Қазақстан Республикасының жоғарғы білім және ғылым минимтрлігі «Семей Қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ факультеті ветеринария және агроменеджмент СӨЖ Тақырыбы: Ветеринариялық соттық сараптау түрлері. Жануарлар өлексесіне ветеринариялық соттық сараптау жүргізу реті. Патологиялық материалға ілеспе құжат түрін толтыру.
Қазіргі кезде соттық медицинада сараптама екі түрде жузеге асырылады:
1) мемлекеттік (лауазымдык);
2) еркін.
Мемлекеттік (лауазымдық) сараптама кезінде сарапшы рөлін арнайы дайндығы бар соттық медициналық сарапшы қызметін атқаратын дәрігер жасайды.
Соттық медициналық сарапшы болмаған жағдайда сараптаманы жүргізуді құқық қорғау органдарының қызметкері кез келген дәрігерге тапсыруы мумкін. Мұндайда ол сарапшы-дәрігер деп аталады. Бұл - еркін сараптама. Кейбір елде, мысалы Францияда ант берген сараптама болады.
Сотта ант беріп, соттық медициналық сарапшы болып бекітілген дәрігерлердің белгілі бір тізімі жасалады. Құқық қорғау органдарының қызметкері сарапшыны таңдағанда, дәрігерлердің осы тізімімен ғана шектеледі.
Соттық медициналық сараптаманың тағы мынадай түрлерін ажыратады: алғашқы, қосымша, қайталама, комиссиялық және кешенді. Алғашқы сараптама - іс бойынша алғашқы рет тағайындалады және әдетте оны бір сарапшы жүзеге асырады.
Қосымша сараптама - алғашқы сараптама өткізілгеннен кейін
сарапшыға қойлатын жаңа сұрақтар туындаса, немесе оған зерттеуге жаңа материал ұсынылуына байланысты бұрын шешілген мәселе қайта қаралса жүргізіледі.
Қайталама сараптама сарашның қорытындысы жеткілікті деңгейде негізделмеген, не оның дұрыстығы күмәнді болған жағдайда басқа сарапшыға тапсырылады. Қайталама сараптаманың тағайындалуы тергеушінің қаулысында негізделуі керек.