Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


-15. ЭМПИРИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР



бет19/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

14-15. ЭМПИРИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан басты айырмашылыш оның теориясының өмір шындызғымен, адамдық арақатынастардың жиынтығымен тығыз байланысып жататындығында екені атап көрсетілді. Соған байланысты дәлелді де шынпшл фактілер жинастыру, адамдардың әлеуметгік мінез-қылықтарын, іс-әрекетін зерттеу әдістеріне назар аудару керек.

Эмпирикалық, яғни нақты шындықты бейнелеуші социология (оны көп жағдайда қолданбалы социология деп те атайды) алдын ала жасалып даярланған зерттеу бағдарламасына сай жүргізіледі. Бағдарлама мыналарды қарастырады:

  • зерттелетін тақырыптың, мәселенің өзектілігін негіздеу;

  • зерттеу объектісінің (зерттеу құбылысының қай объектіде жатқанын) айқьгндалуы;

  • басты зерттелетін мәселені, яғни зерттеу құбылыстарын нақтылау;

  • осы зерттеудің не үшін қажеттілігін, яғни зерттеу мақсатын анықтау;

  • мақсатқа жетіп, зерттеу құбылысын жеткілікті деңгейде қарастыру үшін қандай зерттеу шараларын қолдану, іске асыру қажет, яғни зерттеу міндеттері айқындалды, жоспарланды;

  • зерттеу ғылыми тұрғыда және негізделген жүйелі түрде жасалуы үшін басшылыққа алынатын методологиялық тұрғылар (подходы) мен принциптер анықталады. Ол үшін тақырьшқа байланысты ғылыми еңбектер, ақпараттармен алдын ала тереңірек танысуға, ғылыми-көзқарастық неіздерді нақтылап алуға тура келеді;

  • бұған дейін жинақталған эмпирикалық, теориялық материалдарды және зерттеу методологиясын негізге ала отырып зерггеуші тақырьшқа байланысты ғылыми болжамдар жасайды. Ғылыми болжам - теориялық және эмпирикалық зерттеудің арасын жалғастырушы, сондай-ақ автордың алғашқы теориялық табысы болады. Зертгеушінің қойылымдарының дұрыстығын (немесе негізсіз екенін) объективті әлеумеггік фактілерде тексеріп, шындықты көзімен көріп, «қолымен ұстау» үшін эмпирикалық зерттеу әдістерін іске қосады. Соның ең кең тараған түрлері - сауалнама (сұхбат, анкеталық), ғылыми бақылау (ашық, жабық), ресми статистика, құжатгармен жұмыс, ауыспалы факторлар (бір әлеуметтік құбылыстың екіншісіне ықпал етуінен үшінші бір әлеуметгік құбылыстың пайда болуын, оның себебі мен салдарын езара байланыста көрсете алатын факторлар), адамдық арақатынастарды ой елегінен өткізу, контентгі таддау (бұқаралық ақпарат құралдарынан жүйелі түрде жинақталған ақпаратты өңдеп талдау), алдыңғы зерттелген әлеуметтік өмір салаларының кешенді (полевое) тексерілуі. Соңғысының ерекшелігі - зерттеушінің зертгеу алаңында аталған әдістердің бірнешеуін бір уақытта іске қосатындығында сол негізде мол дәлелді ақпарат жинай алатынында).

Сауалнама екі жолмен - сұхбат және анкеталық сауалнама түрінде жүргізіледі. Неғұрлым көп санды респонденттердің (сауалнамаға жауал беретіндер) пікірі, танымы, қатынасы, бағдары қажет болғанда, анкеталық сауалнама тиімді. Ал тек білгір мамандар, проблеманы жете білетін, ой-өрісі бай адамдар - эксперттер пікірі ғана керек болғанда, сұхбатгасу әдісі пайдаланылады. Соңғы жылдары екеуінің де элементтерін ұштастырған сүхбат-сауалнама әдістері де пайдаланылып жүр.

Ғылыми бақылау арқылы мәселенің мән-жайын өзі жете білгісі келген зерттеуші бағдарламаға сай объектіге белгілі бір уақыт бойы ашық және жасырын ғылыми бақылау жүргізеді. Екіншісі барынша тиімді, алайда оны ұйымдастырудың, фактілерді тіркеп отырудың қиындықтары бар.

Қазақстанда, басқа елдердегідей, мемлекет көлемінде барлық статистикалық меліметгерді жинап, өндеп, жүйеге келтіріп отыратын мекемелер бар. Олар статистика және талдау басқармалары, комитеті деп аталуда. Әкімшіліктер мен өзге мекемелер жүйесінде де осьшдай қызмет атқаратын бөлімдер бар. Алайда елдегі статистика саласы әлі де оның жұмысын жетілдіруді, оны әлемдік статистика үлгілеріне сәйкестендіруді, оның көп салалығы мен шыншылдығын арттыруды талап етеді. Әрбір статистика - бірқатар әлеуметгік құбылыстар мен қатынастардың бейнесі, сондықтан ол - шындықты танудың қайнар көзі.

Әлеуметтанымдық әдебиеттерінде ауыспалы факторлардың маңыздылығы жеткілікті деңгейде бағалана бермейді. Шындығында, бұл қоғамдық шындықты терең ашып, себебі мен салдарын біртұтас қарастырып тануға мүмкіндік береді, Айталық, 90-шы жьтлдардағы дағдарыс, жұмыссыздықтың тереңдеуі репродуктивті жастағы, әсіресе жас отбасыларының көңіл-күйіне эсер етіп, олардың өмірге бала әкеліп, оны дұрыс төрбиелеу мүмкіндіктеріне байланысты күмәнін артгырды. Отбасын құруды, өмірге бала әкелуді кейінге қалдыру, отбасын жоспарлау жағдайына қаламен бірге ауыл да ат салысты. Қазақстан қоғамы демографиялық дағдарыс (өлім мен туудың теңелуі, тіпті біріншісінің асып түсуі) алдына жақындап барып тоқтады. Егер 1989 жылғы санақ бойынша әрбір 1000 адамға шаққанда 18 бала туса, 1999 жылғы санақ көрсеткендей бұл көрсеткіш 4,5-5 ке дейін төмендеген. Ал экономика көтеріліп, әлеуметгік-саяси тұрақтьшықтың нығаюына байла­нысты өмірге келген бүлдіршіндер саны қайтадан көбейе бастады. Яғни бір әлеумеггік құбылыс екіншісіне ықпал ете отырып жаңа, үшінші сапалық құбылысқа алып келеді. Әлеуметтік ауыспалы құбылыстар өзгерістердің себебі, барысы мен салдарын саралап көрсетіп тұр. Осы сияқты ауыспалы факторлар өмір шындығын терең түсініп талдауға негіз болады.

Әлеуметтік тәжірибелеу - социологиялық зерттеудің маңызды әдісі. Зерттеулер барысында арнайы жасалған ғылыми тұжырымдар мен бағдарламаға сай таңдалған объектілерде белгілі бір ғылыми шешімдер төжірибеленуге қойылады, Оның барысы үнемі салыстырмалы бақылауда болады және қажетіне қарай талдаулар, түзетулер жасалып отырылады, Төжірибелеу -ғылыми қойылым мен шешімнің негізді немесе негізсіз екенін дәлелдейді, дұрысын табуға көмектеседі. Айталық, 1991-1993 жылдары оқу құралының авторы педагог жене психолог мамандармен бірлесе отырып, бұрынғы Семей облысының негізінен мал өсірумен шұғылданатын екі ауылдық ауданындағы екі балабақша жанында мектепалды білімін ұйымдастыруды және жаңа ұйымдасқан мектепалды топтарында бұрын балабақшаны көрмеген 5-6 жастағы балаларды жинап білім берудің, тәрбиелеудің, мектептегі оқу қызметіне даярлаудың социологиялық және педагогикалық бағдарламасын тәжірибелеген еді. Ата-аналардың, аудан, шаруашылық пен мектеп басшыларының бұл іске қатынасын, бастамаға бөгет болатын немесе жағымды ықпал ететін факторлардың бәрін көзбен көріп, бақылап, балалардың сұраныстары мен проблемаларын олармен бірге жүріп бақылап, бағдарлау мүмкін болған еді, Алынған нәтиженің негізінде «Мектепалды жобасы» жасалып, Білім министрлігіне тапсырылды, Бірден болмаса да, кейін бұл ғылыми-практикалық жоба министрлік тарапынан қолдау тауып, зертгеу тереңдетіліп, ақыры, үкіметтің осы қойылымға байланысты бірнеше шепгімі шықты. Бүгінде мектепалды тобы Қазақстанда мемлекетгік бюджеттің қолдауымен жұмыс істейді, толыққанды балабақшалар әлі жетіспей жатқан уақытта балаларды мектепке даярлап, дамуының кем-кегігін толтырып, білімі мен мәдениетін қалыптастъгруға оң ықпал етуде. Бұл қазақстандық тәжірибе БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ-тің және ЮНЕСКО-ның көмегімен басқа елдерге таратылуда. Яғни әлеуметтік эксперимент ортасында ғылыми қойылымдарға қатынасы бар адамдар, олардың идеялары және адамдық қатынастар тұрады.

Құжаттармен жұмыс жасағанда, ондағы деректер мен фактілерді талдау арқылы қажетті шындық ақпараттары жинақталады.

Эмпирикалық социологиялық зерттеу әдістері өте көптүрлі. Мақсаты-қалай да қажетгі ақпаратты жеткілікті дәрежеде тауып алу. Зерттеу барысы мен әдістері, нәтижелілігі зерттеуші тәжірибесіне де байланысты. Эмпирикалық зерттеулер қалай болса солай емес, белгілі бір ережелерге, әдістерге сай жүргізіледі. Айталық, анкеталық сауалнама алдын ала іріктелген жиынтық негізінде жүргізіледі. Оны түсінудің өте қарапайым бір әдісін кезінде батыс социолога Гэллап көрсеткен. Мысалы, сізге алдыңыздағы үлкен алма бағында алманың неше сорты өсетінін және олардың дәмін анықтау тапсырылды дейік. Сіз бақты аралап, кезбен жеткілікгі бақылау жасаған соң, себетке барлығы 9 алма салдыңыз және сол алмалардың ғана дәмін таттыңыз. Алайда тапсырма берген адамға бүкіл алма бағы туралы қорытындыңызды баяндадыңыз: бұл бақта барлығы 9 түрлі алма өседі екен! Сөйтіп, алма бағы - «басты жиынтық», 9 алма -«іріктелген жиынтық». Іріктелген жиынтықпен ғана жұмыс жүргізіп, одан алынған қорытындыны бүкіл алма бағына тараттыңыз. Немесе сізге жастар мәселесінің бір қырын зерттеу қажет. Ол үшін жүмысшы, оқушы, студент, жүмыссыз, қалалық, ауылдан келген, әр әлеуметтік қабатты, әр үлтты бейне-лейтін, қылмысқа жақьш жүретін, айыпталу жағдайындағы, билікке қатьгаасы барлары т.б. жастар категорияларын, олардың белгілі және бірдей пайызьш ғана сауалнамаға немесе сұхбатқа тартуыңыз керек болады. Іріктеу дұрыс болса, зерттеу нәтижесі де дұрыс. Қысқасы, іріктелген жиынтық басты жиынтыққа тән қасиеттерді барынша дұрыс бейнелеуге тиіс. Сонда ғана зерттеу нәтижесі дәлелді, объективті, яғни зерттеу - репрезентативті. Осыңдай жеткілікті дәледденген зерттеулерге қоғамда, басқару құрылымдары тарапынан сұраныс артып кеяеді.

Іріктеудің басқа да әдістері баршылық. Жалпы, әлеуметтік факт жинау күрделі іс Өмірде оның талаптарымен санаспайтын жайлар жиі кездеседі. Сондай әрекеттер социология ғылымы туралы кате пікірлер тудырада.

Әлеуметтік бағдарлау, жобалау жөне оны іске асыру барысьшда теориялық және эмпирикалық социологиямен қатар праксеологиялық социологияның маңызы барған сайын артуда. Сұрақ: социологиялық зертгеу не үшін керек? Жауап: Зерттеу нәтижесін өмірге пайдалану үшін. Онда неге кітапханада жатқан ғылыми еңбектер баршылых, ал өмірге жеткендері аз? Себебі жасалған ғылыми теорияны өлеуметтік практикаға әрбір зерттеупгі жеткізе бермейді, іс жүзіне асыру жолдарын да жасап, негіздеп бере бермейді. Осыдан келіп теория мен практика арасьшдағы алшақтықтар орын алады. Іске асыру жолын, қажет болғанынша басқа ғалымдармен арабайланысқа түсе отырып, зерттеуші өзі негіздеп беруге тиіс. Зерттеудің осы соңгы буынын «праксеологиялық» деп атайды.

Сөйтіл, теориялық, методологиялық, эмпирикалық жене праксеология-лық зерттеулер тұтастығы зертгелген мәселе бойынша өлеуметтік болжауға, жобалауға және сол әлеуметтік жобаны өмірде (басқаруда) іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді, Сол себепті көптеген елдерде, саясатта социологиялық зерттеулерге зор үміт артылады.

1 Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., 1992. С. 27

2 Саясат журналы. 2001. №3. 12, 6 6.

3 Смелзер Н. Социология. M., 1994. С. 489-492

4 Тощенко Ж.Т. Социология. М., 1999, v .

5 Вебер M. Избранные произведения: Пер. с нем. М., 1990. С. 12-20,503.Дгоркгейм Э. Социология образования. М., 1996. С. 55-59

Франки В, Человек в поясках смысла: Сборник. Пер. с англ. и нем. М,, 1990. С. 6-25. Москаленко А.Т., Сержантов В,Ф. Смысл жизни и личность. Новосибирск, 1989. С 13-17,112,144

! Тощенко Ж. Содеологня, М.т 1999- С. 43-47.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет