Кілт сөздер: микроэлементтер, макроэлементтер, ультрамикроэлементтер, органоген, аденозиндифосфат. Көрнекіліктер



бет2/2
Дата26.03.2023
өлшемі20,55 Kb.
#76216
түріЛекция
1   2
Тамырдың өсу аймағын анықтау.
Қажетті материалдар мен құралдар:асбұршақтың,үрмебұршақтың өнген, тамыр ұзындығы 2см келетін тұқымдары,тушь, тігін түйрегіші немесе ине,миллиметрлік сызғыш, ауыз тығынымен тығындалатын шыны банка,қайшы, картон қағазы, сорғыш қағазы, пинцет, жіп. Өсімдіктің тамыры мен сабағының өсуі төбе меристемалық клеткалардың өсуі нәтижесінде қамтамасыз етіледі.Клетканың өсуі бірінен кейін бірі кезектесіп келетін үш кезеңнен тұрады. а) эмбриональды, б) созылу және с) ДИФФЕРЕНСАЦИЯЛАНУ. Клетка көлемінің күшті артуы екінші кезеңде болады.Тамырдың өсу аймағын бірдей қашықтықта тамырға таңба салу арқылы табуға болады. Жұмыстың орындалуы:тамырының ұзындығы 1,5-2,0см үш асбұршақ немесе үрмебұршақтың өнген тұқымын алып,тамырына зақым келместей мм сайын тушьпен таңба салынады.Сонан соң ылғалды камера даярлау керек.Ол үшін шыны банка алып, оның ішкі қабырғасын сорғыш қағазбен қаптап, ыдыстың ішіне 1/3 бөлігіне дейін келетін су құйылады.Бұл банканың аузын тығын немесе тығын болмаған жағдайда қақпақ болатындай картон қағазын қиып алып, одан тігін түйреуішін өткізіп, ұшына тамырын тік төмен қаратып тұқым жарнағынан түйреп орналастырады.Осылай даярланған банканың аузы жабылып термостатқа қойылады.Бір күн тәулігінен кейін таңба аралықтарының қашықтауына қарай тамырдың өсу аймағы анықталады.Үш өсімдік тамырындағы таңбалардың арифметикалық орташа саны алынып, төмендегі кестені толтырып, қорытынды жасалады.Тамыр ұшындағы таңбадан бастап әрқайсысының аралықтарының қашықтығы өлшенеді.
кесте

Обьект

Таңбалар арасының қашықтығы,мм

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Тамырлар





































1





































2





































3





































Арифметикалық орташа саны


























































































Жапырақтың тамыр түзілуіне әсері.
Қажетті материалдар мен құралдар.:траденсканция өсімдігінің ұшынан алты жапырақты сабақтары, пробирка штативі, мақта, 6пробирка, алюминий фольгасы немесе жұқа жарық өтпейтін қара қағаз. Өсімдік сабағының тамыр түзілуінде жапырақтың кіші бөлімі немесежапырақтың түгелдей болуының маңызы зор. Оның себебі жапырақта физиологиялық активті қосылыстар синтезделіп,өсімдік сабағына ағып келеді де, ауксин қосылыстар көшіп, ең алдымен сабақтың төменгі ұшында клеткалық құрылысы жоқ шоғыр (каллус)түзіліп,онда тамырдың пайда болуына әсер етеді.
Жұмыстың орындалуы:алты пробирка алынып,оларға 1-2см толмайтындай су құйып даярланады.1-пробиркаға барлық жапырақтары қалдырып салынады,2-пробиркаға барлық жапырақтарын және ұшындағы өсу нүктесіне дейін жұлып тастап салынады.3-пробиркаға барлық жапырақтарын қалдырып, бірақ әрбір жапырақ жеке алюминий фольгасымен қапталынады,4- пробиркаға барлық жапырақтарын жұлып, тек төбе жапырағы ғана қалдырылады,5-пробиркаға үш жоғарғы жапырақтарын алып тастап, төменгі үш жапырағы қалдырылады. Өсімдік тамыры қараңғыда түзілетіндіктен пробиркалардың төменгі бөлімдері жарық түспейтіндей қараңғыланады да, штативке пробиркаларды орналастырып, күшті жарық түсетін жерге қойылады.Күн сайын бақылау жүргізіп, қай түрінде тамырдың түзіліп, өсе бастағаны анықталады.Тәжірибені 10 күн жүргізіп, одан кейін тамырдың қандай болып түзілгенін, ұзындығын, көлемін ескеріп, қорытынды жасалынады.


Қайталау сұрақтары.
1.Өсу туралы жалпы ұғым
2.Өсімдік мүшелерінің әрекеттестігі
3. Өсімдік өмірі туралы ұғым
4.Фототропизмнің механизмін түсіндіріңіздер.
5.Өсімдіктің өсуі мен дамуына сыртқы жағдайлардың әсері
6.Өсудің үлкен қисық сызығы
7.Настиялық қимыл-қозғалыстар
8.Нутация-бұл қандай құбылыс
9.Өсімдіктердің көбею физиологиясы
10.Жылу су өсімдік бүршігінің жарылуына қалай әсер етеді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет