Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


Татуластыру тараптарының тең құқылығы



бет7/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2. Татуластыру тараптарының тең құқылығы. Заңның 6-бабына сәйкес татуластыру тараптары кәсіби делдалды, татуластыру рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді
3. Кәсіби делдалдың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Заңның 7-бабына сәйкес татуластыруті жүргізу кезінде кәсіби делдал тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. Кәсіби делдал осы Заңда жол берушілік айқындалатын татуластыру құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. Кәсіби делдал бейтарап болуға, татуластыруті екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге және татуластыру рәсіміне тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіби делдалдың бейтараптылығына кедергі келтіретін жағдайлар болған кезде ол татуластыруны жүргізуден бас тартуға тиіс.
Бұл қағидаға түсінік бермес бұрын, бейтарап ұғымым мен тәуелсіз ұғымының арақатынасын тоқталып кету қажет. Қазақстан Республикасының «Татуластыру туралы» Заңында осы қағида негізгі қағидалардың қатарында көрсетілген [10]. Тәуелсіздік және бейтараптық қағидалары азаматтық және арбитраждық процессуалдық құқықтың, третейлік тәртібімен істі қарау, нотариаттық құқықтың, яғни барлық заңи құқықтың бастамасының негізі болып табылады. Бірақ осы жерде де екі ұғымның арақатынасына байланысты мәселе айтылмаған.
Мысалы, қазақстандық азаматтық процестік заңнамасына сай, жалпы юрисдикцияның соттардағы соттардың тәуелсіздік қағидасының мазмұны, соттар әділ шешімді сот актілерін ешқандай органның немесе тұлғаның араласуынсыз, нақты нормативтік актілерге сүйену арқылы ғана шығарады. Третейлік соттардың тәуелсіздік қағидасы мен бейтараптық қағидасының құрамы ұқсас болып келеді. Демек, бұл дегеніміз жоғарыдан айтылып келе жатқан ұғымдардың тығыз байланысты екенін көрсетеді, бірақ сонда да олардың арақатынастарына байланысты анықталмаған жайлар бар.
Татуластыру процесте барлығы басқаша. Кәсіби делдал бір даулы мәселеге қатысты өзі шешім шығаруға құқылы емес, ұсыныстық сипатта да шығара алмайды. Татуластырудың негізгі мақсаты, тараптар дауды шешудің жолдарын өздері қарастырады. Сол себепті басқа тұлғалардың кәсіби делдалға қандай да болсын әсер тигізе алатыны мүмкін емес жағдай. Сәйкесінше, татуластырудың тәуелсіздік қағидасының маңыздылығы төмен.
Бейтараптылық субъективті жаққа жатады, яғни құқық қолданушының қабылдауына қатысты. Ол дегеніміз бейтараптылық таныта отырып іс атқару, тараптардың барлығына бірдей көңіл бөлу арқылы істі жүргізетінін сипаттайды. Осыған байланысты, дәл осы бейтараптылық татуластыруның бастамасы және негізін құрайтынын байқауға болады. Кәсіби делдал өзінің бейтараптылығы мен тәуелсіздігіне қауіп төніп жатқан жағдайда тараптарға міндетті түрде ескертуі керек. Содан кейін барлық қатысушылар қарсы болмаса татуластыру процесі өзінің жалғасын табады.
Тәуелсіздік және бейтараптық қағидасы бір-бірімен тығыз байланысты екенін мойындау керек. Бірақ татуластыруда тәуелсіздік қағидасы айтарлықтай маңызға ие емес, ол тек бейтараптық қағидасына қосымша кепіл ретінде әрекет етеді.
Жоғарыда аталғандардың барлығын ескере отырып, кәсіби делдалдың бейтараптық қағидасына келесідей анықтама келтіруге болады: татуластыру процедурасын өткізу барысында кәсіби делдал тараптарға тең және әділ қарап, тараптардан тәуелсіз болуы қажет деген ереже. Бейтараптық қағидасының құрамын кәсіби делдалдың әділдігі мен тәуелсіздігі құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет