Кымбатова Айдана



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі27,28 Kb.
#120603
1   2   3   4
Байланысты:
Ветеринариялық соттық сараптау түрлері. Жануарлар өлексесіне ветеринариялық соттық сараптау жүргізу реті. Патологиялық материалға ілеспе құжат түрін толтыру.

Комиссиялық сараптама күрделі зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда тағайндалады, оны бірнеше сарапшылар жүргізеді.
Кешенді сараптама кезінде әр мамандық өкілдері бір мәселені өз құзыреті шегінде шешеді.
Соттық ветеринарияда арнайы сарапшы қызметін атқаратын дәрігер болмағандықтан еркін сараптама ғана жүргізіледі.
Соттық ветеринариялық сараптаманың мынадай түрлері болады:
1) кешенді;
2) сот мәжілісіндегі;
3) азаматтық іс бойынша;
4) соттық іс материалдары бойынша;
5) заттық айғақтар сараптамасы.
Кешенді сараптама - күрделі соттық ветеринариялық маселені шешу мақсатында жүргізіледі. Кешенді сараптаманы әр түрлі мамандар тобы (ветеринариялық дәрігер, экономист, зооинженер, агроном т.б.) құқық қорғау органдарының қызметкерінің тағайындаумен жүргізеді. Бір іс жан-жақты зерттелінеді: мысалы, бір шаруашылыкта мал арасында ауру туындайды. 20 мал басын лажсыздан сою керек болады. Кешенді сараптамада ветеринариялық дәрігерлер - індеттанушы, паразитолог, патанатом жоне зооинженер зерттеу жүргізеді.
Сарапшыларға мынадай сауалдар қойылады:
1. Осыншама көп мал басы ауруының себебі неде?
2. Не себептен мал лажсыздан сойылды?
3. Жайылымда жоңышқа жегеннен ауруы мумкін бе?
4. Жіті инфекциялык ауру емес пе?
5. Мал уланған жоқ па, егер уланса, неден уланды?
Сонымен кешенді сараптама кезінде заттық айғақтар көптеген мамандармен жан-жақты зерттелінеді.
Сот мәжілісіндегі сараптама. Соттық ветеринариялық сарапшы сот мәжілісінде жауапқа жиі тартылады: соттық істін қаралуы барысында, алдын ала тергеуде берілген қорытындыны түсіндіру мақсатында немесе қосымша сұрақтарға жауап беруге. Мәжіліс залында сарапшы алдын ала жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып айыптаушы, қорғаушы, айыпталушы сұрағына да
жауап береді. Сұрақты кім қойса да, жауабын тек сотқа жолдайды. Ауызша жауап беріп болған соң, сарапшы өз жауаптары жазылған сот мажілісінің хаттамасмен танысу керек. Өзінің жауаптары дұрыс жазылмаған жағдайда, ол жөнінде сотты ескертуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет