Сонымен кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі- біріншілік туберкулездің ең жиі кездесетін түрі. Ол имммундық жүйенің терең бұзылыстарында, МБТ популяциясының көбеюінде, кеуде ішілік лимфа түйіндерінде спецификалық қабынудың өршуінде дамиды. Патологиялық процесске кеуде ішілік лимфа түйіндерінің әртүрлі топтары араласуы мүмкін. Дегенмен өкпеден лимфаның ағу заңдылығына сәйкес қабыну әдетте бронхтардың өкпелік және кеңірдек бронхтық топтардың лимфа түйіндерінде дамуы. Бронхопульмональды топтардың лимфа түйіндерінің туберкулезінің зақымдануын жиі бронхоаденит деп атайды. Ұзақ уақыт кеуде ішілік лимфа түйіндерінің қабынуы өкпе тінінің спецификалық зақымдануынан кейін пайда болады деп есептелді. Өкпеде біріншілік туберкулез ошағы түзілмейінше кеуде ішілік лимфа түйінінде туберкулез дамуы мүмкін емес деп болжайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том