Суперхлорлаудыәдетте, эпидемия ошағында қолданады, осыдан кейін хлордың артық мөлшерін аэрациямен, хлорды гипосульфит натриймен байланыстырумен немесе активтелген кемірмен сорбциямен жоғалтады. Мұның бәрі ішер суды алуға экономикалық төлемді арттырады.
Озон-өткір сипатты иісі бар газ. Практикалық мақсат үшін оны озонаторда жасанды жолмен алады, ол әр кезде тек ауамен араласпа түрінде болады және өте әлсіз қысым түзеді. Сондықтан судағы озонның максимальды концентрациясы шектелген.
Озон өте қышқыл тотықтырғыш болып табылады, бірақ өте тұрақсыз және ыдырығанда молекулалық және атомдық оттегі түзеді: О3 -> О2+О, осылай басқа да бос радикалдар күшті тотыктырғыштар. Хлормен салыстырғанда суды озондау кезінде бактерицидті эффект тезірек дамиды. Бірақта, күштірек тотықтырғыш потенциалы болғандықтан, судың бактериялар мен органикалық қоспаларының тотығуына хлорға қарағанда озон көбірек жұмсалады.
Атомдық оттегі тек бактерияларды ғана емес, сонымен бірге спораларды, вирустарды жойып сонымен қатар судың түстілігін шакырып, оған иіс беретін судағы органикалық заттарды бұзады. Хлормен салыстырғанда, озонның залалсыздандыру әсері 15-20 ретке, ал споралық түрлеріне 600-ге дейін күштірек. Ол осылай 0,5-0,8 мг/л мөлшерде, 12 минут экспозиция жоғары вирулицидті әсері бар. Озонның жоғары әсері патогенді қарапайымдыларға әсер еткенде көрсетілген. Залалсыздандыру эффективтілігіне оперативті бақылау мүмкіндігі де оң әсер болып табылады.
Күмісті залалсыздандыру және суды консервациялау максатында қолдану бір жүз жылдыққа ғана белгілі емес, өйткені күміс иондары, тек қана бактериялардың ғана емес, сондай-ақ вирустардын да активтіліпн тежей отырып, кең спектрлі антимикробты әсерге ие болады. Әсерінің механизмі күміс иондарының клеткаға еніп, оның ферменттік жүйесін тежеуде болып табылады. Сонымен қатар, күміс қымбат реагент болып саналады, ал оның ШРЕК-і суда 0,05 мг/л құрайды. Залалсыздандырылған суды стандарт деңгейіне дейін жеткізу үлкен қиыншылықтар туғызады.