Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі



бет10/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
6. ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР

Әлеуметтік институттар түсінігі. Әлеуметтік инстнтутгардьщ функциялары. Институттану процесі. Әлеуметтік институттар қызметінің түрлері.

«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдағы байланыстарды стандарттау, реттеу, зандастыруды сипаттайды. Өз жағынан стандартгау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдарды әрқилы қызметтер, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.

Батыс социологтарының пайымдауынша (Липсет, Блау, Ланберг т.б,), әлеуметтік институттар адамдардың, бұқараның тіршілікте қайталанып тұратын іс-әрекеті мен қызметін, дәстүрі мен дағдыларын, мінез-қылық нормаларын саналы түрде реттеп, тұрақтандырады, жаңартып отырады.

Қоғам - әлеуметгік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметгік институттардың өрқайсысы өзінің функцияларын (әлеуметтік міндеттерін) атқара отырыл, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, ахқаратын міндеттеріне, қызметінің сипатына (әлеуметгік қызметтеріне) қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіріп қарастырады. Айталық, бірінші топта - экономикалық институттар. Олар ұлттық және трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет керсетуші субъектілер, шаруа шаруашылықтары, экономика институттарын өзара байланыстырушы жүйелер, банктер т.б. Элеумеггік қызметтері - ендіріс жиынтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай, табысы үкімет назарынан тыс қалып келе жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын алып келе жатқанын ескеру қажет.

Екінші топта - қоғамның саяси ұйымы: мемлекет (заң шығарушы, атқарушы және соттық билік жүйесі); саяси партиялар (әлеуметгің әркелкі топтары мен қабатгарының мүдделерін бейнелей отырып, бұл меселелердің мемлекеттіңң қатынасуымен шешілуін қамтамасыз ету, оған бақылау жасау және бұл істерге тікелей ат салысу, қоғамдық сана мәселелері); мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (халық және оның әркелкі әлеуметтік топтарыньщ өмірлік мүдделерін бейнелеу, шешу немесе оны мемлекет алдына қою, мемлекетпен бірлесе отырып іске асыру). Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің (институттарының) қызметгері - қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету және өркениетті даму идеологиясын, стратегиясын жасау, құндылықтарын нақтылау негізінде әлеуметтік ұйымдастыру. Әрине, жеке тұлға да басқару субъектісі. О л ешбір ұйымға, партияға енбей-ақ, өзінің ғылыми, жасампаздық, мамандық еңбектері арқылы, ақпарат құралдарын пайдалану, сайлау құкын адал пайдалану т.б. жолдармен басқару, бағдарлау ісіне өз үлесін косуы. Сайлаудың демократиялық мүмкіндігін өзі мен халық тағдырын сеніп тапсыратын тұлғаларды дұрыс таңдауға саналы түрде пайдалануы оның қоғам игілігіне тікелей қосқан үлесі деуге болады.

Келесі топта - әлеуметтендіру институтгары: отбасы, балабақша, мектеп т.б. білім мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т.б.). Міндетті кызметтері - жас ұрпақты коғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты тәрбиелеу, әлеумет мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдык рухани байлығын, азаматтық тіршілігін қамтамасыз ету. Төртінші топта -әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі қоғамдық төртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және заңды бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі - заң, Ата заң рухында даярланған заңдық- нормативтік құжаттар. Әрине, заңды оны қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті.

Әрбір институт әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыратын белгілі функцияларды атқарады.Инсттуттардың пайда болуы қоғамның дифференциациясының (бөлшектенуінің) нәтижесі. Г. Спенсер институттардың пайда болуы үдерісінің үш сатыдан өтетінін көрсетеді. «Төменгі саты жануарында өттің шығыуын бауыр қамтамасыз етпейді, оны ішкі ағза каналдарына шашырай орналасқан жеке жасушалар атқарады...» [1]. Әрбір жасуша өз функциясын жеке атқарады. Келесі мұнан жоғарғы сатыда алғашқы шашыраңқы топ жасушалары тығыз байланысқан дене мүшесіне айналады. Ең соңында ағзаның ерекше мүшесі бауыр қалыптасады. Осылай қоғамда әрбір адам өз ісін жеке жүргізеді, сосын белгілі жерлерде топтасқан қолөнер шеберханалары пайда болады, ең соңында ерекше институт ретінде фабрикалар өмірге келеді. Қоғамның әртүрлі бөліктерінің дамуына сай және оның мүшелерінің жағдайына орай қоғамда осы үш сатының бәрінің де өмір сүруі мүмкін. Әрбір адам жас кезінде от басында тәрбие алады, сосын мектепке барады, ең соңында үйінен алас болуы мүмкін жоғарғы оқу орнында білім алады.

Әлеуметтік институттар халықтың тығыз орналасқан жерлерінде дамыған түрінде көзге түседі. Халық саны көп болған сайын, онда әлеуметтік институттар да басым болады. Демек дін институттары ру, тайпа көлемінде өмір сүрсе, тайпалар бірлестігі жаңа институт - мемлекетті өмірге әкеледі. Мемлекет күш біріктірген тұрғындар қоныстанған белгілі бір аймақ (территория) ретінде түсініледі. Басқаша айтқанда мемлекет – тұрғындардың басым бөлігіне қарсы тұрған және оған қатысында басқарушы функция атқаратын әртүрлі ұйымдар жүйесі, әлеуметтік институт болады.

Қызметін атқаруға дәрменсіз әлеуметтік институт «дисфункцияға» (тиісті қызметін атқара алмауы) шалдығады. Оны реттеудің екі жолы бар. Біріншісі - оның қызметі ел үшін қажетгі болса, онда оны реформалау. Құлаққа жиі естілетін «реформалау» ұғымының негізгі мәні де осыңда. Мекеме (ұйым) жұмысын қазіргі сұранысқа сәйкестендіріп реттеу (мәселе кадрда ма, нормативтік құжаттарда ма, әлде дұрыс басқарылмай ма, соны нақтылау арқылы), қажетті жолға салу. Екіншісі - қызмет етуге дәрменсіз, түзетуге келмейтін мекеме ретінде оның ісін тоқтату. Кей жағдайда өз уақытында қажетті болған, жаңа кезеңде қажеттілігі қалмаған институттар да енді өз қызметін тоқтатады.

Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға байланысты:

- бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;

  • мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндетін дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттілігі;

  • әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрлардың жеткіліктігі және олардың біліктілігі;

  • мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете алатын материалдық базаның болуы.

Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да (тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар «қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттың қоғамдық міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз.

Аталған алғышарттарға сай жаңа әлеуметтік институт пайда болып, бой көтеріп, адамдар мен қоғам игілігіне тиімді қызмет атқара бастаса, оның институттану процесі алқталды деуге болады. Бүкіл даярлық жолы мен істің басталу барысын «институттану» процесі дейді.

Әлеуметтік өзара қатынастың институттарға айналуы институционализация деп аталады. Әлеуметтік институттардың құрылымы тұрақты болады, бірақ осы институттың функциясының өзгеруі барысында оның да өзгеруі мүмкін.

Әлеуметтануда әлеуметтік институттардың негізгі төрт функциясы ерекшеленеді: қоғам мүшелерінің санының өсуі; әлеуметтену; өмірлік мәні бар маңызды ресурстардың өндірілуі мен бөлінуі; тұрғындардың мінез құлқын бақылау.

Әлеуметтік институттар әрбір қоғамда жаңадан жасалмайды. Бірде пайда болған ол, келесі барлық қоғамдарда қайталанады. Бұл әлеуметтік институттар тұрақтылығының жоғарғы дәрежесін көрсетеді.

Әлеуметтік институттарды қызмет түрлеріне қарай:

* әлеуметтік-экономикалық – жеке меншік, зат алмасу, ақша, банктер, шаруашылық құрылымдары;

* саяси – мемлекет, партия, саяси мақсат ұстанатын қоғамдық ұйымдар;

* әлеуметтік мәдени және тәрбие – музей, театрлар, мектеп, жоғарғы оқу орнындары;

* нормативті - бағыттаушы – шіркеу, абырой соты (суд чести);

* нормативті – санкциялаушы – құқық, еңбекпен түзету мекемелері;

* церемониалдық - символикалық – ритуалдар, регламент и др.

Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді атқарса, қоғамның жоғары дамыған өркениетті әлеуметгік кеңістік екеніне еш күмән болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет