Кирхгофтың бірінші заңы



бет1/5
Дата03.04.2023
өлшемі207,73 Kb.
#78853
  1   2   3   4   5

    1. Кирхгофтың бірінші заңы



Тізбектеп қосылған энергия көзі мен тұтынушылардан тұратын электр тізбектерінде барлык тізбектегі ток, ЭҚК және кедергі не-месе қандай да болмасын тізбек участкесіндегі ток, кернеу және кедергі арасындағы қатынас Ом заңымен анықталады.
Бірақ, көбінесе іс жүзінде қолданылатын тізбектерде ток қандай да болмасын бір жерден шығып, әр түрлі жолменен тарап бір немесе бірнеше нүктелерде ұшырасады. Ұшырасу нүктелерінде бір-неше өткізгіш сымдар түйісіп ұштасады. Мұндай түйісу нүктелерін түйіндер (түйін нүктелері) деп атайды, ал қатар жатқан екі түйіндерді қосатын тізбек учаскесін тізбек тармағы деп атайды.
Тұйықталған электр тізбегінде электр зарядтары оның бірде бір нүктесінде жиналып қала алмайды. Өйткені бұл тізбек нүктелерінін потенциалдарын өзгертуге алып келер еді. Сондықтан қандай да бір түйінге белгілі уақыт бірлігінде келетін электр заряды, осы түйіннен сол уақыт бірлігінде кететін зарядка тең.



5 Сурет – Тарам тізбегі


Айталық, а түйінінде (5-сурет) тізбек төрт тарамға тармақта-лады да қайтадан б түйінінде қосылады. Тізбектің тармақталмаған бөліктеріндегі токты I арқылы, ал тарамдардағы токтарды І1, І2, І3, және І4 арқылы сәйкес белгілейік. Онда мұндай тізбектегі токтар арасында мынандай байланыс болады:


I = І1+I2 + І3 + І4 (1.18)


Егер түйінде бағыттары әртүрлі тогы бар бірнеше өткізгіш сым­дар үшырасса, онда теңдіктің сол белігінде түйінге келетін токтар-дың қосындысы жазылады, ал оң жағында түйіннен кететін токтар-дың қосындысы жазылады. Бұл формула Кирхгофтың бірінші заңы болып табылады. Кирхгофтың бірінші заңын былай тұжырымдауға болады: электр тізбегіндегі түйінге (түйін нүктесіне) келетін токтар-дың қосындысы, осы түйіннен кететін токтардың қосындысына тең немесе электр тізбегінің түйін нүктесіндегі токтардың алгебралық қосындысы нольге тең. Бұл жерде түйінге келетін токтарды оң, ал түйіннен кететін токтарды теріс токтар деп карайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет