Кымбатова Айдана


Азаматтык іс бойынша жүргізілетін сараптама



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі27,28 Kb.
#120603
1   2   3   4
Байланысты:
Ветеринариялық соттық сараптау түрлері. Жануарлар өлексесіне ветеринариялық соттық сараптау жүргізу реті. Патологиялық материалға ілеспе құжат түрін толтыру.

Азаматтык іс бойынша жүргізілетін сараптама. ҚР Азаматтық процессуалдық кодексіне сәйкес малды, мал өнімдерін алып-сату барысында, мал ауырғанда, лажсыздан сойылғанда, өндірістерге, фермерлерге, жеке тұлгаларға меншікті мал өлгенде, малды күтіп-бағу, пайдалану және тасымалдау ережелері бұзылғанда мүліктік қатынастар қаралады.
Мүліктік мүддені қорғауда жануарларды сақтандыру жүйесі маңызды рөль атқарады. Сақтандырудың негізгі мақсаты – әртүрлі оқиғалар салдарынан мал өлгенде немесе жарақаттанғанда азаматтардың экономикалық және жеке мүддесін қорғау. Мұндай оқиғаларға сұрапыл зілзала, технологиялық жүйелер апаты, өрт, су тасқыны, жыртқыш және улағыш жануарлар шабуылы, малды
лажсыздан сою, малдың жұқпалы және жұқпайтын аурулардан өлуі және т.б. жатады.
Соттық іс материалдары бойынша сараптама жүргізу.
Тергеу және сот ісінің құжаттарын зерттеп, сол құжаттардағы деректер негізде сараптама қорытындысын жазу іс материалдары бойынша соттық сараптама деп аталады.
Белгілі бір дәрежедегі тергеу ісінің материалдарын сарапшы барлық жағдайда пайдалана алады. Мысалы, мал өлімінің себебі туралы мәселені шешкен кезде сарапшы өлексені зерттеумен қатар, іс материалдары бойынша, оның өлуінің мән-жайымен танысады, дұрыс және дер кезінде балау қойылуын, емдеу, алдын алу шараларын, мал ауруының тарихын және т.б.
Белгілі бір дәрежедегі тергеу ісінің материалдарын сарапшы
барлық жағдайда пайдалана алады.
Іс материалдарына сараптама жүргізу үшін жазбаша қаулы шығарылады, қаулыда сараптаманы жүүргізу кімге немесе қандай мекемеге тапсырылады, шешуге қойлатын нақтылы сұрақтар жазылады, қажетті құжаттар беріледі, сарапшының құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Қажет болған кезде сарапшы тергеушіден қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.
Сараптамының күрделілігіне байланысты сараптама кешенді түрде жүргізілуі мумкін және оған әр түрлі саланың мамандары қатысуы мүмкін. Керек болған жағдайда қосымша немесе қайталама сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы да іске тіркелінеді. Соттық-тергеу тәжірибесінде мал шаруашылыты мен ветеринария жөніндегі мәселелер негізінен құжаттарға (жоспар мен есепке, мал ауруы тарихына, хаттамаға, актілер мен патологиялық
анатомиялық сойып-зерттеу қорытындысына, лабораториялық зерттеу сараптамасына және т.б.) байланысты болады. Бұл құжаттар мал ауруы мен өлімінің себебін анықтау, диагнозды дұрыс және дер кезінде қою, емдік, алдын-алу, оқшаулау (карантин), санитариялық-гигиеналық шараларды жүргізу, мал және өсімдік өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау жөнінде толтырылады. Іс материалдары бойынша жүргізілген сараптама нәтижесінде сарапшы қорытынды береді. Кешенді сараптама қорытындысына барлық сарапшылар қол кояды, ал арада келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы жеке қорытынды береді де, оған бір өзі ғана қолын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет