Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


Қазақстандағы татуластыруның түрлері



бет5/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2. Қазақстандағы татуластыруның түрлері

Қазіргі таңдағы заң ғылыми әдебиетінен татуластыру процедурасы мен оның жеке құрамдас бөлігіне арналған көптеген ғылыми мақалалар табуға болады, алайда татуластырудың түрлері туралы ақпарат өте аз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес татуластыру процесі бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды немесе жанжалды реттеу рәсімі.


«Татуластыру туралы» Заңның 1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, туындайтын татуластыруның қолданылу саласы болып қатынастар табылады. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дау-шарларға және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша татуластыру рәсімі қолданылмайды.
Осыған байланысты, мемлекет татуластыру туралы Заңның реттеу мәні мен қолданылу аясын анықтады. Аталған Заң кәсіби делдалдықты құқықтық дауларды реттеудің тәсілі ретінде қарастырады. Заң құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырумен байланысты емес сипаттағы дауларды реттемейді. Демек, өзге салада демек, жанжал қатысушылары әрдайым татуластыру рәсімін қолдана алмайды. Өйткені Заңда солай қарастырылған.
Татуластырудың құқық іс-әрекеті саласында ғана емес, туындаған жанжалдарды реттеу кезінде осы рәсімге жүгінуге мүмкіндік беретін терең әлеуметтік және мәдени негіздері бар. Бірақ мұндай жағдайда осы заңнамасың қолданылу шеңберінен шығады. Бірақ, татуластыру рәсімі шеңберінде реттеуге жататын құқықтық даулардың санаттарын атап көрсете отырып, заң шығарушы осындай дауларда татуластыруны қолдануға жол беру шарттарын тұжырымдады. Алайда қазіргі уақытта қазақстандық құқықығында татуластыруті түрлерге бөлуді заңнамалық бекіту жоқ.
Заң осы рәсімді қолданудың әртүрлі салаларын анықтағанына қарамастан, ол татуластыру рәсімін жүргізудің іс жүргізу ерекшеліктеріне оны қолдану саласына байланысты нұсқауларды қамтымайды, ал шетелдік ғылыми әдебиет мұндай ерекшеліктерге көп көңіл бөледі. Одан басқа, халықаралық тәжірибеде татуластыру процедуралар құқықтық даулардың кең ауқымына қатысты қолданылады.
Мысалы коммерциялық деген термині шарттық, сондай-ақ шартсыз коммерциялық сипаттағы барлық қатынастардан туындайтын мәселелерді қамтуы үшін кеңінен түсіндірілуі тиіс [45]. Шетелдік құқықты зерттеушілер рәсімнің татуластыру классикалық моделі қақтығысқа қатысушылардың барлық талаптарын қанағаттандыра алмайды, өйткені әр түрлі құқықтық табиғат даулары қақтығыстың нақты ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.
Татуластыру рәсімі күрделі кешенді жүйені білдіреді; ол жанжал жағдайына және оған қатысушылардың қажеттілігіне бағдарланған икемді болуға тиіс, бұл татуластырудың белгілі бір түрлерін бөлудің орындылығын негіздейді. Татуластырудың түрлері немесе модельдері көп. Бұл мемлекеттің саяси және экономикалық ұйымының ерекшелігіне де, нақты халықта қалыптасқан дәстүрлерге де, аталған рәсімді қолданатын салаларға да байланысты. Татуластыру рәсімін қолданудың халықаралық тәжірибесін талдауға сүйене отырып, делдалдықтың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- коммерциялық кәсіби делдалдық;
- отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы кәсіби делдалдық;
- қоғамдық кәсіби делдалдық;
- құрылыс кәсіби делдалдығы;
- медициналық кәсіби делдалдық;
- қылмыстық істерді қарау кезіндегі кәсіби делдалдық.
Коммерциялық делдалдықтың негізінде "уақыт—ақша" деген принципі жатыр6 яғни жанжал тараптары, әдетте, ұзақ сот талқылауына уақыт жоғалтпай, оны барынша жылдам шешуге мүдделі. Коммерциялық дауларда татуластыру рәсімін қолдану бар практикасы тараптарға қақтығыстан шығуға және бітімгерлік келісім жасасуға көмектесетін делдал әлдеқайда күйзеліске төзімді болуға, басқа құқықтық табиғат дауларын реттеуге ықпал ететін бітімгерлерге қарағанда, күшті сипатқа ие болуға және жанжал тараптарының қызметі саласында бағдарлануға тиіс екендігін көрсетеді.
Әр түрлі қызмет салаларын білдіретін тараптардың дауларын реттеу жеке тәсілді және татуластырудың ерекше стилін талап етеді.
Кейбір кәсіби делдалдар дауды реттеудің қатаң бағалау тәсілдерін пайдаланады, істің мәні бойынша өз пікірін білдіре отырып және тараптардың заңды құқықтарын түсіндіреді. Басқалары ше тараптардың мүдделеріне ерекше, шың жүректең көңіл бөле отырып, жанжалды шешудің неғұрлым жұмсақ тәсілдеріне бейім. Алайда, кәсіби делдалдар арнайы білімі бар адамдар ретінде коммерциялық дауларды шешуге ықпал етеді, одан басқа татуластыру процеске қатысушылармен бір кәсіби тілде сөйлеседі. Осылайша, кәсіби делдал кез келген құқықтық табиғат дауларын шешуге бағытталған соттаң гөрі неғұрлым тар мамандануға ие болғандықтан, коммерциялық дауларды сотта шешуге қарағанда коммерциялық делдалдық тараптарға қақтығыстан тез шығып ғана қоймай, оның кәсіби дұрыс шешімін табуға да мүмкіндік береді.
Ал отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы кәсіби делдалдық ерлі-зайыптылар мүліктік жанжалдарға немесе балаларды тәрбиелеу және тұрғылықты жері тәртібін анықтауға байланысты дауларды шешудің негізі болып табылады. отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы кәсіби делдалдық татуластыру рәсімі сот талқылауымен қатар қолданылатын елдердің ең танымал бірі болып табылады. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар жұбының көп саны татуластыру рәсімін сот рәсіміне қарағанда әлдеқайда тиімді деп танып отыр. Біріншіден бұл жағдай отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы жанжалдарды шешу сотта дауды шешудің формальды тәсілдеріне қарағанда барынша нәзік тәсілді талап ететіндігіне байланысты. Сотқа жүгіну әрдайым аса маңызды шара болып табылады және тараптар арасындағы қақтығыстың басталуын білдіреді, онда, әдетте, қатысушылардың жеке, отбасылық өзара қарым-қатынастары, олардың мінез-құлқының ерекшеліктері және сотқа жүгінуге себеп болған жағдайлар ескерілмейді. Бұл жағдайда сот заң әрпін басшылыққа ала отырып және сот талқылауы тараптарының талаптарын қараудың құқықтық тұрғысынан дұрыс мақсатын көздейді. Алайда, ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық жанжалдарды құрту кезінде жанжалдың себебі болған мән-жайларды анықтауға тырысу және ең басты кезекте құқықтық нормаларды емес, отбасылық өзара қарым-қатынастардың психологиялық аспектілерін негізге ала отырып, оларды жұбайлармен келіссөздер жолымен шешуге тырысу әлдеқайда дұрыс болып табылады. Әрине, отбасылық жұптардың әрбір дауын кәсіби делдалдың көмегімен реттеу мүмкін емес, алайда отбасылық өзара қарым-қатынастар саласында кәсіби делдалдықты қолдану тәжірибесі шиеленістің тоқсан пайыздын сотқа жеткізбей, келіссөздер арқылы татуластырупен шешуге болатынын көрсетеді. Сондықтан, отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы кәсіби делдалдықты оның құқықтық табиғатының ерекшеліктерін ескере отырып жекеше делдалдық институтқа бөлу қажет деп ойлаймыз, өйткені отбасы бұл ең бас кезекте құқықтық институт емес, қоғамдық, яғни отбасылық институт.
Қоғамдық кәсіби делдалдықтың коммерциялық кәсіби делдалдық пен отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы делдалдықтан айырмашылығы, олардың заң жүзінде бекітілген түсінігі Қазақстан Республикасының заңнамасында жоқ, бірақ олардың принциптері мен мәні біздің қоғам үшін түсінікті және әдетті, қоғамдық делдалдық институты Қазақстан қоғамының құқықтық санасына жат. Бұл институт жиырмасыгшы ғасырдың алпысыншышы жылдарының басында Австралияда мемлекетінде қоғамдық қозғалыс нәтижесінде пайда болды, оның мақсаты мемлекет тарапынан адам өмірін бақылауға қарсы тұру болды [46]. Қоғамдық делдалдық институты қақтығыстарды реттеуге оның тек екі қатысушысы емес, қандай да бір келіспеушіліктердің бейбіт шешімін табуға қабілетсіз тұтас қоғамдастықтар, сондай-ақ белгілі бір қауымдастықтар мен мемлекеттер бағытталған.
Бұл ретте кәсіби делдалдың жеке басына ерекше көп көңіл бөлінеді, ол тек мемлекеттің ғана емес, халықтың түрлі топтарына жататын азаматтар қоғамдастықтарының да мүдделерін ескеруге қабілетті бейтарап тараптың да қақтығысты шешуіне тиіс. Осыған байланысты айта кету керек, қоғамдық кәсіби делдалдық күн сайын ағылшын-саксон құқығы мемлекеттерінде танымал болып келеді, оған қоғамның өз мүдделерін қорғау және келіссөздер арқылы қоғамдық даулы жағдайларда өз пікірін білдіру қажеттілігін сезінуіне ықпал етеді.
Қылмыстық істерді қарау кезіндегі кәсіби делдалдық. Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамаларына сәйкес қылмыстық істерді қарау кезінде кәсіби делдалдық рәсімін қолдану көзделмеген, өйткені қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы бұл рәсім қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық процестік заңдарымен анықталатын елеулі ерекшелікке ие. Бірақ көптеген шетел мемлекеттерде қылмыстық істер бойынша татуластыруті қолдану мәселелерін реттейтін арнайы заңдар қабылданды.
Мысалы Карнозова Л.М., Загайнова С.К. тағы да басқа ғалымдар қылмыстық процесте татуластыру рәсімін қалпына келтіру сот төрелігі деп атайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, татуластырудың қылмыстық процестен маңызды айырмашылығы, біріншіден қылмысқа қарсы әрекет етудің осындай тәсілінің шеңбері жаза емес, ал ренжіткіштің қылмыспен келтірілген зиянды өтеу міндеттемесі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушының жауапкершілігі, жәбірленушіні емдеу, қылмысты жасауға әкеп соққан және қылмыс нәтижесінде туындаған міселелерді шешуге қоғамдастықтың қатысуы — міне, қалпына келтіру сот төрелігінің негізгі белгілері мен мақсатты бағдарлары [25,43].
Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша татуластыруті жүргізуді заңнамалық бекіту қажеттігі туралы айту қиын. Бір жағынан, шетелдегі мемлекеттерде осындай рәсімдерді қолдану тәжірибесі өте жақсы. Бұл сот органдарына жүгінбей, кәсіби делдалдың көмегімен кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар фактісі бойынша қылмыстық істерді шешу мүмкіндігіне сенім ұялатады. Бірақ, басқа жағынан, Қазақстан Республикасының заңнама мен қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесі мұндай рәсімдерді пайдалану мүмкін емес негізде құрылған. Бірінші кезекте бұл жағдай Қазақстандық азаматтарымыздың құқықтық тәрбиесі мен ділінің ерекшелігіне негізделген. Бұл ретте аталған ғалымдар Қазақстанда қылмыстық істер бойынша кәсіби делдалдықты қолдану үшін құқықтық жағдайлар бар деп санайды, алайда оны қылмыстық заңнамаларға енгізу елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді [25,43].
Сондықтаң, арнайы заңдармен регламенттелетін татуластыруті рәсімінің әртүрлі түрлерін қолданудың шетелдік практикасын талдау осы рәсімнің тиімділігін көрсетеді.
Ұазіргі таңда татуластыруті қолданудың әртүрлі салалары оны қолдану саласының ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ осы саланың кәсіби делдалдарына қойылатын кәсіби талаптарды қамтитын ерекше құқықтық реттеуді талап етеді. Осыған байланысты татуластыруті рәсімін түрлерге бөлуді заңнамалық түрде бекіту қажет, яғни бұл азаматтық құқықтық қатынастардағы дауларды шешу кезінде осы татуластыру институтты неғұрлым кең және тиімді пайдалануға ықпал ететін болады.
Одан басқа, жоғарыда аталған татуластырудың түрлерінен басқа, заң ғылымыыда классикалық, жүйеішілік және кешенді татуластыру бөлінеді. Классикалық татуластыру тараптардың келісімдерінен басталады және орындалуға тиісті шартпен аяқталады. Классикалық татуластырудың негізгі мақсаты - сот реттеу мүмкіндіктерін толықтыру, Тараптар арасындағы байланыстар мен келісімді құқықты жолға қою. Бұл рәсім тараптардың өзара мүдделерін ескере отырып, өзара тиімді реттеуге бағытталған, оның негізінде келіссөздер жүргізудің гарвард әдісі немесе интегративті келіссөздер жатыр. Бұл ретте кәсіби делдалдың басты рөлі тараптардың коммуникациясын басқарудағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.
Соңында ерекше атап етсек дұрыс болады деп ойлаймыз, татуластырудың қаралған түрлерінің тізбесі толық болып табылмайды. Өйткені татуластыру түрлерін ажырату қолданыстағы құқықтық өріс шеңберінде белгілі бір салалардың ерекшелігін ұғынуға, туындаған даулы жағдайды қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып шешудің неғұрлым оңтайлы жолын таңдауға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет