2.3. Татуластыруны дамытудың практикалық - қолданбалы аспектілері
Татуластыру процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі мұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар кәсіби делдалдың кәсіпкерлік көмегі қатысушылардың бір келісімге келуіне бағытталған. Татуластыруті кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің кемелденген түрімен салыстыруға болады. Татуластыру көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.
Бітімгерлік тәсілінің қоғамның алғашқы қалыптасуынан бері келе жатқаны баршамызға мәлім. Бейтарап үшінші тарапты іске араластыруларының бірден-бір себебі болып ең алдымен алғашқы қауымдастық кезеңінде тірі қалу еді.
Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибе, татуластырудың ірі бизнестерден бастап, отбасылық дау – жанжалдарда, айрылысу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, татуластыру арқылы бүкіл келіспеушіліктердің қырық пайызға дейін өтеді, сонымен қатар, ойдағыдай нәтижеге оның сексен бес пайыз ие болады. Мұндай жетістікке жетудің өзі кездейсоқтық емес, себебі татуластыру бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмамдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым-қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы өзінің құқықтық қалыптасу кезеңін бастан негізі кешіріп отыр. Қазіргі таңда осыған байланысты сот, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, құқық қорғау саласындағы реформалаудың байыпты жүргізілуін қатаң қадағалауда.
Кәсіби делдалдың негізгі қызметі - тараптардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш-жігерін салу. Татуластыру ьарысында тараптардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай бағытымен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сыртқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Қабылдағаң келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.
Қазақстан тарихына жүгінетін болсақ, татуластыру дау секілді ежелден келе жатқан құбылыс. Сол дауды шешу үшін екі жақ арасында келіссөз жүргізуге қатысатын бейтарап үшінші тұлғаның қатысуымен өткізіледі. Әрине, дегенмен, сол кезде де қазіргі қолданыстағы татуластырудың өткізілу тәртібі секілді болған деп айтуға болмайды. Тек ғана дауды шешу үшін үшінші тұлғаның қатысуымен болатынын сәйкестендіруге болады. Дауларды шешудің аталып отырған тәсілдері көбінесе егер қатысушылардың арасындағы даулы мәселе тым ушығып кетіп, бірақ жетістікке жету үшін қатысушылардың достасып, бір бітімге келуі қажет болған жағдайда қолданылған. Ерте заманның өзінде-ақ, адамдар пайда болған даулы мәселелерді арнайы нормалар мен иерархиялық тәртіптерді қолданудың орнына келіссөздер жүргізу арқылы шешудің тиімді екеніне көздері жеткен.
Қазақстанда татуластыру соңғы жылдары кең тарала бастады. Қазақстанда татуластыру арнайы орталықтар, қауымдастықтар ашылған. Нұр-Султан, Алматы, Шымкент қалаларында басқа аумақтарда кәсіби делдал квалификациясын иеленгені туралы куәліктерін алған кәсіби делдалдар бар. Қазақстанда татуластыруке жүгінуге байланысты тарихи сілтеулер бар. Кейде татуластыру мен билер сотының арасындағы ұқсастықтарды айтады. Билер соты да дау туындаған жағдайда кәсіби делдалдар секілді әрекеттер жасаған. Дауласушы қатысушылар ерікті түрде туындаған мәселені шешу үшін билерге жүгінген. Демек, соттарға түсіп отырған ауыртпашылықтарды азайту мақсатында, өркениетті және бәсекелестікке қабілетті ел атану үшін, Қазақстан татуластыру қатысушыларының құқықтарын қорғауы керек.
Құқықтық реформалаудағы елеулі жаңалық бұл жүйеге үш буында құрылымдық өзгерістің енгізілуі. Бұл жолдағы жұмыстардың бір бағыты заңдарды ізгілендіріп, жаза қолданудың бас бостандығынан айырудан басқа балама түрлерін кеңінен қолдану болмақ.
Кейбір сарапшылар, ғалымдар, заңгерлер татуластырудың Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігінің аздығын мәлімдейді. Мұндай мүмкіндіктің аз болуы, қатысушылардың тым ашушаң әрі сенімсіз болу себебінде деген ой – пікірлер аз емес.
Қазіргі таңда татуластыру арқылы келіспеушіліктердің қырық пайыз қарастырылудың нәтижесінде, елді жаулап алған «коммерциялық» жанжалдардың мәселесі шешілді. Татуластырупен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер көптен бері айналысады. Ең танымал болған татуластыру орталықтары – Батыс Еуропаның елдері.
Қазаұстан Республикасында татуластыру сияқты келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы - өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады.
Татуластыру дауларды шешудің басқа жолы ретінде дауласушы жақтардың ұзақ және қымбат сот рәсімдерінен бас тартуына және кәсіби делдалдың көмегімен дауды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Бүгіндері күн тәртібінде заңдағы татуластырудың тәжірибесін дұрыс бейнелеу және оны тарату мәселесі тұр.
Қолданбалы рәсімдер үдерісінде қатысу шарттарының бірі жақтардың келісімді түрде өз еркін білдіруі болып табылады. Сонымен қатар, тараптар кез келген уақытта татуластыру жалғастығынан бас тартып, сотқа жүгіне алады. Кәсіби делдал алаламайтын, тәуелсіз және жақтардан бейтарап болуы тиіс және дауласушы жақтардың біріне жағымды қарым-қатынас танытуға тиіс емес. Татуластыру процесіне қатысу артықшылықтарының тағы біреуі үдерістің құпиялылығы болып табылады. Татуластыру институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп, дауласушыларды бітімге жеткізіп, екі тарапты да қанағаттандыру.
Қабылданғаң Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, қатысушылардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды [10[.
Кәсіби делдалдар тізіміне қосылған және кәсіби делдалдың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға кәсіби делдал бола алады. Кәсіби делдалдың қызметі кәсіби негізде және кәсіби емес негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес кәсіби делдалдар тізімінде тұрған тұлғалар кәсіби делдал қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Ал, негізінен кәсіби делдал болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасынан өткендігі жөнінде сертификат алуы, заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой кәсіби делдалдар тізімінде тұруы қажет [10[.
Кезінде Америка Құрамы Штаты Президенті соттасудан аулақ болыңдар деп айтқан. Өз қарсыласыңызды бітімге келуге көндіріңіз. Соттағы бір жеңісіңіз – шығындар мен уақытты жоғалтудағы нақты жеңілісіңіз болып табылады. Бұған дауласушы адамдардың жақсы, өркениетті қарым-қатынастарының жоғалуын, олардың жалпы өмір сапасының нашарлауын қосыңыз. Құқық ережелерін қолданысқа барынша белсенді түрде енгізу, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, қоғам мен халық үшін жасалған игілікті іс болмақ.
Бұлай тұжырым жасауға негіз де бар, себебі, бұл заң. Қазіргі таңда соттарға түсіп отырған өте жоғары іс жүктемесін кемітіп, сот төрелігінің сапасының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне, құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына құнарлы негіз болып отырған жайттардың жолын кесіп, кемітуге септігін тигізері анық деген сенімдеміз деген осы сөзбен ашты. Аталған заң даудың татуластыру жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қылмыстық құқықтағы жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың кешірімге келуіне, қылмыстық құқықты ізгілендіруге ерекше үлес қосары сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл қатты бөлінуде. Соған бірден - бір лайықты жол – дауды татуластырупен шешуді сот процесінде енгізудің қажет екендігі халық болып талқыланды. Қазақстандық сот төрелігіне татуластыру институтын заңдылық тұрғыдан енгізу, оны айналымдағы заңдармен тең дәрежеде қолданудың негізгі қағадаттары, рәсімдері, кәсіби делдалдың құқығы мен міндеттері, құпияны сақтау жөніндегі кепілдік және келісімді бекітудің тәртібі, сондай-ақ қоғамдық ортада орын алған әртүрлі дауларды шешуде бұл тәсілдің тиімділігі жоғары екенін көрсеткен бірқатар елдердің тәжірибесі жан-жақты түрде бағамдалды.
Осы татуластыру Қазақ халықтың дәстүрлі құқығының негізінде мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан татуластыру жолы. Ендеше, татуластыру бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өркениетті жолын жақсы қырынан дамытуға, оның саяси құқықтық тұжырымдамасы мен баянды бағдарламаларына мінсіз қызмет көрсететінін нық сеніммен айтуға әбден болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесіне татуластыру институтын енгізу – мемлекет тарапынан атқарылып жатқан заңнаманы жетілдіруге, сот беделін кемелдендіруге өз уақытында қосылған жетістік.
Дегенмен бұл процесі әлі күнге дейін тәжірибеде қолданылуы жағынан өте әлсіз. Оған себеп, әрине, халықтың татуластыру процедурасының бар екендігінен, сондай-ақ, хабардар болмауы болып отыр. Сонымен қатар қабылданған заң және осы аталып отырған татуластыру процеударасын қамтитын өзге де ұлттық заңнамалардағы нормаларда бірнеше кемшіліктер бар. Кейбір жерлерде татуластыруті нақты айқындайтын нақты нормалар жоқ. Ендіше, біз тек жеке дара емес, заңдарды саралауда, оны құрып пайдалануда, міндетті түрде шетел және халықаралық тәжірибелерге сүйенуіміз қажет.
Қазақстандағы аталып отырған татуластыру институтын қолданудың келешегі мен артықшылықтарын атап көрсететін болсақ:
1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің жұмысының тиімділігі артады. Істердің біршама бөлігі татуластыру арқылы қаралатын болады және соттарға түсіріліп отырған қиындық азаяды. Әрине ол кезегінде, соттағы іс қараудың ұзақтығы мен сапасына жақсы жағынан әсерін тигізері анық.
2. Татуластыру азаматтық құқықтық дауларды шешу аясында айқын артықшылықтарға ие. Өз нәтижесімен дау қатысушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыратыны даусыз мәселе. Себебі қатысушылар татуластыру процедурасына өзара келісе отырып келіп, сот процесіндегідей бақылаушы емес, оның белсенді қатысушылары ретінде бола алады. Сонжықтан, дау қатысушылары болашақта да достық қатынасты сақтап қала алады, ал сот процестің кейін қатысушылар арасындағы қатынас ушығып кететіні баршамызға мәлім жағдай. Сондай-ақ, татуластыру процесі тағы бір ерекше артықшылығы болып оның құпиялылығы саналады. Және де дауды татуластырудың көмегімен шешу дау қатысушыларын уақыт пен ақшадан шығындалудан сақтайды.
3. Сот өндірісіне қарағанда кәсіби делдалдың қызметі әлдеқайда аз мөлшерде болатынын ескеретін болсақ, ол әрбір жеке немесе заң тұлғаларға қол жетімді бағыт екенін байқауға болады. Жекелегенде, аталып отырған татуластырудың процесі кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы дауды реттеуде өте тиімді. Отандық қәсіпкерлер осы жағдайларды назарға алу арқылы, келешекте тұтынушылар құқығын бұзбауға, өзінің кәсібін жақсартуға және бәсекелеске қабілетті болуға ұмтылады.
Татуластыру тек азаматтық дауларда ғана тиімді емес, сондай-ақ, отбасы дауларында да, әсіресе баланы қамқорлығына алуға байланысты дауларда ерекше орынды иеленеді. Әрине, татуластыру қатысушыларының құқықтары мен міндеттері заң тұрғысынынан қорғалуы үшін және татуластырудың қажетті ақпарат алу көзіне айналмауы үшін барынша жұмыс істеу қажет. Ал Қазақстанға ауқымды түрде жарнамалық саясатпен айналысып, халықтың барлығын толығымен ақпараттандаруы қажет.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, келесідей ұсыныстарды қорытындыладық:
1.Кәсіби делдалдарды даярлауды жүйесіне әр түрлі құқық салаларын мамандандыру элементтерді енгізу.
2. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында заң мамандығын оқытуда татуластыру туралы дәрістерді енгізу.
3. Әр қашан халықты ақпараттандырумен белсенді түрде айналысу.
4. Барлық сатыдағы соттар жанынан кәсіби делдалдарға арнайы бөлмелер беру.
5. Татуластыру бойынша жедел байланыс желісін арнайы қызметті мемлекет тарапынан құру.
6. Отбасы даулары бойынша жүргізілген татуластыру шығынын мемлекет тарапынан бөлінуді қамтамасыздандыру.
Азаматтық істерде көбіне қағаз жүзіндегі құжаттамалар басымдылыққа ие болады. Сондықтан, «Татуластыру туралы» Заңның, яғни татуластырудың іс жүргізу заңнамаларында кеңінен қолданылуы – қоғамда орын алатын құқықтарды барынша ізгілендіруге, сондай-ақ сот беделінің үнемі артуына айрықша үлесін қосады деп ойлаймын.