Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі



бет2/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жүргізілген дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі қазақстандық қоғамның заманауи өзгерістерімен негізделген. Әсіресе әлеуметтік, экономика, саясат және құқық саласында. Қазіргі уақытта Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси болмысы нарықтық қатынастар бағытында объективті түрде дамып келеді, азаматтық қоғам және заңнын үстемдегі бұрынғы жағдайларға қарағанда басқаша негізде дамуда. Мемлекет пен азамат, азамат пен азамат арасындағы қатынастар өзгеруде, бұл жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз етуге және әлеуметтік әділеттілікке назар аударуды талап етеді. Мұның бәрі құқықтық салдарды туғызатын құбылыстар саласына қатысты заңды әрекеттің қауіпсіздік құралы болып табылатын татуласудағы ұйымдастыру мәселелеріне тұжырымдамалық тұрғыдан қарауды қажет етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда және әлем бойынша сот процестерді қараудың құқық механизмдері құқықтардың және бостандықтар мен заңды қажеттіліктердің бұзылуынан қорғайтын негізгі тәсілдер болып жатыр. Демек, қазіргі заман талаптарына орай адамдық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы сол тәсілдердің тиімділігінің жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Ең бірінші назар азаматтық құқықтық процесітердің әр түрлі даулардың реттеу барысындағы құзыретті органдар қызметіндегі татуластыруті дамытуды бағыттауға аударылған.
Бүкіл әлем бойынша қолданыста, ең жиі кездесетің, дауларды шешудің ең керекті, манызды, перспективті, альтернативті тәсілдердінің бірі ол татуластыру, татуласу.
Бүгін қазақстандықтардаң және ресми бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен татуластыру деген сөзі түспейді. Алайда бұл сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді шығар.Өйткені татуластыру деген сөз дауларды баламалы шешудің жаңа түрі ретінде термин қазақстандық қоғамына қазір ғана еніп жатыр.
Негізі татуластыру деген сөзін түсінігінің өзі латынның mediare (medius) деген бастау алған. Бұл сөз делдалдық, екі көзқарастың, екі жақтың орасында, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді. Бұл басқа тұлға қатысуымен жүргізілетін, екі жақ бірге отырып дауды шешудің басқа жолы дегенді түсіндіріледі. Айтылған процесі бүгінгі таңда әр түрлі дауды шешудің ең тиімді, заманауи тәсілдердің біреу деп ойлаймыз. Өйткені, біздің ойымша, осыған байланысты кезенде, Астана өқаласында өткен сот одағының бесінші съезінде Елбасы сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде татуластыру және татуластыру процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстанда Заң қабылданды (татуластыру туралы). Қабылданған Заңға сәйкес біздің мемлекетімезде татуластыру процесі енгізілді. Өкінішке орай татуластыру, яғни татуластыру институты Қазақстанға жаңадан енуіне байланысты, еліміздегі ғалымдар құқықтық қатынастар бойынша қолданылатын татуластыру институтынын зерттеу жұмыстары аз болғандықтан, жоқтығындықтан [11,12,13,14,15], біз көбінесе ресейлік ғалымдарының ғылыми жұмыстарын негізге алдық.[16-40]
Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, зерттеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, осы дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, біз татуластыру институты тақырыбы егжей-тегжейлі зерттеуге жатады деп сеніммен айтамыз. Ал осы зерттеудің нәтижелері Қазақстан Республикасының сот практикасына енгізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет