Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАТУЛАСТЫРУНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет9/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАТУЛАСТЫРУНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


2.1. Қазақстандағы татуластыру туралы заңнамасы: даму тенденциялары мен проблемалары

Қазақстан Республикасында татуластыру әрекеті «Татуластыру туралы» Заң негізінде жүзеге асырылады [10]. Осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін қатысушылар келіскен тәртіп бойынша татуластыруті жүргізіледі. Кәсіби делдар ұйымдары бекіткен татуластыруті жүргізу тәртібі қатысушылардың келісімімен қолданылуы мүмкін. Татуластыруті жүргізу тәртібі бойынша қатысушылар өздерінің қалауы бойынша татуластыруті жүргізу орны туралы уағдаласа алады. Сонымен қатар кәсіби делдал процесті жүргізу күні мен уақытын тек ғана қатысушылардың келісімімен айқындайды.


Қатысушылар татуластыруті жүргізу барысында пайдаланылатын тіл немесе тілдер туралы өздерінің қалауы бойынша уағдаласа алады. Татуластыруті жүргізу қатысушылардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында татуластыру туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі татуластыру сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Заңға сәйкес судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының қатысушыларды қандай да болмасын нысанда татуластыруке мәжбүрлеуге құқығы жоқ.Тулғаға татуластыруға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша, сот немесе қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін. Татуластыруті жүргізу татуластыру қатысушылары татуластыру туралы шарт жасасқан күннен басталады. Егер қатысушылардың бірі татуластыруке жүгіну туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе және оны жіберген күннен бастап он күн ішінде немесе ұсыныста көрсетілген өзге де орынды мерзімде татуластыру рәсімін қолдануға басқа тараптың келісімін алмаса, мұндай ұсыныс қабылданбаған болып есептеледі. Татуластыруті жүргізу үшін қатысушылар өзара келісім бойынша бір немесе бірнеше кәсіби делдалды таңдайды.
Егер татуластыру азаматтық не қылмыстық процесс шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болса, кәсіби делдал мен қатысушылар аталған рәсім күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тоқтатылуы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіс.
Қатысушылар дауды татуластыру арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша нысанда ресімделген татуластыру туралы шарт жасалады. Татуластыру туралы шарттың ең маңызды ерекшелері атап кетейік: татуластыру туралы шарттың жасалған күні, уақыты және орны; дау қатысушыларының атаулары, өкілеттіктері көрсетілген олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары; даудың нысанасы; татуластыру қатысушылары таңдаған кәсіби кәсіби делдаллар туралы мәліметтер; татуластыруті жүргізуге байланысты шығыстардың, ал татуластыруті кәсіби негізде жүзеге асырған жағдайда – татуластыруті жүргізгені үшін кәсіби делдалға сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері; татуластыруті жүргізу тілі; татуластыруті жүргізудің құпиялылығы туралы қатысушылардың міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары; татуластыру қатысушыларының дауды реттеуге қатысатын кәсіби делдалдың татуластыру қатысушылары үшін шығын келтірген әрекеті үшін жауапкершілігінің негіздері мен көлемі; қатысушылардың деректемелері; татуластыруті жүргізу мерзімі; татуластыруті жүргізу тәртібі болып табылады. Қатысушылардың келісімі бойынша кәсіби делдалларға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Татуластыруті жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды: кәсіби делдалға сыйақы төлеу; татуластыруті жүргізуге байланысты кәсіби делдал шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар. Кәсіби кәсіби делдаллар татуластыруті ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады. Кәсіпқой кәсіби делдал сыйақысының мөлшері татуластыру басталғанға дейін кәсіби делдалмен қатысушылардың келісімі бойынша айқындалады.
Заңда нақты көрсетілген: егер қатысушылардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, татуластыруті жүргізуге байланысты шығыстарды қатысушылар бірлесіп тең үлестермен төлейді. Егер кәсіби делдал өзінің бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты татуластыруті жүргізуден бас тартса, ол қатысушылардың өзіне төлеген ақшалай сомасын қайтаруға міндетті.
Татуластыру жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде татуластыру туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда қатысушылардың өзара шешімі бойынша татуластыруті жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ жиынтығында ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Татуластыру соттың қарауында жатқан жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде татуластыру туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда, қатысушылар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, татуластыруті жүргізу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Соттың қарауында жатқан жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша татуластыру туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Азаматтық процесс шеңберінде жүргізілген татуластыру тоқтатылған жағдайда қатысушылар іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан сотқа тез арада: дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда – аталған келісімді; өзге жағдайларда –татуластыруті тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Қатысушылардың татуластыру туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды. Татуластыруға қатысу фактісі татуластыру тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының кінәні мойындауының дәлелі бола алмайды. Егер татуластыруті жүргізу кезінде қатысушылардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы татуластыру қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс. Дауды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту татуластыру тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының жағдайын нашарлата алмайды. Қылмыстық процесс шеңберінде жүргізілген татуластыру тоқтатылған жағдайда қатысушылар іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу: дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда – аталған келісімді; өзге жағдайларда – татуластыруті тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Некені жалғастыруға, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер татуластыру арқылы шешілуі мүмкін. Татуластыруті жүргізген кезде кәсіби делдал баланың заңды құқықтарын ескеруге тиіс. Егер татуластыру барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның заңды мүдделеріне елеулі залал келтіретін фактілер белгілі болса, кәсіби делдал баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.
Татуластыру келесі жағдайда тоқтатылады: қатысушылар дауды реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда – мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап; кәсіби делдал дауды татуластыру арқылы шешу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда; қатысушылар дауды татуластыру арқылы шешудің мүмкін еместігіне байланысты татуластырудан жазбаша бас тартқан жағдайда – қатысушылар жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап; қатысушылардың біреуі татуластыруті жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда – кәсіби делдал жазбаша бас тартуды жіберген күннен бастап тоқтатылады.
Татуластыруті жүргізу кезінде татуластыру қатысушылары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған қатысушылар қол қояды. Құрастырылғаң келісімде татуластыру қатысушылары, даудың нысанасы, кәсіби делдал туралы деректер, сондай-ақ қатысушылар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс. Дауды реттеу туралы келісімді татуластыру қатысушылары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім қатысушылардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді деп, Заңда көрсетілген. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған татуластыру суюъекті Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады. Қылмыстық процесс барысында татуластыруті жүргізу кезінде қатысушылар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді. Осы келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады. Дауды реттеу туралы келісім оған қатысушылар қол қойған күні күшіне енеді. Құрастырылған келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап келісім бойынша міндеттемені оңайлатылған жазбаша іс жүргізу тәртібімен орындау туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Бұдан басқа келесі мәлеметті ерекше атап өту керек, яғни Заңның 16-бабына сай, өз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби делдаллармен қатар татуластыруті жергілікті қоғамдастықтың жиыны осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады.
Бірақ, осыған қарамастан татуластыру туралы Заңда кемшілікетрі да бар. Мысалы, Заң қылмыстық істер бойынша татуластыруны тек ғана сот барысында жүргізуге мүмкіндік береді. Заңға сәйкес сотқа дейін татуластыруны жүргізуге болмайды. Біздің ойымша айыптау органдары қылмыс жасады деген айыптау актің сотқа берілгенге дейін татуластыруға бастамашылық жасауға құқығы болуы тиіс. Осы өзгеріс Заңға еңгізілсе татуластыруға адал қатысуға күдіктілердің қызышулығын арттыруға көмектеседі деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет