Кымбатова Айдана


Заттық айғақтар сараптамасы



бет4/4
Дата23.10.2023
өлшемі27,28 Kb.
#120603
1   2   3   4
Байланысты:
Ветеринариялық соттық сараптау түрлері. Жануарлар өлексесіне ветеринариялық соттық сараптау жүргізу реті. Патологиялық материалға ілеспе құжат түрін толтыру.

Заттық айғақтар сараптамасы. Соттық-тергеу тәжірибесінде соттық іске қатысы бар кез келген зат заттық айғақ болып есептеліне алады. Заттық айғақтар биологиялық және биологиялық емес деп екіге белінеді. Биологиялық заттық айғақтар - мал өлексесі немесе жеке мүшелер, ас-қорыту жолдарының сұйығы, қан, несеп және т.б.
Биологиялық емес заттық айғақтар – жарақаттайтын саймандар, құралдар, медикаменттер, әртурлі химиялық ерітінділер және т.б.
Заттық айғақтардың маңызы өте зор. Олар соттық тергеуте объективтік сипат береді, соттық істін ақырын анықтайды, ақиқаттын «мылкау куәгері» болып есептелінеді. Зертханада заттық айтақтарды міндетті түрде тіркеп, есепке алу керек, оны сақтау міндеті сарапшыға жүктеледі, сарапшы қорытындысында айғақты заттардың саны мен сапасын көрсетіп, оның буылып-түйілгені жөнінде көрсетілуі қажет.
Қажет болған жағдайда сот-тергеу органдарынаң қосымша материалдар сұрауға болады. Заттық айғактардың сипатына байланысты сараптаманың мынадай түрлері бар: биологиялық, микробиологиялық, радиобиологиялық, иммунологиялық, морфологиялық және т.б.
Соттық ветеринариялық тәжірибеде қан мен қылшқк сараптамасының маңызы зор (мал ұрланғанда, заңсыз аң аулағанда).
Қан сараптамасы. Гистологиялық, гистохимиялық, физикалық-химиялық
(микроспектральды талдау, хроматомография) тәсілдер. Гемоглобин мен гемоглобинтекті пигменттер (гематоидин, гемосидерин, гематин, билирубин) қанның қай түрге, топқа жататындығын анықтауға арналған иммунологиялық әдістер жүргізіледі.
Каннын түрін анықтау үшін иммундық биологиялық реакциялар қолданылады (преципитация).
Кылшық сараптамасы. Әрбір қылшықтың түбі мен езегі болады. Қылшықтың ұзындығы, пішіні, түсі зерітелінеді.
Қылшықтың қай жануардікі екенін анықтау үшин гистологиялық және цитологиялық әдістер қолданылады. Қылшықтың құрылысы ерекше: ол кутикуладан, сыртқы қабаттан, ми қабаттан тұрады. Кутикула бірқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Сыртқы қабат ұршық тәрізді торшалардан, ауа көпіршіктерінен, және меланин түйірлерінен тұрады. Ми қабаты полиморфты пластинкалардан, меланин, және ауа көпіршіктерінен тұрады.
Қабаттар қатынасы, олардың көлемі мен торшалардың орналасуы әр мал түліктерінде әртурлі болады. Қажет болған жағдайда қылшықтың түр қатынастығын кератин бойынша, ал жеке қатынастығын - торшалық антиген мен ДНҚ, бойынша анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет