Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


Адам өмірінің мән – мағынасы



бет7/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Адам өмірінің мән – мағынасы

Адам түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, өз-өзін бақылап, баға беріп, өмір мен өлім туралы проблемаларды көтереді. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?», «қалай өмір сүруім керек?» деген сұрақтарды қояды. Мұның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр, бұл сұрақтар оны өмірінің мән-мағынасын анықтауға итермелейді. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Көп жағдайда оны ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы (жақсы, я жаман болсын) шешуіміз мүмкін...

Адам өз өмірінде, басқа тіршілік иелері саяқты, түрлі қажеттіліктерін өтейді. Мақсатты түрде дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мағынасын аша алмайды. Бұдан басқа рухқа негізделген қажеттіліктер де бар. Американ ғалымы А. Маслоу шыңдалу жолымен жүретін адами сұраныстардың келесі тізбесін жасайды:

- ең төменгі басты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер.

- экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенім, өмір сүру жағдайлары және басқа қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тұрақтылығы т.с.с).

- әлеуметтік қажеттілік (басқа адамдармен бірлесу, өзара қатынасқа түсіп сыйлы болу).

- престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек жолының, жоғары тұлғалық дәрежесінің көтерілуі т.с.с.

- рухани қажеттіліктер, шығармашылық мүмкіндігің жетілдіру, жүзеге асыру.

А. Маслоу ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар тартымды болмайды. Қандай да бір өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып, адамның жоғарғы қажеттіліктерге қол созуына мүмкіндіктер жасайды. Тұрмыс қажеттіліктерін өтеу қоғамның даму деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда бұл күрделі мәселеге, адам өмірінің мәніне айналған. «Қу тіршілік» қамы шеңберінен шыға алмау, қалыптасқан әлеуметтік орта өмірінің кемшілігі болары сөзсіз.

Өмірдің ең биік мәні - адам мүмкіндігінің толық көрсетілуі, қоғамда өз орнын табуы, тұлғалық қасиеттерінің жүзеге асырылуы, қанағаттану сезімінің пайда болуы болар. Мұндай адамға:

- әрбір күнді сый ретінде қабылдау;

- басқаларды бағалай білу;

- тәуелді болмау, әрбір келелі мәселе бойынша пікірін білдіру, өзгелер айтқан ойды қабылдау, сыйлау;

- таңдаған ісін, қолға алған жұмысын шегіне жеткізе шығармашылық деңгейде орындау;

- өз қабілетінің ұдайы жетілуі, шыңдалуы мүмкіндіктерін қарастыруы;

- мақсат-мұратқа жеткізетін жолды: жақсылық пен жамандық, қайрымдылық пен зұлымдық, тұрақтылық пен опасыздықты айыр;

- қашан да болса өзін қарапайым ұстау тән т.с.с.

Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде құнды пікірлер айтқан австриялық ойшыл В. Франкл, қазіргі адамның өмір жағдайының қиындығына сілтеме жасайды. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинктің, өткен уақыт қоғамдағы тәрізді әдет - ғұрыптың талабымен өмір сүре алмайды. Сондықтан ол басқалар саяқты болғысы келеді (конформизм), немесе басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Бұл адамның рухани дағдарыста жүргенін, өмірдің мәні мен мағынасын таба алмағанын көрсетеді. Нәтижеде, адам «экзистенциалдық вакуумға» (мәнсіз өмір сүру) тіреліп, әлеуметтік аномалияға (ауытқуға): нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмысқа бару, құдайды іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.б. баруы мүмкін.

В.Франкл өмір мәнін қоғамда кең тараған байлықтан іздеуді мысал ретінде келтіреді. Мысалы, әке - шешесі өз баласына барлық жағдай жасап, не қалағанын алып беріп, өз борыштарын өтегендей сезінеді. Ал баланың кім болғысы келеді, нені қиялдайды, оның ішкі жан дүниесіне көңіл бөлуге олардың қолдары тимейді. Киімі бүтін, тамағы тоқ бала тез өсіп, ересектер қатарына қосылады. Балалық қиял артта қалғанмен, ол ерекше тұлғалық дәрежеге көтерілген, өмірден өз орнын тапқан жоқ. Енді не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабы болмайды. Осындай ахуал кездейсоқ біреудің есірткі ұсынуымен, оны қабылдап, армандарын орындаған сияқты тәтті сезімге бөленумен аяқталады...

Мәселенің өзектілігі өмірдің мән-мағынасын қолдан жасауға болмайтынында, оны тұлғаның өзінің табуы керек. Бұл жалғанға келген әрбір адамның өз орны бар, әрбір өмірдің мән-мағынасы ерекше. В.Франклдің ойынша, бұл өмірде әрбір адамның өз орын тауып, тіршілік аясында өмірлік мән-мағынаны ашуына болады: өмірінің мән-мағынасын біреу балаларын жеткізуден, екінші - табиғи дарынын ашудан, үшінші - сүйген адамы үшін өмір сүруден көруі мүмкін.

 Жеке адамның әлеуметтенуі. Тұлғаның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге енуі өте күрделі үдеріс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену үдерісін, әлеуметтік қасиет, құндылық, мақсат - мұрат ережелерін және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің  қалыптасу процесін талдауға  мүмкіндік беретінді белгілеуге тырысады. Осы арқылы адам әлеуметтік байланыстар және әрекет жасайтын қауымдастықтардың мүшесі болады. Қоғамдық өмір сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сондықтан индивидтің әлеуметтену үдерісінде - әлеуметтік әрекеттестік түрі, үлгісімен байланысты екені, онда қандай қоғамның кұндылықтардың ұстанаылатыны ескеріледі.

Әлеуметтену концепциясын өмірге енгізген француз социлогы Г.Тардтың теориясы бойынша – адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болады. Ол, оқытушы – оқушы қарым-қатынасын типті әлеуметтік қатынас деп атайды. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мойындаған беделді адамдармен араласуы, әлеуметтік жүйеге интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, әлеуметтену институттары жанұя мен білімді қосқанда әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

Әлеуметтену тек балалық және жастық шақта ғана қалыптасып қоймайды, оның жаңа статустары мен рөльдерін, қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адам өмір бойы игереді. Әлеуметтену процесінің маңызды ерекшелігі – жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы), не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтарға кезіге отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің жеке адамның қалыптасуына шешуші әсер тигізетіні меңзеледі. Үшіншіден, әлеуметтену үдерісі – жеке адамның өзіндік даралығы, өзіндік келбетін табуы екені атап көрсетіледі. Ендеше, әлеуметтену үдерісі қоғамдық ортаға енжар бейімделуі, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуі емес. Ол сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық, рухани) факторлар ықпалы және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің жемісі.

Әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтенудің мақсаты, қоғамның функциялануының міндетті шарты. Мұнда әлеуметтену үдерісінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық орын алады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі. Мұның бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығы, белгілі бір үлгіге еру, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен  қателіктерін мойындамай бәрін жағдай ағымына жабуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет