11. ДІН ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
«дін» жөне оның анықтамасы. Дүниежүзілік діндер;
• дійнің институттаяуы мен түрлері;
Нейл Смелзер «Социология» оқулығында дінге жан-жақты түсініктеме беріп, төмендегі тұжырымдарға келеді: дін - адам топтарының табиғаттан жоғары және қасиетті күш барына сеніп, оған өз қатынастарын білдіретін сезімдер мен жоралғылар (ритуалдар) жүйесі. Дінді құрайтын негізгі элементгер: сенуші топтың болуы; табиғаттан тыс, құдіретті деп саналатын құбылысқа мүдделі қатынаста болу; діни сенім және оны бейнелеудің жүйелі жолдары; жоралар мен мінез-қылықтар үлгілері; дұрыс ғұмыр жөніндегі түсініктер.
Діни ұйымдардың негізгі түрлері туралы сұрақ айтарлықтай күрделі,өйткені оны анықтаудың белгілеріне деген ортақ бір түсінік, ұғым жоқ.Неміс соцологы Э.Трельчтің «Христиан шіркеулері және топтарының әлеуметтік ілімдері»деген еңбегінде сілтеме жасаған ағылшын социологы Нейл Смелзер діни ұйымдардың негізгі төрт түрін бөлектейді: шіркеу, секта, деноминация және культ (рәсімдер) (Смелзер. Н. Соцология М.1994ж.)
Э.Трельч- шіркеуді қоғамның әлеуметтік күштерімен (топтармен) кең көлемді бйланысқан және сол қоғам ішінде әрекет жасайтын діни ұйым ретінде анықтайды.Қоғамның барлық мүшелері күнделікті тұрмыстарында мемлекетпен байланысты болса да іс жүзінде шіркеуге шын берілгендерін көрсетеді. Оған Англикан шіркеуі мысал бола алады,өйткені ол Англияның мемлекеттілік діні деп есептеледі. Король мен Королева өздерін «сенімді қорғаушылармыз» деп жариялайды.Католик дінінде Италия мен Францияның мемлекеттік діндері болып қалыптасты, дегенмен кейін олар шіркеуден бөлектеніп,өз алдына мемлекеттік құрылымға ие болды.
Қоғамның барша құндылықтарын теріске шығаратын және өзінің сеніміне «бет бұрды», соған сәйкес келетін рәсімдерді орындауды талап ететін ұйымдар секта деп аталады. Қалыпты жағдайда сектаны дәстүрлі діни салттарға қанағаттанбаған кезде кішігірім шіркеу өкілдері тобы бөлектеніп,өз алдарына жаңа дін қалыптастырады. Бұл топ шіркеу үстемдік жасайтын қоғамға өзін жиі қарсы қояды,секта мүшелі қоғамдық іс-шараларға жиі араласпайды. Мысалы олар дәрі-дәрмек ішуден,қан құйдырудан бас тартады. Олар өз сектасының Құдайға деген терең сенім кез келген аурудың алдын алады,-деген талаптарын орындайды.
Деноминация-діни ұйымдардың үшінші түрі,олар шіркеу мен сектаның арасындағы тізбек болып көрінеді.Шіркеу қоғам мүшелерінің басым бөлігінен адал берілгендікті,талап етсе,зеноминациялар қатарларына жаңа мүшелерді тарату үшін өзара бәсекеге түседі. Секталар мен қоғам ортасындағы қандай да бір күрделі қатынас орнаса,деноминациялар мемлекеттік діндер қатарына жатпаса да,қоғаммен жақсы қарым-қатынас ұстанады.Протестантық деноминацияға жататындар - баптистер, пресвитериандар, епископтың шіркеу мүшелері, методистер және т.б.
Деноминациялар кейде секта негізінде де пайда болады. Мартин Лютер 1917 жылы өзінің жаңа сенім ілімінің 95 тезисін жариялап католиктер шіркеуіне қарсы шығады. Қазіргі кезде Лютерандық-Скандинавияның көптеген елдерінде ресми дін деп есптеледі, Американың көптеген деноминацияларының бірі. Өзінің ұлғаюы, мүшелерінің санының көбеюіне байланысты секталар өз қызметін қаржыландыруға мәжбүр болады. Ол ұйым мүшелерінің садақасы игілікті іс-шаралар өткізуі керек десе бинго ойындарын ұйымдастыруы арқылы жүзеге асады. Осындай фаторлар кейбір секталардың деноминаияға айналуына ықпалын тигізеді. Онда бюрократтық тәртіптер, қоғаммен кең көлемді байланыс қалыптасады.
Діни ұйымдардың төртінші түрі-культ. Бұл сектаның шектен шыққан түрі. Әдетте ол қоғамда үстемдік жүргізетін шіркеуден ерекше діни рәсімдерге байланысты «ажырасады». Дегенмен,культ адамның қоғамның немесе ол екеуін де түпкілікті өзгертуге үндейді,тоқырады. АҚШ-та «Бірігу Шіркеуі» (мунистер) «Христиан ғылымы» және т.б. культтер жаңаша мүшелерді тұрақтандыру,тарату әдістері үшін қатал сынға ұшырады.Дін еркіндігін,дін еркіндігіне ұстанатын принциптерін кейбір адамдар,культтердің дін емес екенін тануды талап етеді.Олар өте сенгіш немес бақытсыз адамдарды алдап жалған «мессияны»дәріптейді.Соңғы жылдары балалары культ әсеріне кезіккен ата-аналар,культ әсеріне тиым салу үшін арнайы «рухани ұстаздарды» жолдауға мәжбүр болған.Өз кезегінде культ басшылары «рухани ұстаздар» сотқа беріп,олардың сенім еркіндігін бұзатынын айтады. Мысалы, Ч.Глок Вебер мен Трельчтің жасаған «секталар-шіркеулер» теориясын сынайды. Дәстүрлі емес діндерге айтарлықтай әртүрлі институционалдық түрлердің тән екенін,сектанттық институттардың әр кез шіркеулік институтарға айналмайтынын көрсетеді.
Діндер іштей әлемдік және дәстүрлі діндер болып бөлінеді. Әлемдік діндер қатарында - христиандық (сенушілері 2 млрд-тан асады), мұсылман (1,5 млрд-тан астам), индуизм, иудаизм, бахаи (соңғысы соңғы ғасырларда өмірге келген). Әлеуметтану ғылымы негізінен діндер мен әлеуметгік қатьшастардың арабайланысын, оның әркелкі қырларын зерттейді.
Діни ұйымдарға жататындар: мешіт пен шіркеу, секталар, деноминация және культ. Мешіт пен шіркеу - діннің Конституция негізінде мемлекет пен мектептен бөлінгеніне қарамастан, қоғам қойнауында қызмет ететін арнайы әлеуметтік институттар. Деноминация (сенімдік ілім) - шіркеу (мешіт) мен секта аралығындағы діни құрылым. Ол қоғаммен қалыпты арақатынас ұстауға тырысады. «Культ» деп сенушілерін қоғамды және адамды түбегейлі өзгертуге итермелейтін, шектен тыс көзқарастық нанымға берілген, секталық ұйымдардың бір құрылымдық топтарын атайды.3 Секта - қоғамнан оқшау тұратын діни ұйымның түрі. Сектаның өзіндік ерекшелігі - ол сенушілерін қоғамдық құндылықтардан бас тартқызады, олардан діни сенімдер мен жораларға біржола берілуді талап етеді. Оның сенушілеріне эмоциялық, психологиялық қалып тән болғандықтан және ұйым секта лидерінің ықпалына толық тәуелді болғандықтан олардың іс-әрекегін болжау қиын. Ұйым мүшелігіне негізінен проблемасы бар, өмірінде сәтсіздіктері мен толғаныстары мол адамдар тез ілігеді. Соңғылары үшін секта «ашық» қоғамды бейнелейді. Алайда секта қоғамдық құндылықтардан жөне қоғамда мойындалған діндерден ауытқыған құбылыс.
Америка ғалымы Дж. Масионистің тұжырымдауынша, қоғамдық дәстүрлерден тыс тұрған ұйым және тіршілігі лидер рөлімен тікелей байланысты, салты мен принциптері дәстүрлі нормалармен үйлеспейгійдіктен культтер де әлеуметтік ауытқыған діни ұйым. АҚПІ-та осындай 5000 әркелкі культ үйымдары бар.
Ертеден-ақ діншіл әлеуметтік ортаға айналған, отарлық жаулап алу ғасырында христиан дінін жер шарының түкпір-түкпіріне таратқан батыста қазір дінге екі түрлі қатьгаас қалыптасқан. Бірі - діни сеяім еркіңщгі, екінпгісі -секуляризация процесІнің тереңдей түсуі. Секуляризация деп ғылым мен білімнің теревдей түсуімен байланысты адамдардың діни сенімнен, яғни көзгекөрінбейтін, әрі табиғаттан жоғары бір күш бар деген тұжырымға иланудан сейіліп, діни сенімдерден іргесін аулақ салуы. Тіршілік қырларына ғылыми тұрғыдан қарау - зайырлылықтьщ басты негізі. Озық технологиялардың дамуы мұндай танымдық түсініктерді тереңдете түседі. Алайда дінді, әсіресе оның ауытқыған көріністерін үлкен саясаттың қүралына айландыру психологиясы мен әрекетінің күшейе түсуімен байланысты діндердің ықпал ету кеңістігі үшін бәсекелестік әрекеті әлемді торлап барады.
Қазақстан Республикасы - бүрынғы «дін - адам санасын улайтын опиум» деген атеистік идеологияда болған мемлекетгердің бірі. Жаңа әлеуметтік-тарихи жағдайда (әсіресе дағдарысты 90-жылдары) діндер әрекетіне кең кецістік ашылып, діни институггар тез арада өз ықпалын бекітіп те үлгерді. 2001 жылдың аяғында республикада 40 конфессия мен деноминация бірлестік-тері тіркеліп, олардьщ жалпы саны 2618-ге жетті (1990-шы жылдардың алғаш-қы жартысында мүндай бірлестіктер саны 670 еді). Соның 1372-сі (бүрын 46) мүсылман, орыс православиелік шіркеуі 233 ( бүрын 62), Рим-католик шіркеуі 68 (42), Евангельдік христиан-баптистері 218 (168), лютерандар 36 (171), жетінші күн Адвентистері 63 (36), Истовы куәлары 120 (27), пятидесятниктер 32 (42), жаңадан қүрылғандар (жаңа протестанттар, бахай, Кришна санасын-дағы қоғам, соңғы Завет шіркеуі т.б.) 167 (13), басқа шағын діни бірлестіктер 47 (64).1
Қазақстан Республикасьшың қазіргі шьшдығының бірі - еадегі, белсенді діншілдер санының тез артуы: ол 2000 жылы 12, ал 2001 жылы 17 пайызға арт-қан. Осы ретпен, дінге сенегін, бірақ діни өмірге араласпайтындар саны 41,4 және 42,8 пайызға, тек діни шараларды ұстанушылар саны 15 және 18,2 пайызға артса, дінге қарсылар саны 2 пайыздан 1,4 пайызға, немқүрайлы қараушылар саны 7,6 пайыздан 3,4 пайызға азайған, Бүдан діншілдік деңгейі, діншілдіктің сапалық көріністері және діншілдік сипаты социологиялық зерт-теудің назарында болып келгендігін байқаймыз. Жалпы бірқатар ғалымдар діншіадіктің тез дамуын экономикалық және әлеуметгік қиындықгармен, қоғам-дағы жаңа әлеуметтік қүндылықтардың нақты айқындалып, адамдар санасының негізіне айналып үлгермегевдігімен түсіңціреді. Кең қанат жая бастаған лаңкестік пен діни экстремизмнің де негізінде көптеген елдердегі кедейшілік пен әлеу-метгік-білімдік шектеулер жатыр. Әрі бүл шындықты ішкі және халықаралық саяси күштер психологиялық жолмен адамдарға ықпал етуге пайдаланып қалуға тырысады. Қалыптасқан шындыққа талдау жасай келе, ресейлік танымал социолог Жан Тощенко: «XXI ғасырдағы халықтар қақтығыстарының себебі -діндер бәсекелестігі болуы мүмкін»4 деп түжырымдаған.
Бүл - әлеуметтанушыньщ өмір шындығына негізделген ескертуі.
Достарыңызбен бөлісу: |