Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


ТАРАУ. ТАТУЛАСТЫРУНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет4/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 ТАРАУ. ТАТУЛАСТЫРУНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. Татуластыруның түсінігі мен тарихы

Ғылыми әдебиетте татуластыру деген сөзін түсінігінің өзі латынның mediare (medius) деген бастау алған. Бұл сөз делдалдық, екі көзқарастың, екі жақтың орасында, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді. Бұл басқа тұлға қатысуымен жүргізілетін, екі жақ бірге отырып дауды шешудің басқа жолы дегенді түсіндіріледі. Жалпы айтқанда татуластыру бұл бітімгерлік процесі, бітімгерлік қызметі.


Бірақ, дипломдық жұмысының тақырыпты зерттеу үшін баста бұл тақырыптың түсінігіне, яғни татуластыру аса назар аудару қажет. Осыған байланысты басқа мемлекеттердегі ғалымдардың ғылыми позициялар мен тәжірибелерге сүйене отырып татуластырудың анықтамасы, белгілері мен ерекше қырлары, дауларды реттеу мен шешудің басқа да тәсілдерімен арақатынасына мән бере отырып, міндетті түрде талдау жасау керек. [9, 10 б.]
Ұлыбритяниядағы әдебиеттерінде татуластыру түсінігін анықтаудың келесі екі бағытын бөліп көрсетеді: 1) тұжырымдамалық бағыт; 2) сипаттаушы бағыт. [41] Тұжырымдамалық бағыт түсінігін оның негізгі қағидаларын, мақсаты мен делдалдың қатысуымен туындаған дауды реттеудің мәні арқылы айқындауды ұсынады. Тұжырымдамалық сипаттың әдеттегі анықтамасына келесіні апаруға болады, яғни: татуластыру іс-әрекет бұл бейтарап үшінші тұлғаның келіссөз жүргізу барысында тараптарға бейбіт өзра тиімді келісім жасауына әсер ету мақсатында жүргізілетін дауды реттеудің ерікті құпия процесі.[40] Тұжырымдамалық анықтама теориялық мәнез-құлықты иеленіп сол процесі кезіндегің нақты әрекеттерің емес, татуластыру нақты бағыт ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Ал сипаттаушы бағыт тәжірибеге жақындау болады. Сондықтаң шет елдегі отбасы құқық бойынша татуластыру мамандары, медиаторлар татуластыру дауласушы тараптар ушінші қәсиби тұлғаларымен кездесіп, проблеманы талқылап, кеәін мәселені шешуге талқылатын процесі деп анықтаманы ұсылынды. Осыған байланысты, сипаттаушы анықтамалар татуластыру институтының нақты түрінің мазмұнын анықтауда көмегін тигізеді. Басқа кезіндерде олар абстракттық сипатта болады және зерттеліп жүрген процестің мәндік белгілерін шығаруға рұқсат берілмейді. Бітімгерлік жүргізудың пайда болғанына көп мерзім өтуіне қарамастан, ол процестің осы күнге дейін барлығына бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ.
Кейбір ресейлік ғалымдар бітімшерлікті даудың тараптармен таңдалған бейтарап тұлғаның келіссөз жүргізуі арқылы даудың тараптарды бітімге келтіру формасы ретінде түсіндіреді [35]. Басқа ғалымдар бітімгерлік бұл даудың қатысушыларына міндетті күші бар шешім шығаруға құқығы жоқ бейтарап тұлғаның басшылығымен өтетін дау тараптар арасындағы келіссөз деп жазады. Бұл ғалымдар кейінірек өз жұмыстарында татуластыруның басқа татуластыру процестің ерекшеленетін белгілерін толықтырды, нақтылай келетін болсақ: медиаторлардың кәсібилігі. Нәтижесінде аталған ғалымдар делдалдықты кең мағынасында түсіну керектігін ұсынды, яғни татуластыру процесін ұйымдастыруға және оны жүргізуге қатысатын, даудың тараптарға шығарған шешімін міндеттеуге құзыреттілігі жоқ бейтарап жеке немесе заңды тұлғаның қатысуымен туындаған дауды бітірімгершілікпен шешу процес деді. Өз кезегінде бітімгерлік - дауды реттеуде мүмкін талаптарды ұсынбай, керісінше тараптарға келіссөз процедурасың ұйымдастыруға және оны жүргізуге кәсіби әсер тигізетін бейтарап медатордың қатысуымен өтетін татуластыру процесі білдіретін тар түсінік [19,20].
Кейбір ғалымдар татуластыруті немесе татуластыруны даудың туындауының нақты себептері мен салдарларын жоя отырып, оларға жол бермей, бейбіт реттеуге жолдалған, нәтижесінде бейбіт келісім жасаумен аяқталатын процедурасы деп қарастырады [17], немесе татуластыру түсінігінің астарын делдалдың қатысуымен даудың тараптар арасында өзаратиімді келісім жасау мақсатында тараптар арасындағы дауды реттеу деп түсіндіреді [16].
Татуластырудың унификациялынған түсінігінің күрделілігі оны қолданудың кең спектріне, өткізу формасының әртүрлілігіне, түрлері мен модельдеріне байланысты. Осы құбылыстың түсінігіне нақты анықтама беру үшін:
1.Татуластырудың мәні бойынша нақты түсінікті қамтамасыздандыруды жасау қажет.
2. Татуластыру институттың жалпы заңдағы орнын табу үшін, өз кезегінде, оның әрі қарай дамуы мен жетіліуіне жағдай жасау қажет.
Осындай ерекшелердің жалпы құқықтық елдерде де орын алатынын ескере кету қажет шығар деп ойлаймыз. Ұлыбритания ғалымдарының айтуларына сай, олардың елдерінде тек әлеуметтік жағдайы өте төмен және өте жоғары адамдар ғана өздерінің бұзылған құқықтары үшін сотқа жүгіне алатынын, алғашқылары – оларға заңды көмек беріледі, асқалары – өздеріне жағдай жасай алады. Оысған орай татуластыру тиімсіз сот іс істеріне қарсы қасақана жасалған құқықтық сот дауларды шешудің альтернативасы сипатында болды. Америкадағы сот дауларды реттеудің альтернативті тәсілі – татуластырудың дамуында маңызды рөл атқарған әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени сипаттағы факторлар қатары болды. Қазіргі таңда әр түрлі ғылыми әдебиеттерде американдық кәсіиби делдалдың қатысуымен достастырудың екі тарихи нысанын ажырату көрсетілген: дәстүрлі татуластыру және заманауи татуластыру [42].
Жұргізілген ғылыми әдебиетті талдауының нұсқасы дәстүрлі татуластыру мемлекет пайда болғанға дейін дауларды реттеудің алғашқы қалыптасқан түрі деп көрсетеді. Ол, өз кезегінде, қайнар көзін психология, философия мен діннен алатын, қоғамда заңға сәйкес іс-әрекет ететін құбылыс болды [43]. Кәсіби делдалдық жұмысы, заңға сәйкес, қауымның беделді әрі сыйлы мүшелері атқарды. Ал татуластыру процедураның өзі регламенттелген жоқ болатын. Заманауи мемлекеттік қызметтің дамуына байланысты дауларды реттеу жоғарғы құзыретті органдарына ауыса бастады. Осы мағынада, дәстүрлі татуластырудың себептерін дауларды шешуде мемлекеттік механиз қалады.
Заманауи татуластырудың мәні дау тараптардың арасындағы дауды реттеу барысында бірлесе отырып, бір тарабынан, объективті стандарттарды, ал екінші тарабынан, жеке қажеттіліктер мен нақты қажеттіліктерді басшылыққа ала отырып, жалпы мәселені шешеді [43]. Қазіргі таңдары татуластыру дәл осы жолды ұстанады.
Зерттелетің терминнің түсінігінің пайда болуы мен оның тарихын зерттеу үшін ежелгі зерттеушілер мен заманауи заң ғылымдағы ғалымдардың көзқарастарына назар аудару қажет. Негізі бітімгерлік тарихы өте ежелгі уақыттан бастау алған. Нақты тарихи дәуірлерде дауларды реттеудің, жанжалды уақытша немесе түбегейлі жоятын, ел үшін тиімді болатын шешімдер мен қолданатын шаралардың толық кешенін қарастыратын, әртүрлі нысандары болған. Бітімгерлік процесіі – алғашқы қоғам қауымдастығынан қолданысқа ие болды. Басталатың дауды шешуге тәуелсіз үшінші жеке тұлғаны тарту қажеттілігіның себебі – тірі қалуға деген құлшыныс болды. Ерте заманда бұл процесі көбінесе сауда қатынастарымен айналысатын аймақтарда дами бастады. Тарихшылардың қазіргі заманауи татуластырудың пайда болу тамырын негізгі кәсптері теңіз саудасы болып табылатын Ежелгі Египет, Ежелгі Финикиялық өркениетінен және Ежелгі Вавилоннан тапты. Ал кең таралған аймақтар ретінде Қытай және Жапонияның кәсіби делдалдық қауымдастықтары болған. Бұл мемлекеттерде қазіргі таңға дейін пайда болған дауларды мемлекеттік соттар арқылы емес, кәсіби делдалдар арқылы шешу бірінші сатыда тұр.
Ғылыми әдебиеттердің талдау нәтижесіне сәйкес, татуластыру процедурасы бұл дауларды шешудің ежелгі түрі. Ол көптеген ғасырлар дипломатиялық, кәсіби топтар арасындағы, саяси партиялар арасындағы және елдер арасындағы дауларды сәтті жолымен шешіп отырған. Татуластыру процесі жүргізілу барысы бөтен жеке немесе заңды тұлғалардың араласуынсыз және жарияланбайтын сипатта өтетіндіктен әрдайым бейбіт нәтижеге қол жеткізетін болған. Бұл дауды және теріс эмоцияларды жеңіп, сенімнің арқасында жаңа келісімге жететін процесі деп саналады [44].
Қазіргі таңда татуластыру қолданысқа жиі қажет және өркениетті кәсіп болып келе жатыр. Көптеген бастыс елдерде азаматтық, административтік, отбасылық және де қылмыстық құқықтарда татуластырудың қолданылуын реттейтін нормативтер мен заңнамалық актілер бар. Көптеген кәсіп түрлері өз мамандарынан, тым болмаса, татуластыру аясының жалпы түсінігін иеленгенін қалайды жіне талап етеді. Дәл осы кәсіп түрлеріне кәсіби заңгерлер, оның ішінде адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар, соттар және тағы басқа заңтануға қатысы бар кәсіптер жатады.
Негізінде татуластыру негативті оқиғалар орын алған сәтте көмекті қажет ететін жағдайлар кезінде туындады, өйткені татуластыру жаңа дүние пайда болғанда көмегі қажет болатын. Татуластырудың тарихына сәйкес бұл институт, ең алдымен, Ежелгі Грециядаң кеңінен тарала бастады. Ежелгі Римде Юститиниан Кодификациясынан басталатын бітімгершілердың мәртебесін заңдастыру пайда болып, Ежелгі Рим имперясының құқығында олар әр түрлі аталды (internuncius, medium, intercessor, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres және, соңында, mediator) [23].
Содан кейін, тарихына сәйкес, Ежелгі Русь мемлекетінде, кәсіби делдалдар көмегін княздік өзара соғыстарды бейбіт жолмен тежеу үшін қолданған. Мұндай жағдайларда кәсіби делдал ретінде көбінесе церквовь пен діни адамдар қатысқан. Бітімгерлік өзі халықаралық дауларда жиі қолданысқа ие болған (делдалдық, залалдың орнын толтыру туралы өтініш немесе ерікті қызмет көрсетуге ұсыныс). Он тоғызыншы ғасырдың басында Ресей империясында коммерциялық соттар жүйесі пайда болып, татуластыру институтына тиімді әсерін тигізді.
Қазіргі замандағы татуластыру институты жиырмасыншы ғасырдың ортасында Америка Құрама Штатта пайда болды. Сол кездерде татуластыру деген термині ең алғашқы қолданысқа енді.
Қазіргі таңда татуластыру бұл ғаламдық ұлттық әрекет болып есептіледі. Заманауи қоғамдық жағдайға сәйкес, бітімгерлік бұл этикалық жауапкершілік пен міндеттемелерді қажет ететін мамандық. Татуластыру процедурасы, негізінен алғанда, ерікті процесі болып табылады, бітімгершілердың міндеттерін орындау тиімді болуы үшін таңдалынып отырған үміткер міндетті түрде даудағы тараптар үшін кәсіби білімді және икемді, объективті, әділ және тәжірибелі болуы шарт. Заңдық құралдар бітімгершілердың мәртебесінің тұтастығының бір бөлігіне ғана кепіл бола алады. Осыған орай, бітімгерлік туралы заңнамамен қатар, маңызды реттеуші құрал ретінде міндетті түрде кәсіби этика кодексі болады.
Дауларды татуластыру жолмен шешу нысанын дамыту, әр мемлекеттің құқықтық жүйесі әртүрлі болғандығына қарамастан, өзіндік ұқсастықтарды иеленеді. Әр елде сол бір универсалдық тәсілдер және сотқа дейінгі реттеу амалдары қолданылады, дегенмен олардың өту барысы өзгеше.
Бітістіру процесітің тәуелсіз тәуелсіз тараптың қатысуы арқылы шешу Ұлыбританияда өте кең таралған, ол үшін арнайы анықтамалық желі қызметі де бар. Ұлыбритания осы процедураны қолдану міндеттемесін жүктеуде, егер қандай да бір тарап соттың ұсынған бітімгерлік процедурасынан бас тартатын болса, онда жеңген жағдайдың өзінде де барлық сот өндірісіне кеткен шығындарды көтеруі тиіс болады келесі шешімді қабылдады.
Басқа да шет елдерінде татуластыру институты әділдік жүйесіне сай жүргізіледі. Мысалы Алманияды, соттарға салынатын қиындықтарды төмендету мақсатында делдардар сот жанында жұмыс істейді. Неміс мектептерінің көбісіне бітімгешілік пән міндетті пән ретінде енгізілген. Яғни, заң фкультетін аяқтаған кез келген студент міндетті түрде бітімгерлік курсын өту қажет. Ғалымдардың көрсеткіштері бойынша, Қытай Халық Республикасында даулардың шамасы отыз бес пайыз соттан тыс шешіледі екен. Қытай мемлекетте, сондай-ақ Венгрияда және Оңтүстік Кореяда, егер даудағы тараптар татуластыру процедурасы бойынша келісімге келген болса және третейлік соттармен қарауы үшін қолданылатын тәртіппен татуластыруке жеткен болса, мұндай келісім третейлік келісімнің заңды күшіне ие болады.
Татуластыру процедуралар, ішкі дауларды шешудің дәстүрлі құралы ретінде кең таралған аймақ Жапония. Дәстүрге айналуына себеп болған – келіспеушіліктерді реттеуде мемлекеттік соттарды таңдауға деген теріс көзқарастың болуы.
Кәсіби татуластырупен айналысатың маман медиатор деп аталады. Яғни, бұл кәсіби және кәсіби емес негізде татуластыру жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға. Көп шет елдерде медиаторлар қауымдастығы бар, олардың қызметі – ішкі құқықпен реттеледі. Қазақстандағы татуластыру институтына келетін болсақ, соңғы жылдары кең тарала бастады.
Қазақстан Республикасында татуластыру жүгінуге байланысты тарихи сілтеулер бар. Кейде бітімгелік мен билер сотының арасындағы ұқсастықтарды айтады. Билер соты да дау туындаған жағдайда бітімгершілер секілді әрекеттер жасаған. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына сай, бұрын дауласушы тараптар ерікті түрде туындаған мәселені шешу үшін билерге жүгінген. Демек, соттарға түсіп отырған ауыртпашылықтарды төмендету мақсатында, өркениетті және бәсекелестікке қабілетті ел атану үшін, Қазақстан бітімгерлік қатысушыларының құқықтарын қорғауы керек.
Судьялар одағының съезінде Елбасы сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде татуластыру және татуластыру процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстанда Заң қабылданды (татуластыру туралы). Қабылданған Заңға сәйкес біздің мемлекетімезде татуластыру процесі енгізілді. 05.08.2011 жылдан бастап «Татуластыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы заңды күшіне енді, берілген заң Қазақстан Республикасындағы татуластыру институтың ұйымдастыру және дамыту шеңберіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осы Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, қылмыстық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады [1,2,3,4,5,6,7,8]. Ерекше атап кетсек, әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды.
Қазақ мемлекет үшін татуластыру бұл билік айтудың ең озық өнегесі. Татуластыру бұл тараптардың еркін келісімі бойынша жүргізілетін, өзара тиімді шешім шығару мақсатында медиатор немесе медиаторлардың әрекеті арқылы жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы дауларды реттеу процедурасы болып табылады.
Татуластыру процедурасының пайда болуы мен оның қалыптасу тарихы заңды түрде жақын арада ғана пайда болғанымен, қазақстандық қоғамда, азаматтар және заңды тұлғалар арасында өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқанына куә болып отырмыз. Бұл ұғымды кеңінен алып қарайтын болсақ, тек белгілі бір заңды тұлғалардың немесе белгілі жасқа келген жеке тұлғалардың арасында туындайтын дауларды шешуге қажетті процесі емес, сондай-ақ кішкентай балалардың арасында, ағайындардың, көрші-қолаңдардың арасында туындаған дауларды шешу кезіндегі татуластыру секілді әрекеттерден көруге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы барлығы заң түрінде іске асып жатқанына қарамастан, қоғам барлығын әділ түрде және ақылға қонымды әрекеттермен туындаған мәселелерді шешуге тырысады. Демек, татуластыру процесі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы қарым-қатынас сақталып, өздері қалаған жетістікке тараптар келісе отырып жетеді. Татуластыру процесің заңдастырылып жатқаны, Қазақстан Республикасының қоғамның белгілі бір дәрежеде тағы бір қадамға жоғарылағандығын көруге болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет