8. АУЫТҚУ (ДЕВИАЦИЯ), СУИЦИД.
Ауытқу (девиация) мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері, сипаты. Суицид әлеуметтік мәселе. Шет елдердегі суицид мәселесі.
Девианттық мінез - құлыққа адамның, әлеуметтік топтың қоғамда ресми қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін іс-әрекеттері жатады. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі ауытқыған мінез-құлықтың себебі әлеуметтік теңсіздік, қажеттілікті қанағаттандырудың шынайы мүмкіндіктері болмауы, жеке адамның немесе қоғамдық топтың әлеуметтік құрылымдағы орны, әлеуметтік айырмашылықтармен байланысты.
Ауытқу отбасы факторымен, тәрбие түрімен де байланыстырылады. Жастар девиациясы көбіне материалдық мүмкіндіктері төмен отбасылардан шығады деген пікір қалыптасқан. Осындай отбасыларда ата-аналары арасында дау жанжалдар жиі болып тұрады, сондай ақ ата-аналары мен балалары арасындағы жанжал көбіне қол жұмсау арқылы жасалады, ата аналары балаларына мейірімсіз болады, тіпті өшпенділік танытатындары бар. Өзін-өзі өлтіруе шешім қабылдауға ата -аналарының жиі жұмыссыз жүруі, отбасындағы экономикалық проблемалар, ата-анасын ерте айырылу немесе олармен қарым қатынасты жоғалту, анасының ауруы немесе әкесінің отбасынан кетуі де жатады. Демек әлеуметтену деңгейі, материалдық жағдайы төмен отбасынан девианттық мінез құлықты көбірек кездестіруге болады. Дегенмен фактілер материалдық жағдайы жоғары отбасынтарында тәрбиеленгендердің де девианттық мінез құлық көрсететінін айғақтайды.
Өзін-өзі өлтіруге ниеттену жасөспірімдердің, бозбалалар мен бойжеткендердің өздерінің қайғыларына назар аудартуы немесе қоршағандарынан аяшулық сезімін шақыруы, болмаса басқа адамдарға белгілі бір мақсатта әсер етудің жолы.
Эксперт-психологтардың айтуынша жасөспірімдердің өзін өлтіруге деген ниеттің себептерінің ішінде басқа адамдарға әсер етудің әртүрлі тәсілдері бар. Шамамен: 40%- «басқа адамға сенің қандай қиын жағдайда екеніңді түсіндіру» үшін жасадым десе, шамамен 30% «өзіңе жамандық жасаған адамға сол қылығы үшін өкіндіргім келді» дейді,25% «өзімнің қалайша басқаны жақсы көретінімді көрсеткім келді немесе мені шынымен де жақсы көретінін тексергім келді» деп түсіндіреді,18%- «көмектің басқадан келгенін көрсету» дейді.
Суицид- жан жарасы, рухани дерт. Дәрігерлер суицидті аурудың түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деп бағалайды. Осындай күрделі, арнаулы білім мен іскерлікті қажет ететін проблемамен мамандандырылған психологтар, психотерапевттер, әлеуметтік қызметкерлер айналысуы керек.
Соңғы жылдары бұл проблеманы шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Ол үшін мамандар жасөспірімдер, бозбалалар мен бойжеткендердің көпшілігін қамтитын кешенді сипаттағы превентивті, алдын алу шараларын жасауға баса назар аударылады. Өзін өзі өлтірудің алдын алу үшін жасалған жаңа тәсіл жасөспірім мен бозбалалық шақтағы өлім жағынан әлемде үшінші орын алатын, АҚШ-та дамып келеді. Мұнда орта мектеп оқушылары мен олардың ата аналарына арналған арнайы оқу бағдарламалары жасалған. Бұл бағдарламалар ауытқу статистикасымен, суицидтік ниеттердің белгілерімен таныстыру жұмыстарын жүргізуімен қатар, жергілікті кризистік қызметтерінің мекен жайлары, телефондарын да көрсетеді. Мұнда көмек сұрап келген адамды тыңдай білуге үйретеді.
Жақында АҚШ психологиялық ассоцациясы бозбалалардың өзін өзі өлтіруін алдын алуға арналған көп салалы бағдарлама жасады, онда жұмыстың мынадай бағыттары көрсетілген:
-Медико психологиялық орталықтар мен басқа да кризистік қызметтердің педагогтары мен қызметкерлерін арнайы дайындау, оқыту;
-Заңды қолдана отырып, атыс қаруларына қол жеткізуді шектеу;
-Өзін өзі өлтіру тақырптарын көтеретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен, тақырыпты салмақты және сыпайы жеткізу бағытында жұмыс істеуін, тәрбие, білім беру жұмысын жүргізуін талап ету;
-Суицидальды қауіпті топқа жататын жастарды анықтау және алдын алу жұмысын жүргізу.
Бұл қорытындылар өзін өзі өлтірудің әлемдік статистикасының негізіне сүйеніліп жасалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерилері бойынша 100 мың адамға шаққандағы 20-дан астам суицид деңгейі, жоғары болып есептеледі.
Суицидтік мінез-құлыққа тән проблемалар ішінде бірінші орнында олардың ата-аналармен арасындағы қарым-қатынасы, екінші орында оқу орындарына қатысты қиындықтар, ал үшінші орында достарымен байланысы, әсіресе қарама қарсы жынысты құрдастарына қатысты проблемалар жатады.
Суицид әлеуметтік мәселе. Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларғы не жататынын білу керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді.
Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.
Суицидент үшін жанжалдың шешілмеуі екі жағдайымен байланысты: біріншісі-бұл жанжалды шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ, екіншісі-жанжалды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз немесе қолайсыз.Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы біреу ғана, ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою,өзін өзі аластату жолы.
Суицидальды мінез-құлық: а) аяқталған өзін-өзі өлтіру; ә) суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру); б)ниеттен (өзін-өзі өлтіру идеясы) тұрады.
Суициальды мінез-құлықтың себебін дұрыс түсіну үшін әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті» адам суицидті әрекетке барды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді? Бірінші сұрақққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының обьективтік жағдайына талдау жасауды қажет етеді. Екінші сұраққа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін, қоршағандарының оны қалай қабылдайтынын және ол осы суициальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселелерді түсіндіруі керек.Қалай болса да,суицид -ең алдымен адамның өзбетімен өмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы.
Социологтар, әлеуметтік психологтар және психотерапевттер суицидальдық мінез-құлықтың екі негізгі типін көрсетеді: шынайы және қыр көрсетін (немесе қөрсету бопсалау). Шынайы суицидальды мінез құлық кезінде оны орындау туралы ойластырылған, бекіген тілек болады және өз жоспарын толықтай және шынайы жүзеге асыру үшін барлық шаралар қолданылады, барлық қажетті дайындықтар жасырын жасалады. Ал қыр көрсету арқылы жасалатын суицидальдық мінез-құлық себебіне- өзін-өзі өлтіру емес, оны жанжалды шешкен жағдайда өзіне пайда келтіру мақсатында жасайды. Кейбір мамандар суицидальды мінез құлықтың қосымша аффектілік(грек.-жан-дүниенің толқынысы,құштарлық) типін ұсынады,ол кезде өзін өзі өлтіру ниеті өте күшті қапалану және қайғыру кезінде болады. Бұл эмоциалық ашудың қысымы ұзаққа созылмайды.Бұл жерде де қыр көрсетудің элементтері болуы мүмкін.
Г.Блэйннің айтуынша, жастардың арасындағы жүгенсіздік бейбастықтық, имансыздық пен бүлікшіл көңіл күйдің өсуі отбасындағы тәрбиенің кемшіліктерінен болады. Жастардың өмірдің әлеуметтік құбылыстарын барынша өткір сезеді және соған орай әрекет жасайды.
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
Шет елдердегі суицид мәселесі. Дамушы және дамыған елдерде тiркелген суицид оқиғалары бiр-бiрiне ұқсас. Көңiлiне қаяу түскен, бойын шарасыздық пен сенiмсiздiк жеңген, сүйiктi iсiнен жерiнген, ұйқысыздыққа ұрынған, өзiне қол салуды ойлағандардың көбiсi жүйкесi жұқарған жандар екендігін психолог ғалымдар дәлелдедi. Осындай күйзелiстердi сезiнбейтiн жандар өмiрдi сол қалпында қабылдайды. Күйзелiссiз адамдар әлеуметтiк әлемдi жақсартуға тырысады. Бұлар саясаткерлер, қоғам қайраткерлерi. Депрессия салдарынан болатын оқиғалар көрсеткіші бойынша көштiң басында Еуропа тұр. Дания, Швейцария, Ұлыбритания, Венгрия, Эстония, Латвия, Литва, Германия т.б елдерде өзге қылмыстармен салыстырғанда өзiн-өзi өлтiру дерегі екi-үш есе көп.
Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақсатан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болып табылатын Қазақстан жасөспірімдердің өлімі (суицид) бойынша Ресейден кейін екінші орында көрінеді. Суицидтің көлемі соңғы жылдардың өзінде жеті пайызға өсіпті. Осылайша, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан тәрізді елдермен салыстыра қарағанда, Қазақстанда жастардың өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі өте жоғары. Бұған тағы бір дәлел, Қазақстан әлемдегі 193 мемлекеттің ішінде суицид бойынша үшінші орында тұр.
Америкалық зерттеуші Уоррен Шиблдің «Смерть: междисциплинарный анализ» атты кітабында суицид проблемасына байланысты студенттер арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесі көрсетілген . «Сізде өлуге деген ниет болады ма? Егер болса не себепті?» Деген сұрақтарға сұрағандардың 28% оң жауап берді.Себептерінің ішінде «өмір бос уақытты өткізу сияқты болып көрінді», «өз өмірімді жек көрдім», «өмірден шаршадым», «әлеуметтік және жеке келеңсіздіктер, өзімнен қоршағандарды құтқарғым келді», «одан кейін не болатынын білгім келді, адамдардың мені аяғанын тіледім»дегендері бар.
Осындай зерттеу жұмысы Тверь мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей) де өткізілген, ол мынадай нәтиже берді бірінші сұраққа 28% оң жауап алынса, себептері- «қызығушылықтан», «қорқытқым келді» , «өмір -құдайдың жазасы», әлеуметтік қиындықтар (соның ішінде әскер қатарына шақырту) болды. Екінші сұраққа 18% оң жауап берді. Мұндай қылықтың әлеуметтік себебіне ауру көтерілген. Тек қана 5% «Ешкім де өз өмірін қиюға қақысы жоқ,ол үлкен күнә» деп жауап берген.
Болуы мүмкін суицидальды қауіптердің индикаторларына мыналар жатады:
а)мінез-құлығындағы белгілі-бір белгілер: суицидальды қорытулар, осының алдындағы өзін өзі өлтіру ниеті, адамның мінез құлқындағынемесе жеке басындағы үлкен өзгерістер, «өмірден шаршағаны» немесе «жағдайдың тұйықталған» туралы арыздары, сондай-ақ соңғы өтініштеріне дайындығы
ә)депрессия, үмітсіздікті, қауқарсыздықты бастан кешіру, қамығу, жалғыздық, ешкімге қажетсіздік сезімі әлеуметтік оқшаулану және т.б. сияқты психоэмоциялық белгілі бір жағдайлар.
Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:«барлығы» -20%, жақын адамым – 12%, бастық – 8%, ешкім емес – 4%. Яғни бұл-эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, «сол керек!»-деп кек қайтарған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |