Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Сұлтан Бейбарыстың қаза болуы және оның тарихтағы орны



бет27/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Бейбарыс

2.4. Сұлтан Бейбарыстың қаза болуы және оның тарихтағы орны
Ислам тарихнамасында Бейбарыс сұлтанның қайтыс болуы туралы неше түрлі аңыз-әңгімелер баршылық. Кейбір тарихшылар сұлтан қымызды көп ішкеннен қайтыс болды дегенге дейін барады. Аңыздардың бірінде, тарихшы Ибн Ибаридің айтуы бойынша, Селжұқ түріктері мен моңғолдарға қарсы жорықта сұлтанның жамбасына садақ оғы тиіп жараланады. Бейбарыс бірнеше күн денесінен оқтың ұшын өзі шығармақ болып қатты қиналады. Қанша тырысқанымен әрекеттері нәтижесіз болады. Ақыры емші шақыртып, сұлтан емші оқты шығарған сәтте жан тапсырған көрінеді.

Ал тарихшы Бейбарыс ад-Дауадар келтірген келесі бір аңызда ай толық тұтылады. Бұл табиғи құбылысты жұлдызшылар бір үлкен адам қаза табады деп жориды. Бұл сөзді Бейбарыс естіп, ол түсті өзінше жорып, қатты тіксініп қалады. Зауалды басқа адамның басына аудыруға әрекет жасайды. Дамаск қаласында кезінде Шам мен Мысырды билеген Аюби әулетінің атақты бір тұқымы тұрады екен. Бейбарыс әмірлерімен қымыз ішуге отырғанда оны да алдыртады. Оған у қосылған қымызды өз қолымен ұсынады. Ол әрине, сұлтан қолынан келген аяқты кері қайтара алмайды. Түбіне дейін ішіп салады да, үйіне барып, сол күні қайтыс болады. Бейбарыс сыртқа шыққанда қымыз құюшы ыдысты шатастарып, түбінде удың қалдығы бар тостағанға қымыз құйып, сұлтанның алдына қояды. Содан Бейбарыс он үш күн ауырып қайтыс болады.

Тарихшы Әл-Юнини осы аңызды қайталай отырып, сұлтанның Алеппо қаласындағы найбы әмір Өзтемірдің: “сұлтан Бейбарыс жұлдызшыларға, олардың жорамалдарына қатты сенетін. Олар пәленбайыншы жылы ажалың удан болады деп бал ашады. Бұл жору сұлтанға қатты әсер етті” деген сөзін мысалға келтіреді [13].

Сұлтанның хатшысы, тарихшы Ибн Шаддад “Мухаррам айының он төрті, жұма күні, әдеті бойынша, сарайда қымыз ішуге отырады. Отырыс түнге созылады. Таңертең Бейбарыс ауырып қалды. Өзінің қарушысы әмір Сұңқарды шақырып алып, сырқатын айтып, құсығын көрсетеді. Сұлтан науқастанғанына қарамастан түсте атқа мініп, сейілдеуге шығады. Алайда дерті күшейе түседі. Күн еңкейе сарайға қайтып келеді. Іші күйіп тұрғанын айтады. Оған дәрі жасап береді. Берген дәрінің пайдасы болмайды. Ауру күшейе түскесін дәрігер шақыртылады. Дәрігерлер жасалған ем дұрыс емес деп табады да сол жерде сұлтанды қалай емдеу жөнінде кеңес өткізіп, оның ішкі ағзаларын тазарту мақсатында іш жүргізетін дәрі береді. Алайда, бұл ем де сәтсіз болады. Сұлтанды жөтел қысып, ұйыған қан құсып, ыстығы көтеріліп кетеді. Әлі кетіп, әлсірей бастайды, хасактары сұлтанның бауыры удан езіліп кеткен деген тұжырымға келеді. Мұхаррам айының жиырма сегізі, бейсенбі күні, түс намазынан кейін сұлтан Бейбарыс жан тәсілім етеді. Бас әмірлер сұлтанның өлімін қалың бұқарадан, сол кездегі саяси жағдайға байланысты, уақытша жасырып ұстауға шешім қабылдайды. Әмірлер Қалауын, Байсары, Білік, Айбек, Санжар және Сұлтанның жақын мәмлүктері оның мәйітін түнде қамалдың ішіндегі бахри* мәмлүктерінің бірінің үйіне апарады. Сұлтанның жақын қызметшісі болған Шужағуддин Анбар, дін өкілі, белгілі азаншы Камалуддин Искандери және камердинері әмір Изиддин Бейбарыстың мәйітін жуып, бальзамдап, кебіндейді де табытқа салып, жерлейтін орны белгіленгенше іліп қояды.”

Мемлекеттің қазынашысы әмір Білік Бейбарыс сұлтанның қайтыс болғандығы жөнінде ұлы Беркеханға хат жазады. Хатты әмірлер Бектұт пен Айдоғмыштар Мысырға жеткізеді. Беркехан да хаттың мазмұнын жария етпей, әкесінің Мысырға “аман-есен” қайтып келе жатқандығы туралы хабар әкелгендері үшін екі әмірдің әрқайсысына бес мың дирхемнен сүйінші береді.

Сафар айының ортасында Әмір Білік әл-Хазандар мәмлүк әскерімен Каир қаласына қайтады. Түрік селжұқтарымен соғысып келе жатқан әскерге сұлтан ауырып жатыр деген қауесет таратып, зембілге бір мәмлүкті жатқызады. Ол сұлтанға кіргізілген асты ішіп жатады.

Каирдегі қамал етегіне жеткенде әмір Билік те қамалға кіріп, сұлтанның орынбасары, оның үлкен ұлы Беркеханға әскер мен қазынаны толтырады, өзінің жаңа сұлтанға адалдығын білдіреді. Одан соң ішке кіріп, сұлтанның бәйбішесіне көңіл айтады, баласының сұлтандығымен құттықтайды. Бәйбіше ризашылығын білдіріп, қант қосылған лимон суын ұсынады. Екі жұтым ғана ішкен әмір үйіне келіп қайтыс болады.

Шын мәнінде бәйбіше мен Беркехан өздерінше кінәлі адамды таппақ болып, сұлтанға ең жақын мәмлүктердің бірін сатқындық жасаған деген күдікпен өлтіруі Бейбарысқар қарсы ұйымдасқан астыртын әрекеттің болмағандығын, қайғылы оқиғаның шынында кездейсоқтық екенін көрсетеді деп тұжырым жасаған жөн.

Сұлтан Бейбарыстың ең жақын жеке хатшысы болған Ибн Абдузаһир “Сұлтан мухаррам айының бесі күні Дамаскіге келеді. Денесі ауырлап, дерті күшейді. Алеппо қаласынан шығып, Дамаскіге бір күндік жол қалған жерде қайтыс болды” – деп жазады, бірақ аурудың себептерін көрсетпейді. Бейбарыстың жеке хатшысы болған тарихшының өз шығармасында осындай жұтаң мәліметтермен ғана шектелуі, кейін сұлтанның өлімі туралы әр түрлі алып-қашпа сөздердің кең тарауына себепкер болады.

Сонымен, қазіргі Мысыр Иордания, Сирия, Палестина, Израиль, Ливан, Сауд Аравиясының Хиджаз жері мен Ирактың Евфрат өзенінің батыс жағындағы және Түркияның оңтүстік – шығысындағы жерлерін қамтыған. Түрік мемлекетін басқарған қыпшақ династиясының негізін салушы – нағыз патша, айбатты арыстан, сұлтан Рукниуддин уадуния Бейбарыс бин Абдулла ал Бундукдари ас-Салихи ан-Наджами ал-Аюби ат-Турки-Мысыр, Шам және Хиджаз сұлтаны һижра жыл санауы бойынша 676 жылдың мухаррам айының соңында 17 жыл 2 ай, 12 күн сұлтандық құрып, 52 жасында қапыда дүниеден қайтады.

Сұлтанның өлімі халыққа қатты әсер етеді. Каир мен қамалда жоқтау үш күнге созылды. Қолдарына шам ұстаған қатындар әмірлердің әйелдері Каир көшелерін түнімен кезіп жүреді. Жоқтаушылардың даусы түнімен естіліп жатты. Жыламаған көз қалмады” – дейді тарихшылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет