5.4 Энергия шығындарының есебі (электроқуатқа)
Жабдықтардың пайдаланған электроқуатының құнын формула бойынша анықталады:
Қэл=Қбел× Бэл ×Кж, (5.2)
мұнда, Қбел – жабдықтың электроқозғалтқыштық белгіленген қуаттылығы, квт. сағат;
Кж – жыл бойғы жұмыс күнінің саны;
Бэл – 1квт сағат, бағасы.
Қэл=220кВт×0,004×252=221760
б) Пайдаланатын су және канализацияға кететін шығындары төмендегідей анықталады:
Шс=60×25×С×Бс, (5.3)
мұнда, 60 – бір адамға жұмыста кететін су(л);
25 – бір айдағы орташа жұмыс күндері;
С – жұмыскерлер саны;
Б – 0,05 тг/л судың және канализацияның бағасы.
Шс=60×25×6×0,05=450тг
5.5 Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақы шығындары
Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақы төлеу шығыны:
Шн.е=Жс×Еайл.төл.×Тр×Тк×Жұз, (5.4)
мұнда, Шн.е – жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
Жс – жабдықтарға қызмет ететін жұмысшылар саны;
Еайл.төл. – жұмысшыға мемлекет тарапынан белгіленген ең төменгі айлық еңбек ақысының көлемі, теңге;
Тр – жұмысшының тиісінше тарифтік коэффициент разряды;
Тк - өнеркәсіпте орта салалық тариф коэффициенті, ол 1,3 тең;
Жұз – жұмысшының жұмыс мезгілінің ұзақтығы ай.
Шн.е=6.×45000.×2.×1,3.×12=8424000
б) Жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы, негізгі еңбек ақыдан пайыз арқылы анықталады:
Шқ.е=Шн.е× (Қе/100), (5.5)
мұнда, Қе – қосымша еңбек ақы төлеу есебінің пайызы 30% тең болады.
Шқ.е=1759680×(30/100) =527904
Өндіріс жұмыстарының барлық еңбек ақы төленуден қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |