Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
1. Қазақстан мектептерінде 1940-1950 жылдардың басында оқыту мәселелері.
2. 1950-1960 жылдардың соңы мен 1960-шы жылдардың басында Қазақ КСР тарихын оқытудың әдістемесі мен мектептерде тарихи білім берудің дамуы.
3. Қазақ КСР тарихының жаңа оқулықтары мен бағдарламалары.
1917 жылдың Жалпыресейлік ІІ съезде В.И. Лениннің ұсынысы бойынша білім берудің А.С. Луначарскийдің басшылығымен ағарту Халық Комиссарлығын құру туралы қаулы қабылданды. 1917 жылдың 9 қарашасындағы Декрет бойынша ағарту Комиссиясы құрылды.
Мұғалімдердің буржуазиялық тарихи әдебиетті айдалануынан қауіптенген А.В. Луначарский мен оның орынбасары М.Н. Покровский жүйелі тарихи білім берудің оң ықпалын жоққа шығара бастады. М.Н. Покровский: «... ІІ сатыда, тіпті жұмысшылар факультетінде оқытылатын тарихты ХҮІ ғасырдағы гуманистер жазған, ал біз әлі де сол қалпында оқытып жатырмыз. Төртжүз жыл өтті! Ол кезде тарихты ежелгі, орта және жаңа тарихқа бөлу дұрыс болып көрінгенімен, қазіргі кезде мұндай бөлініс өз мағынасын толық жойды.
Азаматтық тарихтың орнына еңбек тарихы және әлеуметтануды меңгеру ұсынылды. Тарихи білім беру өрісінде революциялық өзгерістер жасалды. Бірінші кезеңде (1917 ж. – 30-шы жылдардың басы) тарихи білімнің ескі мазмұн-мағынасынан басартылды, ал тарихтың мектептегі курсы қоғамтану пәнімен алмастырылды. Қоғамтану пәні шеңберінде фактілерді маркстік тұрғыдан іріктеген тарих курсының шағын ғана бөлігі қалды.
Халық Ағарту комиссариатының мектеп реформасы бөлімінің меңгерушісі П.Н. Лепешинский осы бөлімнің 1918 жылы шілде айында өткізілген коллегиясында кеңестік еңбек мекnептерінің ұстанымын былай деп анықтады: мектептегі оқу уақыты жыл бойына тоқтаусыз жалғасады, ал сабақтардың үзілістері климат жағдайына байланысты болады; мектеп оқушылары аптаның 7 күні бойында да сабақ оқиды, бірақ оның екі күні экскурсияларға арналуы мүмкін; сынып сабақтары тоқтатылады да оның орнына еңбек сабақтары енгізіледі; бағдарламалар ұсынушылық сипатта болуы ғана мүмкін; оқытудың пәндік жүйесі еңбек мектептерінің ұстанымдарына қарама-қарсы келеді; мұғалімдер оқулықтарды пайдаланудан бастартуы керек; мұғалімдер тек қана анықтамаларды ғана пайдалануы және оқушылармен әңгіме жүргізуі тиіс.
Жаңа мектепте емтихандар, жазалаулар, оқушылардың білімін бағалаудың баллдық жүйесі және үй тапсырмасы толық тоқтатылды. Оқушыны бір сыныптан екінші сыныпқа көшіру педагогикалық кеңестің осы оқушының сабақ еңбегін орындауына берген бағасы мен пікіріне байланысты болды. Сыныптардың орнына майда топтар – «бригадалар»; сабақтардың орнына – зертханалық «студиялық» дәрістер енгізілді. Сабақтар американшық Дальтон жоспары бойынша қайта құрылды. Бұндай жүйе кезінде мұғалім білім бермейді, барлық білімді оқушының өзі меңгеріп алады.
1918 жылдың қазан айында РСФСР-дың Бүкілодақтық Орталық Комитеті «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ережесін» бекітті. Еңбек мектебі екі сатыға бөлінді: біріншісі – 8 ден 13 жасқа дейінгі балалар (5 жыл), ал екіншісі – 13-ден 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін (4 жыл). Ұлдар мен қыздарды бірге оқытатын зайырлы тегін білім беру жүйесі қалыптасырылды.
І саты мектебінің 3-ші жылынан орыс тарихының қарапайым әңгімелерін оқыту басталды. Соңғы жылында Кеңес Конституциясын оқыту енгізілді. 1921 жылдың бағдарламасы туған өлке тарихын – адамдардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын қарастыруды барлық әңгімелесулер мен экскурсиялардың басы тақырыбы етіп алды.
1920 жылдан бастап тарихтың үлгі бағдарламасын енгізудің әрекеттері жасалды. Алайда оны құқықтану, саясиэкономия және әлеуметтану және таптық күрес және ғылыми социализм теориясының дамуы курсы енгізілген кешенді түрін де қаылдамай тастады. 1921 жылдан қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан бастап пәндік білім беруден бастартылып, 1931 жылға дейін айналыста болған кешендік бағдарламалар енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |