КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Біз өз тарихымызды жоғалтып алған, тарихи жадымыз тозып, әбден мәңгүрттенуге шақ қалған ел едік. Құдайға шүкір, енді ес жиып, өзіміздің жоғалтқанымызды тауып, тарихи зердемізді қалпына келтіріп жатырмыз…
Тарихтың әжімі қатпар-қатпар. Оның әр тарауынан сыр суыртпақтау бүгінгі ұрпақ үшін оңай емес. “Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деген нақыл сөзді бәріміз айтамыз. Бірақ осы сөз қашан шықты, қайдан шықты? Ойлана бермейміз. Бұл, бәлкім, Мысыр елін билеген Бейбарыс сұлтанның аузынан шыққан да болар. Кім білген…
Қалай болғанда да Бейбарыс сұлтан – тарихи тұлға. Ол – біздің даңқты бабаларымыздың бірі. Бұл – даусыз. Ал енді оның шыққан тегі мен тайпасы негізгі әңгіме өзегіне айналмауы керек. Бүгінгі қазаққа Бейбарыстың қай рудан шыққандығы емес, исі түркі әулетінен шығып, құлдыққа түсіп, ақырында Мысырдай алып елде патша болғандығы әлдеқайда маңызды. Тайпалық көзқараспен тарихты түзу опа бермеген. Бермейді де. Осыны есте ұстасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |