Судағы қалқып жүрген заттардың мөлшерімен байланысты бөлінеді: лайлылығы төмен - литырына 50 мг-ға дейін; лайлылығы орташа - литрына 50-250 мг-ға дейін; лайлы литрына 130-1 500 мг-ға дейін; лайлылығы жоғары - 1500 мг-ға дейін. Суға түстілік беретін құрамындағы гуминдік заттар мөлшеріне байланысты бөлінеді: түстілігі төмен 35-қа дейін; түстілігі орташа-35-120°-қа дейін; түстілігі жоғары - 120°-тан жоғары ҚР ҚНжЕ "Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар" құжатына сәйкес судың лайлылығының әртүрлі деңгейіне коагулянттың мөлшері литырына 25-80 мг аралығында болады.
Судағы гуминдік заттардың концентарциясы жоғары болған кезде коагуляцияны жылдамдату үшін, флокулянттар қолданады. Бұл органикалық заттар суда коллойттар түзеді және бір-біріне жабысатын бөлшектердің көлемін біршама үлкейтеді. Сумен қамтамасыз ету нәтижесінде флокулянпар ретінде жиі полиакриламид және белсенді кремний қышқылы қолданылады: қалыпты жағдайда олар теріс зарядталған, сондықтан да оларды суға коагуляция жүргізгеннен кейін қолданады.
Коагуляция үрдісі үшін шешуші рөлді коагулянттың оптималды мөлшері атқарады. Мөлшері аз болса, үлпек түзуі баяу өтеді және толық мөлдірлендіру байқалмайды, ал мөлшері көп болса, коагулянт толық бикарбонаттармен араласып, үлгермейді. Бұл жағдайда берілген реакция тұндырғыштардан кейін, тіпті сүзгіштерден, үлпек түзуден кейін де тазаланған суда оның лайлылығын аякталу мүмкін.
.
Көлденен (а) және тік (б) тұндырғыштардың сызбасы.
Көлденең тұндырғыштар тік бұрышты, ұзындығы 40-100 м болатын резервуары бар, онда судың баяу жылжуы нәтижесінде өлшенділер тұнбаға түседі. Тұндырғыштардасудың козғалыс жылдамдығы секундына 2-4 мм аралығында болуы керек. Тік тұндырғыштар түбі конус тәрізді дөңгелек резервуардан тұрады.
Радиалды тұндырғыш дөңгелек бассейн, ортасына мөлдірленген су құйылады және оның шеттеріне карай баяу козғалады. Лайлылығы жоғары суларды мөлдірлендіру үшін, салыстырмалы түрде сирек қолданады. Судан өлшенді заттарды алып тастау үшін өлшенді тұнбасы бар мөлдірлендіргіштер қолданады. Бұл жерде коагулянтпен араласқан су бұрын түзілген тұнба қабаты арқылы төменнен жоғары қарай, өтіп отырады.
Әрбір берілгеп материалды қолдану үшін денсаулық сақтау Министрінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердін жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі параметрі - сүзу жылдамдығы болып табылады, ол м/сағатпен өлшенеді. Сондықтан да сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады.