Өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізу экономикалық тиімділік ақталған кезде жасалады. Өндіріске енгізілген техниканың бірлігінің өндірістік шығыны төмендеуі керек, сапасы жоғары болуы керек және еңбек өнімділігі арту керек.
Жаңа техникалық базаны құру сатысында, салыстыруға қабылданатын көрсеткіште отандық өнеркәсіптің немесе шетелдің ең соңғы техникасын пайдалануын, осы техниканың көмегімен өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын көлемінің азаюына жол ашылады.
Жаңа техниканың экономикалық тиімділігі оны енгізу кезіндегі көрсеткіштер қатарының жақсаруы. Жаңа техниканы және технологияны дамытуға салған капиталдың экономикалық шығындары өтелуі тиіс.
Экономикалық тиімділікті анықтау кезінде біріншіден, енгізуге қабылдану керек, екіншіден, нақты жағдайда жалпы барлық өндіріс түрлеріне келетін экономикалық тиімділік болу керек.
Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерінің қабылданған бірлік жүйесі жаңа техниканы енгізудекелесі көрсеткіштерге бөлінеді:
жаңа техниканы енгізуге қажетті капиталды салым;
Негізгі көрсеткіштермен қатар экономикалық тиімділік нұсқасын таңдау кезінде көмекші көрсеткіштер қолданылады – шикізат, энергия, май шығындары, қызмет көрсету еңбек көлемі және т.б.
Капиталды салым дегеніміз ойлап шығарумен, жасаумен, кәсіпорынның өндірістік қорының өсуімен байланысты ұғым. Жаңа өнімнің дайындығы қажетті құралдар мен материалдармен, жартылай фабрикаииармен қамтамасыз етіледі. Өндіріс бағдарламасының құрылымының айтарлықтай өзгерістерінде кәсіпорынның құрамын немесе бөлек цехтарды қарастырады. Сонымен қатар олардың қуаты, басқару аппаратын құру, кадрларды орналастыру, алғашқы құжаттар мен оның өңделуі қарастырылады. Бұл өндірістің ұйымдасқан дйындығының мазмұнын анықтайды.
Жалпы редуктордың түйінің құрастыратын «Универсал 5.02» робот енгізу үшін экономикалық тиімділігін есептеу керек. Төменде осы редуктордың түйінің құрастыратын «Универсал 5.02» роботын жобалау кезінде кеткен шығындар мен оны тасымалдауға, орнатуға кеткен барлық шығындар есептелінді.