Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:
бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі, негізінен стационарда жүргізіледі, кейіннен, қақырық конверсиясына қол жеткізгеннен кейін амбулаториялық жағдайда жалғастырылады;
бактерия бөлмейтін науқастар бастапқыда орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ОДКК) шешімі бойынша амбулаториялық, санаториялық, сондай-ақ стационарды алмастыратын жағдайларда емделуге жіберіледі;
екінші кезең – қолдау фазасы, амбулаториялық, санаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда, жүргізіледі. Қолдау фазасын клиникалық және әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес стационарда жүргізуді ОДКК шешеді.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу, соның ішінде тағайындалған дәрілік заттарды қабылдауларын бақылау білікті медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Емді бастамас бұрын науқаспен тағайындалған дәрілерді ТҚП міндетті түрде қабылдау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізіліп, науқас ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қояды (ТБ 14).
КІЛТ-пен ауыратын науқастарды стационарда емдейді. Бұл ауруды емдеудің қиындығы, заманауи акнтимикобактериальды препараттар лимфа түйіндеріне өте аз концентрацияда түседі.
Емді ары қарай амбулаторлы, содан соң санаторлы жалғастырады. Бұл кезеңдердің ұзақтығы 1-1,5 жыл; екі препарат тағайындайды (изониазид + этамбутол немесе изониазид + этионамид н/е изониазид + пиразинамид).
Оперативті емге көрсеткіш: емді бастаған соң 1,5-2 жыл аралығында оң нәтижелердің болмауы; көкірекортаның лимфа түйіндері туберкуломасының қалыптасуы.