Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


Татуластыруны дамытудың шетелдік тәжірибесі



бет10/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ДР

2.2 Татуластыруны дамытудың шетелдік тәжірибесі

Татуластырудың пайда болып, қоғамда айтарлықтай орын ала бастағанын цивилизацияның дамуымен байланыстыратын болсақ, онда адамзаттың әрқашанда татуластыруға келуі арқылы кез келген жағдайда даудың түріне қарамастан келуіне болатыны ете заманнан келе жатқан табиғи құбылыс екенін айтуға болады.


Барлық елдерде және мәдениеттің дамуында, татуластырудың интеграциялануы ұқсас болып келеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері де болып тұрады. Әсіресе, татуластыру процестегі маңызды ерекше аспектілері құқықтық базаның қалыптасуында айрықша көрінеді. Қазақстанда «Татуластыру туралы» Заңның пайда болуы татуластыру институттың толықтай қалыптасып, оны дамытатыны барлық кезде әсері тие бермейтінін шет елдерінің тәжірибелерінен байқауға болады. Жалпы әлемдік тенденцияны бақылап көруге болады: көп мемлекеттер заңнамалық базаны, татуластырудың дауларды шешудің альтернативті жолы ретінде, құрады.
Қазіргі уақытта татуластыру әлемдегі дауларды сотқа дейінгі шешуде қолданылатын ең көп таралған тәсіл болып отыр. Халықаралық тәжірибеде татуластырудың бірнеше моделі қолданылады. Татуластыруті ұйымдастыру және оны өткізу тәртібі әр мемлекетте әр түрлі бола береді, бірақ татуластырудың қағидалары ешқашан өзгермейді және барлығына бірдей болап келеді. Ол қағидалар: еріктілік, тараптардың теңдігі, кәсіби делдалдың бейтараптығы, құпиялық.
Батыста татуластыру азаматтарды әділ сотқа деген ашықтықты жеңілдететін азаматтық қоғамның маңызды бөлігі ретінде саналады. Татуластыру құқықтық жүйенің бөлігі және көптеген мемлекеттердің мәдениеті болып саналады. Сәйкес заңнамалық актілер Америка Құрамы Штаты, Канада, Австралия, Австрия, Сербия, Нидерланды, Болгария және басқа мемлекеттерде қабылданған. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері татуластырудың дамуына белсенді қатысуда. Татуластыруті дамытудағы шешуші фактор болып олардың соттардың дауларды шешуде осы процесті пайдаланғанында тиімді екенін мойындағаны. Сот өндірісінің америкалық жүйесі даулардың көбісі тараптардың келісуімен сотқа дейін шешілуіне бағытталған. Кейбір америка штаттарда соттар келесі тәсілді қолданады: сот істі өндіріске тек, егер тараптар пайда болған істің татуластыру жолымен шешілмейтінін дәлелдеп, оған нақты аргументтер келтіретін болса ғана қабылдайды.
Австралияда сотқа дейінгі бітістіру татуластыру және арбитраж туралы акт бойынша реттеледі. Жиырма бірінші ғасырдың басында көптеген австралиялық компаниялар татуластырудың, яғни сотқа дейінгі дауды шешу процедураның тиімді екендігін мойындап, келісім-шарттарына татуластырутік ескертпелер енгізді. Мұндай ескертпелер дау туындаған жағдайда татуластыруті қолдануды тараптарға мінддеттейді.
Батыс Еуропада татуластыруті дамытуда айтарлықтай жоғары үлесін тигізген Ұлыбритания болып табылады. Олардың сот органдары татуластыруті дамыту үшін келесідей әрекеттер жасады: егер тараптың біреуі татуластырутен бас тартатын болса, істі жеңіп немесе жеңіліп шыққанына қарамастан сот өндірісін жүргізу уақытында кеткен барлық шығында өз мойнына алды. Татуластыру бойынша шығындардың барлығын мемлекет көтерді. Татуластыруті дамытумен және кәсибі делдалдарды даярлаумен Ұлыбританияда бірнеше ұйымдар айналысады.
Австрияда татуластыру екпінді түрде дамып келе жатыр, қазіргі күндері тараптарға туындаған орын алған дауларды татуластыру инфрақұрылымдарды пайдалану арқылы шешуге болатын мүмкіндіктер орын алды.
Алманияда сотқа дейінгі татуластырупен қатар соттық татуластыру да кең таралған және қолданысқа ие. 2004 жылдан бастап соттық татуластыру процедурлық бағдарламалар нысанында жақсы дамып келе жатыр,соттардағы олар неміс әділет органдарымен қадағалану арқылы іске асады.
Татуластыруті қолдану процесі ауқымды дамыған Азия аймағы болды. Мысалы, сарапшылардың бағасы бойынша, Қытай Халық Республикада даулардың отыз пайыздағы соттан тыс шешілетін татуластыру процедурамен жақсы нәтижеге жеткізіліпті. Сондықтан, Қытайда және Оңтүстік Кореяда, егер тараптар татуластыру шеңберінде келісімге третейлік соттар арқылы жетіп, оны тәртіп бойынша бекіткен болса, мұндай келісімдер третейлік шешімнің күшіне ие болады және сәйкес тәртіп бойынша іске асуы қажет болады.
Үндістанда татуластыру барысында қол жеткізген келісім сот өндірісінде істің қаралғаны немесе қаралмағанынан тыс міндетті түрде третейлік соттардың шығарған сот актілерімен бірдей күшке ие болады. Гонконгкта татуластыруті келісімнің мәртебесі Үндістандағы секілді. Татуластыру – ішкі құқықтарды шешудің дәстүрлі жолы ретінде кең таралған аумақтар қатарына Жапония да кіреді.
Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша татуластырудың дауларды шешудегі ең тиімді әрі альтернативті жолы деген фактіні мойындау қажет. Татуластыруті қолдануды халықаралық қолдаудың арқасында өте қарқынды түрде таралып келе жатыр. Татуластыру тек жеке немесе заңды тұлғалардың арасында туындаған дауларда ғана қолданылу керек деген тұжырымнан асып, енді халықаралық және әлеуметтік қатынастарда туындайтын даулы мәселелерде де қолданылатын болды, яғни қолданылу аясы кеңейді. Халықаралық ынтымақтастық татуластырутік технологиялар мен татуластырудың нормативтік бектілулер аясында құнды материалдарға ие болды. Оларды оқу татуластырудың жаңа қырларын тануға көмегін тигізеді.
Қазақстан да біраз уақыттан бері татуластыруті қолдануды қажет ететіні баршамызға мәлім жағдай. Татуластырудың дамыту процесі барлық сатыдағы соттарға жеңілдік әкеледі, себебі кәсіби делдалдық процедура дауларды шешудің баламалы жолы, сондай-ақ, барлық түрлі тұлғаларға көптеген артықшылықтар береді. Әрине ол үшін дәл уақытында татуластырудың процедураға жүгінулері тиіс.
Татуластыруке байланысты ұлтаралық көзқарасқа назар аударатын болсақ, татуластырудың дауды шешудің альтернативті жолы екені халықаралық және шет мемлекеттердің тәжірибелерінен көруге болады. Татуластырудың мәні бойынша бұл аталып отырған процедура даулы мәселеге тап болған тараптарды бейбіт жолмен достастыру және оған өз еріктері бойынша келуі. Сондай-ақ, татуластыру барлық сатыдағы соттарға жеңілдік жасайтын тиімді жол болып табылады.
Ғалымдардың және сарапшылардың пікірінше, татуластырудың даусыз мойындауға тұрарлық артықшылықтарына келесілер жатады: тез әрі арзан істі қарау; тараптар арасында келіссөздер жүргізу барысында істі шығармашылықпен және ерекше жүргізу; тараптар арасында сыйластық қатынасты сақтап қалу; әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларға барынша көмек көрсету, жақсы нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндігі.
Бірақ татуластыру процесі белгілі бір тәуекелге баруға мәжбүрлейді: егер тараптар бітімге келе алмаса, сотта істі қарау процесі айлап немесе жылдар бойына созылып кетуі мүмкін: келіссөз процесіне кететін шығындар; татуластыру процедурасының өткізілу кезінде алынған ақпараттар сот процесінде өз мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін: әлсіз тарапқа қысым көрсетілуі әбден мүмкін.
Татуластыру ресми және ресми емес түрде өткізілуі де мүмкін, яғни балалары араздасып қалған ата-аналар арасында, менеджерлер мен жұмыскерлер арасында өткізілуі мүмкін.
Татуластыру аясында, оның мақсаты мен тиімділігі туралы, қоғамдағы азаматтық қатынастар бойынша туындайтын дауларды реттеудегі ерекшеліктері және кәсіби, кәсіби емес деген терминдерін қолдануға құқық туралы әрдайым көптеген пікірлер қалыптасуда.
Алғашында, ғалымдар, адвокаттар, соттар татуластыруке сенімсіздік танытқан еді, себебі олар кәсіби делдалдарды өздерінің бәсекелестері тұрғысынан көрді. Көп шетел елдерінде татуластыруті сот жүйесіне енгізу адвокаттық ынтымақтастықтар арқылы жүрді. Уақыт өте келе бұл құралды тек тәжірибедегі адвокаттар ғана емес, сонымен қатар судьялар да қолдана бастады.
Қазіргі таңда татуластыру дауларды реттеудің керекті, ыңғайлы технологиясы ретінде дауларды реттеудің бейбіт құқықтық механизмі сияқты дауларды бірлесіп шешудің үлгісі бола алатын еді. Дегенмен татуластырудың тәжірибелік енгізу кәсіби делдалдарға деген сенімсіздіктің орын алуына, әділ сот технологиясына қарсы келуіне, тараптардың көзқарастарының әртүрлілігіне байланысты көптеген кедергілерге тап болып отыр.
Бүгінгі таңда татуластыру әлемдегі дауларды сотқа дейінгі шешуде қолданылатын ең көп таралған тәсіл болып отыр. Көптеген мемлекеттер ұлттық заңнамаларына нақты енгізбегеніне қарамастан немесе жеке заң қабылдамағанына қарамастан осы дауларды реттеудің керекті жолын кеңінен қолдануда. Сондықтан, нәтижесінде, татуластыру келісімге қол жеткізеді. Шетел мемлекеттер ұлттық заңнамалар қабылдау мемлекеттердің тәжірибелеріне көбірек назар аударады. Ал осы халықаралық тәжірибе татуластыру процесін өте тиімді және келешекте перспективалық тәсілі екенін табылуыда. Татуластыру процесін сәттілігі өте жоғары. Халықаралық тәжірибеде татуластырудың бірнеше моделі қолданылады. Татуластыруті ұйымдастыру және оны өткізу тәртібі әр шетел мемлекетте әр түрлі бола береді, бірақ татуластырудың қағидалары ешқашан өзгермейді және барлығына бірдей болап келеді. Ол қағидалар: еріктілік, тараптардың теңдігі, татуластырудың бейтараптығы, құпиялық ]10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет