Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет30/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаугершілік заманда, қаршадай бала күнінде қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген, Мысырдай алып елді 17 жыл бойы билеген, моңғол жаулаушыларынан, крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған ұлы бабамыздың атын қалайша ардақтасақ та жарасады.

Бейбарыс бізге еліміздің тарихында әлемге әйгілі осындай перзенттер болғанын білу, басқаларға білгізу арқылы халқымыздың ұлттық мақтаныш сезімін орнықтыра түсу үшін керек. Бейбарыс бізге бүгінгі қазақ жұртын батыр бабалардың аруағын ардақтау, сол ұлы тұлғалардың ұлағатты істерінен үлгі-өнеге ала білуге үндей үшін керек. Бейбарыс бізге бері қойғанда түркі дүниесінің, әріден тартсаң, мұсылман әлемінің сонау бір айбыны тасып, абыройы асып тұрған дәуірлерінде де сол күрделі процестердің бел ортасында қыпшақ ұланы жүргенін айту арқылы қазақ атты халықтың да адамзат тарихында өзіндік ізін қалдырғанын дәлелдеу үшін керек. Ол қандай із?

Бейбарыс сұлтан – крест жорықтарын тоқтатқан адам.

Бейбарыс сұлтан – моңғол шапқыншылығын тоқтатқан адам.

Бейбарыс сұлтан – мұсылман дініне төнген қатердің бетін қайтарған адам.

Осы үш ұлы еңбегінің өзі оның есімін адамзат тарихында алтын әріппен жазуға жетіп жатыр. Бейбарыс сұлтанның еңбегіне баға берген адамдардың ішінде әл-Айниден асырып айтқан ешкім жоқ сияқты. Ол былай дейді: “Мұхаммед пайғамбар дүниеден кеткелі мұсылмандардың басына ешқашан мұндай қасірет пен ауыртпалық түспеген еді. Пайғамбарымызға Алла тағала ислам дінін адамдарға жеткізуді жүктесе, сұлтан әз-Зәкір Бейбарысқа сол дінді сыртқы жаудан қорғап қалуды жүктепті”.

Алланың аманатын ақтаудан артық баянды бақыт болмаса керек. Бейбарыстың бақыты – бақилық бақыт.

Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Трипольский оған: “Бейбарыс – жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман” деген баға берген. Бейбарыс тек жүрек жұтқан жауынгер ғана болған жоқ, ол сонымен қатар мықты қолбасшы да болатын. Бейбарыс исламның қағидаларын қатаң сақтайтын нағыз мұсылман еді. Мысыр жұртының тыныштығы үшін оған ақыл-айласы асқан дипломат болуға тура келген.

Қанжырақта жүріп, дүние мен мансапқа ие болса да туған елін, туған жерін, оның боз жусанын аңсап өткен, құлағынан қазақтың “көке” деген сөзі кетпеген, көз алдынан туған елі кетпеген, қазақ даласында кіндік қаны тамған сұлтан Бейбарыс өз отандастары - қыпшақтардың сол заманға сай қасиеттерін бойына сіңірген жинақтық бейнесі болды.

“Ерекше ерлігімен, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген, Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан, крест жорығын бастаушылардан, жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала күнінде осы Атырау бойынан әкетілгенін, өзінің сүйегі осындағы беріш тайпасынан екендігін көптеген тарихшылар жазып қалдырған. Мен ана жылы Мысыр еліне барғанымда Бейбарыс салдырған мешітте құран оқыттым, даңқты бабамызды арабтардың қалай құрметтейтінін көрдім” – деген еді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылы Атырау қаласында сөйлеген сөзінде.

Египетке сапары кезінде Каирдегі сұлтан Бейбарыс салдырған мешітке тәу еткен Елбасының өзі Бейбарыстың тарихи зерттеліп, кіндік қаны тамған Атырау топырағының ғана емес, барша қазақтың қадір тұтар ардақтыларының бірі екенін зерделейтін деректерді жинастыруды ғалымдарымыз бен зиялыларымызға тапсырыпты.

Нұрсұлтан Әбішұлының осы сөзінен кейін көп уақыт өтпей, Атырау облысының әкімі болып тағайындалған ұлтжанды азамат Иманғали Тасмағамбетов Бейбарыс сұлтанның туғанына 775 жыл толуына арналған іс-шаралар кешенін белгілеп, көп ұзамай сол жоспарда көзделгендерің бәрін орындатып шықты.

Қазақ еліне енді-енді таныла бастаған сұлтан Бейбарыстың 775 жылдығына арналған салтанатты шаралар әдеттегіден өзгеше өтті. Әсіресе ең маңыздысы - “Әз-Зәкір Бейбарыс сұлтанның ғұмырнамасы” атты кітаптың тұсаукесері еді. Арабтың халық романының орысша нұсқасынан қазақшаға аударған белгілі қаламгер Сауытбек Адрахманов. Бейбарыс жайында ана тілімізде шыққан тұңғыш кітаптың құндылығында дау жоқ.

Бейбарысты бүгінгі ұрпаққа кеңінен танытуда Атырауда біраз іс қолға алынды. Облыстың әкімі И.Тасмағамбетовтың бастауымен Бейбарыс сұлтанға облыстық әкімшіліктің дәл аузынан, бұрынғы Ленин ескерткішінің орнына әдемі ескерткішінің түбінде сол жақта қазақтың киіз үйін бейнелейтін қай тасқа таңбалы тастағы суреттер мен Күлтегін-Білге қаған заманынан қалған сөз бедерленіп жазылған. Оң жақты пирамида белгісі. Өзіндік мәні, ішкі мазмұны мен сыртқы сұлбасы үйлескен мұндай ескерткіш елдің рухын көтерері анық.



Біле-білсек, бұл ескерткіш – осыдан 775 жылдан бұрын аузы емшектен, арқасы бесіктен жаңа ғана ажыраған, көкірегі шерге толы, артында қыпшақ - беріш жұрты, алдында беймәлім дүние, кісенін сүйретіп бара жатқан қаршадай Бейбарыс есесінің өтеуі. Бұл - құлақ кесті, құлдан құдіретті патшаға дейін көтерілсе де, туған жерін бір көруді аңсап өткен Бейбарыс баһадүрдің сағыныш шөлі мен шеріне қойылған белгі. Иә, сөз жоқ, бұл ескерткіш - өткенге құрмет, бүгінге өсиет, болашаққа сенім болған жерде ғана дүниеге келетін идеяның нәтижесі. Өркениетке енді қадам басқан қазақ елінің дәулетін де, сәулетін де асыруда бабалар салған сара жолдың, алар асқан асудың қажеттігі даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет