Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет24/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Әдебиеттер
1.
Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: жоғары оқу орынд. студент. арн. оқу құралы - 
Алматы : Экономика, 2018 . - 120 бет. 
2.
Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. 
А. 2019. -164 б. 
3.
Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое пособие для руководителей 
школ и специалистов образования. М., 2011 
4.
Кувшинская Ю.М., Зевахина Н.А., Ахапкина, Я. Э. Гордиенко Е. И. Академическое 
письмо. От исследования к тексту: учебник и практикум для академического 
бакалавриата /под ред. Ю.М.Кувшинской. - М.: Издательство Юрайт, 2019. - 284 с. - 
(Серия : Бакалавр. Академический курс). 
5.
Интернет –ресурстардың мәліметтер базасы
1.
Fundamental of Research Methodology and Data Collection.
6.
https://www.researchgate.net/publication/303381524_Fundamentals_of_research_methodolo
gy_and_data_collection?enrichId=rgreq-202b7179fb6da1fc69be9820f888b36e-
XXX&enrichSource=Y292ZXJQYWdlOzMwMzM4MTUyNDtBUzozNjM4NDU4NTcxMD
M4NzNAMTQ2Mzc1OTAyMDk2MQ%3D%3D&el=1_x_3&_esc=publicationCoverPdf 
Дәріс. Академиялық хат және терминология мәселесі 
Қазақ фонетистері ұсынған үндесім теориясы бүгінде халықаралық деңгейде танылып үлгерді және 
түрік тілтанымы үшін ғана емес, жалпы фонетика ғылымындағы елеулі жаңалық болды. Дүние жүзі 
тілдері жіктелімінде жалғамалы (агглюнативті) сипатымен ерекшеленетін түрік тілдерінің басты 
фонетикалық ерекшелігі үндесім екенін мойындау ғылыми ойдың дамуымен, ғылыми көзқарастың 
ауысуымен байланысты. Түрік фонетикасын жаңа теориялық деңгейге көтеру ісінде қазақ 
фонетистерінің көшбасшы болуы да атап өтерлік жай және ол заңды да. Түрік тілдерінің ішінде 
үндесімді бар болмысымен сақтап қалған бірден-бір тіл - қазақ тілі екенін түрколог-ғалымдар 
бірауыздан айтып отыр. «Асыл тіл, түзу емле қазақта» (А.Байтұрсынұлы) болса, тіл заңын түзеу де 
қазақ тіл білімінен басталып, бүгінде қайта жалғасын тапты. Сондықтан да қазір қазақ фонетикасы 


27 
ғылымында тілдің дыбыстық жүйесін үндесім теориясы бойынша сипаттауды терминологиялық 
жағынан реттеу үрдісі жүріп жатыр. 
Жат сөздердің тіл бұзар
әсерінен құтылудың бірден- бір
 жолы олардың қазақша
баламасын тауып, сөйленімге
жаппай ендіру ғана болып отыр.
Әлімхан Жүнісбек 
Қазақ фонетистері ұсынған үндесім теориясы бүгінде халықаралық деңгейде танылып үлгерді және 
түрік тілтанымы үшін ғана емес, жалпы фонетика ғылымындағы елеулі жаңалық болды. Дүние жүзі 
тілдері жіктелімінде жалғамалы (агглюнативті) сипатымен ерекшеленетін түрік тілдерінің басты 
фонетикалық ерекшелігі үндесім екенін мойындау ғылыми ойдың дамуымен, ғылыми көзқарастың 
ауысуымен байланысты. Түрік фонетикасын жаңа теориялық деңгейге көтеру ісінде қазақ 
фонетистерінің көшбасшы болуы да атап өтерлік жай және ол заңды да. Түрік тілдерінің ішінде 
үндесімді бар болмысымен сақтап қалған бірден-бір тіл - қазақ тілі екенін түрколог-ғалымдар 
бірауыздан айтып отыр. «Асыл тіл, түзу емле қазақта» (А.Байтұрсынұлы) болса, тіл заңын түзеу де 
қазақ тіл білімінен басталып, бүгінде қайта жалғасын тапты. Сондықтан да қазір қазақ фонетикасы 
ғылымында тілдің дыбыстық жүйесін үндесім теориясы бойынша сипаттауды терминологиялық 
жағынан реттеу үрдісі жүріп жатыр. 
Бұл арада қазақ тіл білімінің фонетика саласындағы төл терминдер жүйесін қалыптастырудағы 
дәстүр сабақтастығы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Халықаралық терминдер басым 
болып келетін ғылымның өзге салаларымен салыстырғанда қазақ тіл білімінің, оның ішінде 
фонетика саласының атау сөздері негізінен төл сөздерімізден құралған. Тіл табиғатын сол тілге тән 
табиғи ұғымдармен түсіндіру үрдісі ХХғ. 80-90 жылдарынан қайта бастау алып, қазір де 
жалғасуда. Бұл ұлы істің басында Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, кейін Құдайберген Жұбанов 
терминжасамдағы осы үрдісті одан әрі дамыта түсті. Ал ХХ ғасырдың соңында қазақ фонетикасы 
мәселелерін зерттеудегі жаңа бағыт, сингармонизм теориясына негізделген бағыттың авторы 
профессор Әлімхан Жүнісбек еңбектерінде осы терминжасам тәсілі жалғасын тапты. Проф. 
Ә.Жүнісбек үндесім теориясының ұғымдары және сол ұғым-түсінік атауларын қалыптастыру ісінде 
де ұлттық терминжасам дәстүріндегі пәнсөздер жүйесін қолданысқа енгізді. «Үндесім дыбыс, 
үндесім буын, үндесім сөз ұғымдары мен оларға тән жалпы фонетикада жоқ атаулар құрамы 
жинақталды» (1.4). Ғылым саласындағы терминжасам ісіндегі сабақтастықты дәл аңғарған белгілі 
терминолог- ғалым Ш.Құрманбайұлы бұны «үзіліп қалған ұлттық терминжасам дәстүрінің араға 60-
70 жыл салып барып қайта жалғасын табуы деп бағалаған дұрыс болар» (2.42) деп атап көрсеткен 
еді. 
Бұл бағытта ғалым ұстанып отырған басты бағыт «ұғымдар мен атауларды мүмкін болғанша 
қазақылап алу» және «атаудың уәждемелі болуы» (5.33). Енді профессор Ә.Жүнісбек ұсынған 
фонетика салалары атаулары мен салаға тән жіктелім белгі атауларына тоқталсақ. 
Жіктелім (классификация) салалары мен атаулары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет