Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Сұлтан Бейбарыс салдырған ғимараттар



бет26/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс салдырған ғимараттар


Сұлтан Бейбарыстың сәулетшілік саласында қалдырған ізі орасан зор. Ол басып алған не қайтарып алған елді мекендер мен қалаларда кем дегенде бір мешіт салдырып отырған. Мысыр мен Шам арасындағы кең иеліктерінде жұма мешіттер, ғибадатханалар, салтанатты сарайлар, тұрғын үйлер салдырған. Хулагу қиратқан қамалдар мен бекіністерді жөндеген. Ол 1265 жылы Каирде кейін Медресе Даһирия деп аталған үлкен оқу орнын тұрғызды. Құрылыста құл еңбегін пайдалануға тыйым салып, жұмысшылардың еңбек ақылары жеткілікті мөлшерде болуын өзі қадағалап отырады. Медресе құрылысы біткен соң ислам дінінің төрт мәзһабының төрт қазысын осы бағытта әдейі жобалап салынған, төрт бөлігіне отырғызды. Әр мәзһабтың жеке оқытушысын тағайындады.

Бейбарыс мешіті Каирдың сыртында орналасқан ашық майданда салынған. Қақпасы Бейбарыс медресесінің есігіндей, михрабында Шафиғы күмбезіндей күмбез болуды талап етеді.

Бейбарыс Шам, Дамаскіде де бірсыпыра құрылыс жұмыстарын жүргізген. Хулагу әскері қиратқан Дамаск бекінісін қайта қалпына келтіреді. Иерусалимдегі Кубба ас-Сахра-Жарта күмбезі мешітін жөндеу жүргізіп, оның бағаналарына атын жаздырды. Ислам дінінің үш қасиетті орындарының екеуі осы күнге дейін жеткеніне, атап айтқанда, Мұхаммед пайғамбардың Мадинадағы күмбезі мен Меккеден бұрын құбыла болған Кубба-ас-Сахра мешіттерін күрделі жөндеуден өткізген Бейбарыстың бағасыз еңбегі бар. Бейбарыс Ислам әлеміндегі, мүмкін дүниежүзіндегі алғашқы діни оқу орны болып саналатын әл-Азһар бүгінгі күнде барлық мұсылман халықтарының, оның ішінде қазақ жастары оқып жатқан мешітін қалпына келтіріп, құтпа орнатқан.

Бейбарыс кезінде Мысыр мен Алтын Орданың дипломатиялық қарым-қатынасы тек саяси-әскери жағынан ғана емес, мәдени-әдеби байланыста да дамыды. Бейбарыстың Алтын Орда ханына жіберген сыйлықтарының ішінде құран, хадис, түрлі діни кітаптарды кездестіруге болады. “Берке ислам дінін қабылдағаннан кейін қол астындағы бұхара халық та исламға бет бұрады. Қыпшақ даласында туылған Бейбарыс өзінің атын қалдыру үшін және отанының мәртебесін көтеру мақсатында хан рұқсатымен Қырымда мешіт салдырады” – деп көрсетеді Ан Нуайри [12].

Бейбарыстың Египет жеріндегі құрылыс саласында қалдырған іздері өте көп. Оның ішінде Каирдың төрінде орналасқан қамалда салдырған құрылыстарды айтқанда кең айуан, екі бастырмасы және екі әйел бөліктен тұратын Алтын үйді атап өтуіміз керек. Осы үйдің қасынан мәмлүктер тұратын бірнеше казарманы қайта жөндеуден өткізеді. Ең қызығы, Ибн Шаддад қамал ішіндегі Хабаридж ауласында “Бейбарыс түрлі-түсті граниттен жасалған он екі бағаналы орасан зор күмбез орнатты. Оның ішін өрнектеп, өзінің нөкерлерінің және барлық әмірлерінің шеру шегіп келе жатқан суреттерін салғызады” – дейді. Өкінішке орай бұл сәулетті туындылар бізге жетпеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет