Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым  үлгісі



Pdf көрінісі
бет9/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
 
Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым 
үлгісі
:
-титул бет 
-мазмұн бет 
-кестелер тізімі (міндетті емес) 
-алғыс (міндетті емес) 
-түйіндеме 
-кіріспе 
-әдебиеттерге шолу 
-зерттеу әдісі 
-нәтижелер/талдау 
-қорытынды 
-ұсыныстар (міндетті емес) 
-алдағы зерттеулер 
-қолданылған әдебиеттер 
-қосымшалар. 
 
Студенттер үшін академиялық жазылым төмендегідей дағдыларды 
қалыптастырады:
-ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы 
-мәтін жүйесінің логикалық мәнде болуы 
-тақырыптың тұтастығы 
-ғылыми стиль талаптардың сақтауы. 
 
Ал, академиялық хаттың негізгі талаптары:
-Зерттеу тақырыбының болуы 
-Зерттеу сұрағының болуы 
-Плагиат ережесін сақтауы 
-Ғылыми мәліметтерді қолдануы 
-Кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы 
-Түйіндеменің болуы (шағын эсселерге қатысты емес). 
Публицистикалық стиль

Публицистика
(латынша: көпшілік, әлеумет) - қоғам өмірі үшін 
маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық 
талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың 
өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің 
басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер 


13 
публицистикалық 
стильдің 
жазбаша 
түріне 
саяси 
тақырыпқа 
жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер 
публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең 
алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті 
ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола 
алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға 
бастайды. Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға 
саяхаты” 
сол 
кезде 
жалынды 
публицистикалық 
шығарма 
болып 
есептелген.
 
XIX 
ғасырдың 
екінші 
жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар 
публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, 
Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық 
құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың 
ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналады.
 
Жазба публицистика 
баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Қазан 
төңкерісінің жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-саран 
шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған 
кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы 
басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен 
Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың 
ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен 
поэмалары Қазанда жарық көрді”. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда 
пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер 
тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. 
Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың 
санасына ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет