Ұрықтың көлденеңінен жатуы, 2 позиция
225.Жүктіліктің 22-ші аптасында әйелде уақытынан бұрын босану қаупі төнді. Тексергенде анасында А (II) қан тобы, (-) резус фактор, әкесінде АВ (IV) қан тобы, (+) резус фактор анықталды. Қандай себеп жүктілікті көтере алмауға себеп болуы мүмкін
Анасында ұрықтың резус факторына антидене түзілуі
226.Науқас 23 жаста, біріншілік бедеулігіне байланысты, себебін анықтау үшін гистеросальпингография жасалынды. Түсірілген суретте: жатыр қуысы Т-тәрізді формада, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлігі түйреуіштің басы сияқты кеңейген, енгізілген контрасты сұйықтың іш қуысына қарай өткені байқалмады. Мұндай өзгеріс қандай ауруға сипатты
жыныс мүшелерінің туберкулезіне
227.Мерзіміне жеткен ұл бала өздігінен туылды. 5 минуттан кейін босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу тактикасымен ұрық жолдасы бөлініп шықты. Ұрық жолдасын қарау барысында анықтылды: плацента өлшемі 22х18х3см, плацента тінінде 2х2,5 см ақау анықталды, қабықтары түгел. Әрі қарай дәрігер тактикасы қалай болады
тез арада жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалған плацента бөлігінің қалдығын алып шығу
228.Алғаш босанған, 26 жастағы әйел босанғаннан кейінгі кезеңнің 3-ші күні сүт бездерінің ауырсынуына шағымданады. t =38,2ºC, пульс минутына 86 соғады. Сүт безінің пальпация кезіндегі біркелкі үлкеюі, қатты әрі сезімтал болуы анықталды. Мұндай жағдайда ұтымды тактика
емшектегі сүтті сығып шығарып босату
229.25 жасар науқас, физикалық күштен кейін бірден пайда болған, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Лоқсу, құсу, аузының құрғауы болғанын айтады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыры тығыз, ауырсынусыз, қалыпты өлшемде. Сол жақ қосалқылары анықталмайды, жатырдан оңға қарай дөңгелек формалы, эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектеулі, пальпациялағанда бірден ауырсынатын, 7х8х6 см. өлшемді түзіліс анықталады. Тамыр соғысы минутына 120 соққы. Қан анализінде лейкоциттер 12,3. Қай диагноз туралы айтуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |