптарды сақтауды қажет етеді: ол-мазмұндаудың анықтығы, үйлесімді, нақты жүйелілік, баяндаудың айқындығы мен әсерлілігі, мұғалім сөзінің кәсіптік мәдениеті.
Әңгімелесу. Тиісті тақырып бойынша оқушылардың белгілі бір білімі мен еңбек шеберлігінің қоры болған жағдайда ғана әңгіме өткізе алады. Мұғалім әңгімелесуге әзірленіп, сұрақтарды іріктейді, оларды бір жүйеге түсіреді және оқушыларды түйіндеп, қорытуға үйретеді.
Әңгімелесу мектеп оқушыларының ойларын, көзқарасы мен түсінігін білу, меңгерген білімнің беріктігін тексеру, көмектесу немесе басқа жұмыстарды орындау, оларды талдау мен бағалау мақсатымен жүргізіледі. Әңгімелесу жаңа материалды оқып үйренуге және меңгеруге, тиянақтауға және қайталауға да арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет