Ісік тәрізді және инфильтративті формаларында температура 38-39°С-ға дейін көтеріледі, ал содан кейін ұзақ уақыт субфебрильді болуы мүмкін.
Балаларда «себепсіз» түнде терлеу пайда болады, тәбеті нашарлайды, ерте жастағы балаларда көкжөтел кезіндегі жөтел мен битональды жөтел п.б. Жөтел жиі түнде мазалайды; басында құрғақ, кейін қақырықп.б.
Өте жиі параспецификалық реакциялар п.б., әсіресе түйінді эритема, фликтенулёзді конъюктивит, блефарит, васкулит, полисерозит, полиартрит.
Симптомдар
Видергоффер симптомы
Бір н/е екі жақтың І-ІІ қабырғааралығында перифериялық венозды тордың кеңеюі (қуыс венаның қысылуына байланысты)
Пертушка симптомы
ІІІ-VІІ кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерін басқан кезде ауырсынудың пайда болуы
Визуальды
Пальпаторлы
Франк симптомы
Жауырынаралық кеңістіктің жоғарғы бөлімдеріндегі майда беткей тамырлардың кеңеюі.
Де ла Камп симптомы – ІІ-ІV омыртқалар деңгейінде жауырынаралық аймақта өкпелік дыбыстың тұйықталуы (бронхөкпелік лимфа түйіндерінің зақымдалуы)
Коране симптомы – І-ші кеуде омыртқасынан төмен (1-2 жастағы балаларда), ІІ-ші кеуде омыртқасынан төмен (10 жасқа дейінгі балаларда) және ІІІ-ші кеуде омыртқасынан төмен (10 жастан асқан балаларда) қылқанды өсінділер бойымен перкуссия жасаған кезде дыбыстың тұйықталуы. Бұл симптом ұлғайған бифуркационды лимфа түйіндеріне тән.
Диагностика
Аускультативті
Д’Эспин симптомы – І-ші кеуде омыртқасынан төмен омыртқаларда бронхофонияның естілуі.