5
арнайы нормативтік және ғылыми әдебиетпен
кәсіби жұмыс істей алу; - кәсіби қызметіне байланысты түрлі шарттар мен жағдайлардағы
икемділік және ұтқырлық;
ұйымдастырушылық-басқару қызметі: техникалық, қаржылық, психологиялық
факторларды ескере отырып, өндірістік-техникалық
шешімдер қабылдай білу және ұжымда жұмысты ұйымдастыру және басқару; арнайы және ғылыми
терминологияны және кәсіби
риториканы білу; командада жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай отырып,
жаңа шешімдер ұсына білу; ұжым пікірімен сәйкес,
ымыралы шешімдер таба білу, кәсіби және жеке тұлғалық өсуге ұмтылу.;
жобалау-конструкторлық қызмет: кен орындарын техникалық-экономикалық
бағалауды, байыту фабрикасының бас жоспарын
әзірлей білу, байыту фабрикаларын жобалау кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлей білу;
жобалық шешімдер қабылдай білу,
пайдалы қазбаларды байытуда даму мәселелері мен үрдістерін бағалай білу;
ғылыми-педагогикалық қызметі: ғылыми және білім беру ұйымдарында жұмыс.
2.2.5 Кәсіби қызмет функциясы
Бітірушілердің кәсіби қызметінің негізгі функциялары: технологиялық процесті бақылау, пайдалану, техникалық құжаттарды жүргізу,
авторлық қадағалау.
2.2.6 Кәсіби қызметтің бағыты
Кәсіби қызметінің бағыттары мыналарды қамтиды:
- өндірістік-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
- есептеу-жобалау.
- ұйымдастыру-басқарушылық.