Кіріспе. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер


Қоғамтануды оқытудың мазмұны мен әдістері



бет7/28
Дата06.01.2022
өлшемі430 Kb.
#16745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Қоғамтануды оқытудың мазмұны мен әдістері. Халық ағарту комиссариатының мемлекеттік ғылыми кеңесі мектепте ғылым негіздері емес, өмірліік кешендерді оқып-білу керек деп есептеді. Оқу материалының мазмұны үш негізгі тақырыпқа байланысты құрылды: табиғат, қоғам және еңбек. Оқытудың орталығына адамдардың еңбек әрекеті және оқушыларға олардың шығармашылық дербестігіне сүйене отырып, білім алу машықтарын меңгерту негізгі мақсат етіп қойылды. Тарихи мәліметтер қазіргі заман мәселелерін зерттеуге қаже болған жағдайда ғана қарастырылды. Олар: капитализмнің, ХІХ-ХХ ғғ. Батыстағы және Ресейдегі жұмысшылар қозғалысының  пайда болуы.

Тарихтың ХІҮ-ХҮІ ғғ. кезеңдерін оқыту мүлдем қажет емес деп есептелді, өйткені бұл кезеңдердегі деректер мен мәліметтердің құндылығы мен шынайылығы төмен деп есптелді. Салысыру үшін буржуазиялық әлемнің тек кейбір материалдарын ғана алу керек деп есептеілнді. 1925 жылғы  бағдарлама бойынша жоғарғы сыныптарға берілетін материалдар әр елдің тарихынан алынған мысалдар әлеуметтік типтері бойынша топтастырылды. Әлеуметтік очерктер мысалы мынадай тақырыптарды құрады: 1. Феодализм. 2. Қала және қала мәдениеті. 3. Сауда капиталының пайда болуы және географиялық жаңалықтар. 4. Сауда капиталы кезіндегі революция. 5. Сауда капиталының мемлекеті. 6. Сауда капиталының мәдениеті.

Оқушылардың жалпы дамуы, олардың дербестігі мен шығармашылық күшінің артуы үшін еңбек, зертханалық-бригадалық, зертеушілік әдістер ықпал етуі тиіс болды. Зертханалық дәрістер кезінде оқу материалын байланыстыра мазмұндауды өзінің мақсаты етіп қоймайтын жаңа типтегі құралдар пайдаланылды. Мысалы, А.А. Введенский мен А.В. Предтеченскийдің «Жоғарғы сыныптарға арналған жұмыс кітаптарында» жекелеген тақырыптарға байланысты материалдар, оларды ашуға қойылған тапсырмалар мен мақсаттар берілді, қорытындылар, сондай-ақ үйде оқуға әдебиеттер берілді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет